Cross қосымшасын оқыту үрдісіне қолдану.
Мақсаты: Cross қосымшасымен танысу және кроссвордты құруды үйрену.
Cross.highcat.org - интерактивті модульдердің көмегімен оқу процесін қолдау үшін арналған Web 2.0 қосымшасы болып табылады. Бұл модуль тікелей материалдарды оқыту процесінде, сыни ойлауды дамытуда, өз бетімен жұмыс жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Онлайн-платформа білім беру мекемелерінің барлық түрлері үшін ашық: балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік-техникалық училищелер, техникумдар және т. б.
1 сурет. Cross.highcat.org қосымшасының логотипі мен сипаттамасы
1 қадам. Cross.highcat.org интерактивті модульдердің көмегімен оқу процесін қолдау үшін арналған Web 2.0 қосымшасының сайтына жүгіну. http://cross.highcat.org/ru_RU/
2 қадам. Құрылатын кроссвордтың мөлшерін таңдау, бұл қосымшада кроссвордтың өлшем бірлігі тор, яғни канша тордан тұратынын таңдау.
2 сурет. Кроссвордтың мөлшерін беру
3 қадам. Арнайы аймаққа кроссвордқа енетін сөздердің тізімін жазу (әр сөз жаңа жолға жазылуы тиіс)
3 сурет. Сөздерді енгізу аймағы
4 қадам. Создать кроссворд батырмасын басып, жаңа кроссводты алу және оны жүктеу (жүктеудің 2 түрі бар: торлар толтырылмаған Word документі ретінде немесе торларға әріптер орнымен толтырылған ретінде).
4 сурет. Кроссворд жасау батырмасы және оны жүктеу
5 қадам. Толтырылған кроссвордқа сұрақтар ойлап табу
5 сурет. Толтырылған кроссворд
Тапсырма. Мамандық бойынша мектеп оқышыларына арналған сөзжұмбақ тапсырмасын құрыңыз.
Практикалық жұмыс №9
Математика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасау (LearningApps, flippity.net және т.б.)
LearningApps қосымшасында тапсырмалар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |