Байланысты: Практикалық жұмыс. «Кіші мектеп жасындағы балалардың жаңартылған математикалық білім негіздері» (2)
Практикалық сабақ № 3 (2 сағат) Тақырыбы: Ықтималдықтар теориясының элементтері
Мақсаты: Студенттердің ықтималдықтар теориясының элементтері тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау
Тапсырмалар:
1. Француз табиғат бақылаушысы Бюффон монетаны 4040 рет лақтырып тәжірибе жасағанда, оның Герб белгісі 2048 жағдайда түсті. Оқиғаның, яғни осы экспериментте «герб бетінің түсу» жиілігін есептеп шығарыңыз.
2. Сары бұршақты будандастыру тәжірибесі 34153 рет жүргізілді. Сонда 8506 жағдайда жасыл бұршақ өсті. Осы экспериментте «жасыл бұршақ өсу» оқиғасының жиілігін есептеп шығарыңыз.
3. Колодадан кез келген бір карта жорамалдап алынды. Осы карта-ның тұз болуы А оқиға, ал червидің тұзы болуы В оқиға. Мынадай оқиғалардың нені білдіретінен түсіндіріңіз: а) А В оқиға?; б) А∩В оқиға?
4. Ойын сүйегі лақтырылды. А оқиға – жұп санның шығуы, В оқиға – төрттің шығуы, С оқиға – екіден артық санның шығуы. Мынадай оқиғалардың нені білдіретінен түсіндіріңіз: а) А В С оқиға. б) А∩В∩С оқиға.
5. Ойын сүйегі лақтырылды. Оның жақтарының түсуі сәйкесінше А, В, С, D, E, F – оқиғалар болып табылады. Жазу тура ма, тексеріңіз:
а) A B C D E F=U; б) A∩B∩C∩D∩E∩F=V.
6. Сыныпта 25 оқушы бар. Олардың ішіндегі 10 адам математика үйірмесіне қатысады. Кез келген оқушыны жорамалдап таңдап алғанда, оның математика үйірмесінің мүшесі болу ықтималдығы қандай?