Практикалық ЖҰмыс #1: Ежелгі дәуір тіл білімі


Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі( 14-16 ғасырлар )



бет13/26
Дата16.12.2021
өлшемі46,91 Kb.
#101956
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
ЛИНГВ СОЗДЕР

Қайта өркендеу дәуірі тіл білімі( 14-16 ғасырлар ).

Бұл - қоғам дамуында орта ғасырдың аяқталып, жаңа тарихтың, буржуазиялық қоғамның басталған кезеңі.

Қайта өркендеу дәуірі – озық ойдың еркін дамуына мейлінше кедергі жасаған, догмалық ережелерге сүйенген орта ғасырлық керітартпа дәстүрден, мешеу мәдениеттен шынайылықты, гуманизмді уағыздайтын жаңа дәуір мәдениетіне өту. Бұл дәуірде орта ғасырда діннің қуғынына ұшырап, елеусіз қалған көне мәдени мұраларға ерекше көңіл бөлу, оларды қайта көркейту, өрлету ұраны көтерілді.

Бұл дәуірдегі лингвисттердің негізгі мақсаты - бірінші орынға канондық тілдерді емес, әр халықтың, әр ұлттың өзіндік сөйлеу тілін, ана тілін қоюды, соны зерттеп, соның сырын ашу.

Бұл дәуірдің лингвистикалық проблемалары:

  • ұлттық тілдердің қалыптасып, дамуы;

  • бұрын белгісіз, жаңадан ашылған тілдерді үйрену, зерттеу;

  • ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой-пікірін көркейтіп, қайта дамыту;

  • орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нұсқаларын тауып, жариялау және оларға филологиялық талдаулар жасау;

  • әр түрлі халықтар тілдерінен жиналған материалдарды бір-бірімен салыстыра қара;

  • бір тілдегі сөздерді екінші тілге аудару



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет