Оқулықтар кестесіне кітаптағы барлық оқулықтардың параметрлерін енгізе отырып түгел толтырсақ, онда барлық оқулықтардың орташа көлемін және орташа бағасын білуге болады. Қандайда бір сандық өрістің барлық жазбаларына қолдалынатын есептеулерді қорытынды сұраныс дейді. Қорытынды сұраныста өрістің барлық ұяшықтары бойынша орта мәннің шамасы мен мәндерінің қосындысын есептеуге, өрістегі мәліметтердің ең үлкен немесе ең кіші мәндерін табуға және басқа да қорытынды функцияны орындауға болады. Қорытынды сұраныстар да, таңдамалы сұраныстар сияқты үлгі бойынша сұраныс бланкісінің көмегімен дайындалады.
Айталық, кітапханада оқулықтың үш категориясы: Экономикалық, заң және техникалық болсын. Біздің мақсатымыз - әрбір категориядағы әдебиеттің орташа бағасын анықтайтын қорытынды есепті шығару.
1.Microsoft Access программасын іске қосыңыз (Пуск – Программы - Microsoft Access).
2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу ( Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосып, бұрын даярланған Аралық кітапханасы базасын таңдаңызда ОК батырмасын шертіңіз.
3. Аралық кітапханасы: мәліметтер базасы терезесіндегі Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда Оқулықтар кестесін таңдаңыз.
4. Конструктор таңбашасын шерту арқылы кестені жобалау режимінде ашыңыз - мұнда біз әрбір кітап қай категорияға жататыны туралы мәліметтер сақталынатын қосымша Категория өрісін құра аламыз.
5. Кестенің құрылымының басына жаңа өріс енгізіңіз. Ол үшін бірінші өрісті (Кітаптың аты) ерекшелеп алып, INSERT батырмасын басыңыз.
6. Жаңа өрістің атын енгізіңіз - Категория және оның типін анықтаңыз – мәтіндік.
7. Конструктор терезесін жабыңыз. Жабар алдында, кестенің құрылымын өзгерту қажеттілігін құптаңыз.
Оқулықтар кестесін ашып, оның әрбір категориясын мазмұнды мәліметтермен толықтырыңыз. Әрбір категориядағы басылымдардың бағасын еркіңізше қойыңыз. Кестенің басқа өрістерін толтырмай-ақ қоюыңызға болады, өйткені олар қорытынды есептеулер жүргізгенде қатыспайды.
Оқулықтар кестесін жабыңыз.
Аралық кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз.
Конструктор режіміндегі сұранысты құру белгісін екі рет шертіңіз. Ашылған Кестелерді қосу (Добавление таблицы) терезесінен Оқулықтар кестесін таңдаңыз, соның негізінде қорытынды сұраныс дайындалады. Кестелерді қосу терезесін жабыңыз.
Оқулықтар кестесінің үлгісі бойынша сұраныс белгісіне келесі өрістерді енгізіңіз: Категория, Кітаптың аты және Бағасы.
Бағасы өрісі үшін өсуі бойынша сұрыптауды қосыңыз.
Microsoft Access аспабтар панелінен Топтық амалдар батырмасын немесе меню жолын (Вид – Групповые операции) қолданыңыз. Бұл команда бланкінің төменгі бөлігінде Топтық амалдар (Групповые операции) жолын шығарып алу үшін қажет. Соның негізінде қорытынды есептеулер даярланады. Сұраныс үшін іріктелініп алынған барлық өрістердің осы жолына Топтау (Группировка) мәні енгізіледі.
Топтау жүргізілетін өріс үшін (Категория) Топтық амалдар (Групповые операции) Жолында Топтау мәнін қалдырыңыз. Басқа өрістердің осы жолына қорытынды функцияларды енгізуге болады. Ол үшін осы жолда тышқанның батырмасын шерту арқылы ашылатын тізімді алуға болады. Соның ішінен осы өрістегі мәндерге қолданылатын қорытынды функцияны таңдаймыз.
Бағасы өрісіне басылымдардың орта құнын анықтап беретін Avg қорытынды функциясын енгізіңіз.
Кітаптың аты өрісіне Count қорытынды функциясын тағайындаңыз.
Count функциясы - топқа кіретін жалпы жазбалар санын анықтайды.
Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жауып, оны Кітаптардың орта құны деген атпен
сақтап қойыңыз. Дайын болған сұранысты іске қосып, дұрыстығын тексеріп көріңіз.
Мәліметтер базасының барлық обьектілерін жабыңыз. Microsoft Access программасын
жабыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |