Практикалық жұмыс №7
MS ACCESS 98
Тақырыбы: Алғашқы қалыпты даярлау
Microsoft Access программасын іске қосыңыз. Открыть базу данных ауыстырып-қосқышын қосып, Отырар кітапханасы базасын таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Оқырмандар кестесін ашыңыз.
Ол кестеге келесі өрістерді қосыңыздар:
өріс атауы өріс типі
туған жылы мерзім\уақыты
мекен-жайы мәтіндік
телефоны мәтіндік
білімі мәтіндік
Жаңа өрістерге қажетті жазба мөлшерін енгізіңіз.
Access-тің негізгі терезесіне қайта оралыңыз. Кестелер тізімінен Оқырмандар кестесін ерекшелеңіз де, аспаптар панеліндегі Жаңа объект (Новый объект) батырмасын басңыз. Тізімінен Автоформа объектісін таңдап алыңыз. Нәтижесінде автоматты түрде құрылған және енгізу үшін ашулы тұрған форма аламыз.
Форма конструктор режимінде ашыңыз. Бағасы басқару элементтерін ерекшелеп алып, оларды өшіріп тастаңыз.
Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Кітаптың нөмірі, Туған жылы, Мекен-жайы, Телефоны, білімі басқару элементтерін жаңа орынға орналастырыңыз.
ФайлСохранить командасын орындап сақтаңыз.
Пайда болған Сохранить сұхбат терезесіндегі Форманың атын енгізу өрісіне Оқырманның кітапшасы деп көрсетіңіз.
Форма терезесін жабыңыз.
Формалар тізімін алу үшін База данных терезесіндегі Формы таңбашасын шертіңіз. Осы тізімде Оқырманның кітапшасы деген бірінші қалып пайда болады.
Microsoft Access программасын жабыңыз.
№8 лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Кестелермен, сұраныстармен жұмыс істеу.
Жұмыстың мақсаты: Access-те кестелер мен сұраныстармен жұмыс істеуді үйрену.
Тапсырма 1:
“Аралық” университеті кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәлімет көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.
Жұмыстың орындалу технологиясы:
Microsoft Access программасын іске қосыңыз.
Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
Жаңа мәліметтер базасының файлы (Файл новой базы данных) терезесінде Мои документы папкасын таңдап алып, файлға Аралық кітапханасы деп ат беріңіз. Файл типі ретінде Microsoft Access мәліметтер базасы алынғанын көресіз. құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Аралық кітапханасы мәліметтер базасының терезесі ашылады.
Кестелер панелін ашыңыз.
Конструктор режимінде кесте құру белгісіне екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.
Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:
өріс атауы өріс типі
оқырманның аты-жөні мәтіндік
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
кітаптың нөмірі мәтіндік
кітап алған уақыты мерзім/уақыт
бағасы қаржылық
Кітаптың нөмірі өрісі мәтіндік өріс екеніне көңіл аударыңыз, өйткені олардың сандық мағынасы жоқ. Кітап нөмірлерін бір-біріне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.
Болашақ Оқулықтар кестесімен байланыс орнату үшін түйінді өріс беруіміз қажет. Кітаптың аты өрісін қайталанбайтын өріс ретіндетаңдап алуымызға болады. Бірақ өте үлкен мәліметтер базасында аттары бірдей әр түрлі кітаптар кездесуі мүмкін. Сондықтан біз Кітаптың аты және кітаптың авторы өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңызы. Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан Түйінді өріс (ключевое поле) бөлімін таңдаңыз.
Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге Оқырмандар деп ат беріңіз.
5-9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:
өріс атауы өріс типі
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
баспасы мәтіндік
шыққан жылы мерзім/уақыт
кітаптың нөмірі мәтіндік
көлемі сандық
бағасы қаржылық
Көлем өрісін шертіңіз. Бланкінің төменгі бөлігінде ондық белгілер саны 0-ге тең қасиетін беріңіз.
Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады –берілген тапсырмада ол талап етілмейді.
Аралық кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгізіңіз. Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.
Тапсырма 2:
Кестеаралық байланыстарды құру.
Орындау технологиясы:
Microsoft Access программасын іске қосыңыз.
Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Аралық кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Аралық кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестелерінің таңбашалары барына көзіңізді жеткізіңіз.
Аспаптар панелінен Мәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис-Мәліметтер схемасы. Мәліметтер схемасы терезесін ашу үшін осы тәсілдерің кез-келгенін қолданыңыз. Осы терезенің ашылуымен қатар бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.
Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерін таңдаңыз –Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері шылады.
SHIFT пернесін басып тұрып Оқырмандар кестесінен екі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты және Кітаптың авторы.
Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.
Байланысты өзгерту (Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерін таңдаңыз.
Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесін жауып, Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінен пайда болған байланысты көріңіз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкіндік беретін жанама меню ашылады.
Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.
Тапсырма: 3.
Таңдамаға сұранысты құру
Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспйтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.
Microsoft Access программасын іске қосыңыз.
Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Откырть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткепн сабақта құрылған Аралық кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Аралық кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс(Запрос) панелін ашыңыз. Конструктр режимінде сұранысты құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгісін екі рет шертіңіз, сонда үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.
Кесте құру терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.
Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қортынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Клемі, Бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.
Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің сұрыптау шарты(Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонда кестеден көлемі 500-ден аспайтын кітаптар іріктеліп алынады.
Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. сәйкес жолға <150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана іріктеліп алынады.
Үлгі бойынша Сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.
Аралық кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қортынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы № 8.2 зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесіне енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес кемесе және ашылған қортынды кестеде бірде-бір мәләметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толықтырыңыздар.
Зерттеу аяқталған соң ашық объектілердің барлығын жауып Microsoft Access программасын жабыңыз.
150>
Достарыңызбен бөлісу: |