Практикалық жұмыс
ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ЖАСАУ
Тапсырма №1.
Бірнеше педагогикалық (биологияны оқыту әдістемесі бойынша) тақырыптар қатарынынан өзіңізге ұнаған тақырыпты таңдаңыз.
Биологиялық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі
Биологиялық ұғымдарды қалыптастырудың тиімді әдістері
Биологиялық білім беруде моделдеу әдісін қолдану әдістемесі
Оқушылардың табиғи жағдайда өсімдіктерді бақылау және тәжірибе жасау жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Биологиялық білім беруде құндылықтарға бағдарланған тәсілді қолдану әдістемесі
Зерттеу тәсілін биология сабақтарында қолдану әдістемесі
Биологиялық иллюстрация және олармен жұмыс iстеу әдiстерi
Биология сабақтарында оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту
Биология пәні бойынша критериалды бағалау тапсырмаларын құрастыру және қолдану әдісі
Қашықтықтан оқыту жағдайында биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі.
Оқушылардың географиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту
«Географиялық зерттеу әдістері» бөлімін оқытудың тиімді әдістері
Тапсырма№ 2
Тақырыпты таңдау себебін негіздеңіз. Яғни өзектілігін, маңыздылығын жазыңыз
Тапсырма № 3
Таңдаған тақырып бойынша ғылыми аппаратын жазыңыз
Тапсырма №4
Тақырыпқа байланысты интертент желісін пайдалана отырып, әдебиеттер тізімін төмендегі ережеге сәйкес жасаңыз.
Ескерту:
Тізімді дұрыс жасаңыздар, келесі сабақта осы тізімдегі әдебиеттер бойынша шолу жұмысын жүргіземіз.
Әдебиеттер тізімін жасау. Жоспардың әр бөлімдерінің (тақырыпшалар) тұсына әдебиеттерге сәйкес реттілік нөмірін көрсету. Әдебиеттер құрамы кемі 8-10 және түрлі бағытта болуы қажет (оқу, ғылыми, ғылыми-көпшілік, энциклопедиялық). Әдебиеттер тізімі алфавиттік негізде жазылады.
Сілтеме құрылымы: автор, жұмыс атауы, қала, баспа, шыққан жылы, бет саны.
Мысал:
Кітапқа сілтеме: Нерсесянц В.С. Философия права: Учебник для вузов. – М.: Издательская группа ИНФРА-М – НОРМА, 1997. – 652 с.
Журналға сілтеме: Черниловский З.М. Гражданское общество: опыт исследования // Советское государство и право. – 1992. – № 6. – С. 151.
Газет мақаласына сілтеме: Шулембаева Р. ЕС расширяет рамки // Казахстанская правда. – 2003. – 13 декабря.
Интернет желісінен алынған әдебиеттке сілтеме:
Достарыңызбен бөлісу: |