16.09.2023ж
Практикалық жұмыс №3(2)
Тақырып: Барий хлоридінің кристаллогидратындағы кристалдық суды анықтау.
Мақсаты: Барий хлоридінің кристаллогидратындағы кристалдық суды анықтауды үйрету.
Керекті құрал-жабдықтар:Химиялық ыдыстар(бюкс, эксикатор), барий хлориді, аналитикалық таразы, кептіргіш шкафы.
Теориялық бөлім
Қатты заттардағы су гигроскопиялық және кристалдану болуы мүмкін.Заттардағы гигроскопиялық судың мөлшері оны ұнтақтау дәрежесіне және қоршаған ауаның ылғалдылығына байланысты әр түрлі болады.Ылғалды анықтау-бұл гигроскопиялық судың мөлшерін анықтау.
Құрамында кристалдану суы бар заттарды кристалды гидраттар деп атайды.Кейбір кристалды гидраттар құрғақ ауада сақталған кезде кристалдану суының бір бөлігін жоғалтуы мүмкін. Бұл процесс кристалдардың желденуі(выветривание) деп аталады.Басқа кристалды гидраттар керісінше ылғалды ауадан ылғалды сіңіреді.Бұл процесс кристалдардың таралуы (расплывание)деп аталады.Кристалды гидраттар өз құрамын өзгертпеуі үшін, оларды жақсы жабылған банкаларды сақтайды.
Кристалдану суының мөлшерін анықтау үшін алдын ала справочниктен белгілі заттың қандай температурада кристалдану суын жоғалтатынын білу керек.Мысалы барий хлориді BaCl2*2H2O 120-125градус С –де анықталады.
Тәжірибелік бөлім
Жұмыс барысы
1.Бюксты тұрақты салмаққа келтіру.
Алдын ала жуып кептірілген бюксты қақпағын жанына қойып 120-125градуста 30-40 минутқа кептіргіш шкафқа саламыз.Одан кейін ыстық бюксты эксикаторға 15-20 минутқа салып суытамыз.Бюксты қақпағымен бірге аналитикалық таразыда өлшеп аламыз.Екі үш рет қайталап салмағы тұрақтыға келгенше (0,0002г)қайталаймыз.
2.Тұрақты салмаққа келтірілген бюкске 2-3 гр BaCl2*2H2O аналитикалық таразыда өлшеп саламыз.
3.Бюксты қақпағын жаппай (қақпағын жәніне қойып) 1,5-2 сағатқа 120-125 градуста кептіргіш шкафқа саламыз.Температура 120-125 тен төмен болса кристалдану суы толық кетпейді.
4.Бюкстың қақпағын жауып, эксикаторда суытамыз,одан кейін таразыда өлшейміз.Осылай қайталап, суытып өлшеп бюкстағы барий хлоридімен бірге (0,0002 г ден аспағанға дейін)қайталап тұрақтылыққа келтіреміз.
Барий хлоридінің кептіргенге дейінгі өлшенуі
Бірінші кептіруден кейінгі бюкс массасы---------24,3240г
Екінші кептіруден кейінгі бюкс массасы---------24,3238г
Бюкстың тұрақты массасы---------------------------24,3238
Бюкстің барий хлоридімен массасы----------------27,0141
Барий хлоридінің массасы----------------------------2,6903
Барий хлоридінің кептіргеннен кейінгі өлшенуі
Бюкстің барий хлоридімен бірге бірінші кептіруден кейінгі---26,6172г
Бюкстің барий хлоридімен бірге екінші кептіруден кейінгі---26,6163г
Бюкстің барий хлоридімен бірге үшінші кептіруден кейінгі---26,6161г
Бюкстің барий хлоридімен тұрақты салмағы----------------------26,6161
Кристалдану суының массасы: 27,0141-26,6161=0,3980г
Кристалдану суының проценттік мөлшері:
2,6903г-да------------0,3980г су
100г да ----------------------х су х=14,79% H2O
Алынған нәтиже химиялық формула бойынша кристалдану суының теориялық мазмұнымен салыстырылады.
Молекулярлық массасы BaCl2*2H2O-----244,28г
Молекулярлық массасы H2O-------18г пропорция құрамыз
244,28г BaCl2*2H2O –да---------- 36г H2O (себебі 2H2O)
100г BaCl2*2H2O –да---------- х H2O х=14,75%
Абсолютты қатесі: 14,79% - 14,75%=0,04%
Бақылау сұрақтары:
1.Кристалды гидраттар дегеніміз не?
2. Ылғалды анықтау дегеніміз?
3. Кристалды гидраттар өз құрамын өзгертпеуі үшін қайда сақталады?
Достарыңызбен бөлісу: |