Практикалық сабақ № 15 (2 сағат) Тақырыбы: Геометрияның элементтері. Мақсаты: Студенттердің геометрияның элементтері тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау, геометриялық салулар мен есептерді шығара білуге үйрету.
Тапсырмалар: 1. Геометрияның негізгі ұғымдарын атаңыз.
2. Сызып көрсетіңіз: а) Түзуді, қисық және сынық сызықтарды. Оларды салыстырыңыз. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?; б) Тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтарды. Оларды салыстырыңыз. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?; в) Тұйықталған және тұйықталмаған сынық сызықтарды. Оларды салыстырыңыз. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?.
3. Кескіндеп көрсетіңіз: сүйір, доғал, тік және жазыңқы бұрышты; вертикаль және сыбайлас бұрыштарды; центрлік және іштей сызылған бұрышты.
4. Берілген бұрыштың шамасы 32º. а) Онымен сыбайлас бұрыштың шамасын табыңыз; б) Осы сыбайлас екі бұрыштың шамаларының қосындысын табыңыз.
5. Қиылысатын екі түзу жүргізіңіз. Сонда қандай бұрыштар шық-ты? Сыбайлас бұрыштардың парларын жазып көрсетіңіз. Вертикаль бұрыштардың парларын жазып көрсетіңіз.
6. Жазық көпбұрыштарды: үшбұрышты; төртбұрышты; бесбұрышты; алтыбұрышты кескіндеп көрсетіңіз.
7. а) Үшбұрышты кескіндеп көрсетіңіз және оның барлық биіктіктерін жүргізіңіз; б) Үшбұрышты кескіндеп көрсетіңіз және оның бар-лық медианаларын жүргізіңіз; в) Үшбұрышты кескіндеп көрсетіңіз және оның барлық биссектрисаларын жүргізіңіз; г) Үшбұрышты кескіндеп көрсетіңіз және оның барлық орта сызықтарын жүргізіңіз.
8. а) Үшбұрышты кескіндеп көрсетіңіз және тексеріңіз, «оның бұрыштарының қосындысы 180º-қа тең»; б) Үшбұрышты кескіндеп көрсетіңіз және тексеріңіз, «оның екі қабырғасының қосындысы үшінші қабырғасынан артық болады».
9. а) Кескіндеп көрсетіңіз: сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрышты; б) Кескіндеп көрсетіңіз: қабырғалары әртүрлі, тең бүйірлі, тең қабырғалы үшбұрышты.
10. а) Шаршыны кескіндеп көрсетіңіз. Оның қасиеттерін тұжырым-дап беріңіз; б) Тік төртбұрышты кескіндеп көрсетіңіз. Оның қасиет-терін тұжырымдап беріңіз.