Тақырыбы: Комбинаториканың элементтері
Мақсаты: Студенттердің комбинаториканың элементтері тақырыбынан алған білімдерін тәжірибе барысында қолдана алуға дағдыландыру
1. 99 студенттің 5-і ағылшын тілін оқиды, 33-і неміс тілін оқиды, 22-і француз тілін оқиды, 7-і ағылшын және неміс тілідерін оқиды, 11-і ағылшын және француз тілідерін оқиды, 9-ы неміс және француз тілідерін оқиды. 5 студент осы үш тілді де оқиды. Неше студент бір ғана тіл оқиды?
2. Таудың төбесіне апаратын жеті жол бар. Турист таудың төбесіне неше тәсілмен көтеріліп-түсе алады?
3. Егер әр сұраққа «иә» немесе «жоқ» жауаптары берілетін болса, онда сегіз сұраққа берілетін жауаптардың әртүрлі неше комбинациясы болуы мүмкін?
4. «Математика» сөзінде үш рет «а» әрпі қатарынан келетіндей етіп, әріптерді неше тәсілмен алмастыруға болады?
5. 12 мейманды 12 әртүрлі орындыққа неше тәсілмен отырғызуға болады?
6. 12 ер адамнан және 8 әйел адамнан тұратын топтан 3 ер адамнан және 4 әйел адамнан болатындай комиссияны неше тәсілмен құруға болады?
7. 12 ақ түсті және 12 қара түсті дойбы тастарын, тақтаның қара түсті 32 торына неше тәсілмен қойып шығуға болады?
8. 0,1,2,3,4,5,6,7 цифрларынан және әрбір санда олардың әрқайсысын бір реттен артық пайдаланбай, барлығы неше төрт таңбалы сан құруға болады,?
9. 2,4,6,7,9 цифрларынан неше үш таңбалы сан құрылуы мүмкін, егер санның жазылуында: а) цифрлар қайталанса; б) цифрлар қайталанбаса?
10. 0,1,2,3,4 цифрларынан, бір санның жазылуында оларды бір ғана рет пайдалану керек деген шартты ескеріп, неше бес таңбалы сан құруға болады?