Пор-Рояль грамматикасы ежелгі грек, еврей және француз тілдері материалдары негізінде жазылған. Бірақ ол - салыстырмалы туынды емес, логика-типологиялық грамматика. Оның алға қойған мақсаты - барлық тілдерге ортақ рационалды (логикалық) негізді және олардың арасындағы өзгешеліктерді ашу.
Грамматикада 2 түрлі принцип басшылыққа алынған:
берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік болуы,
ол ережелердің логикаға негізделуі.
Универсалды грамматика 2 бөлімнен тұрады:
6 тарауға бөлінген 1-бөлімде: дыбыс пен әріп, буын, екпін мәселелері, оқуға үйрету әдісі сөз болған; 24 тараудан құралған 2-бөлімінде: морфология, синтаксис мәселелері талданған.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС #3: 19 ҒАСЫР ТІЛ БІЛІМІ
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |