Үй жағдайындаорындалатын тәжірибелер №1 тәжірибе.Стақанмен орындалатын тәжірибе. Керекті құрал-жабдықтар: Су, стақан, бір парақ қағаз (А4) Жұмыстың барысы:
Бос тұрған стақанға су құямыз.
Стақан үстіне бір парақ қағазды (А4) қоямыз.
Стақанды төңкеріп, қолымызды алатын болсақ стақандағы судың төгілмейтінін байқаймыз.
Шай қалташасының үстіңгі бөлігін кесіп алып, ішіндегі шай түйіршіктерінен босатамыз.
Шай қалташасын тігінен қойып, шырпының көмегімен жағамыз. Осы сәтте шай қалташасы толығымен жанып жоғары қарай көтеріліп ауада ұшқанын көреміз.
№3 тәжірибе.Бөтелке ішіндегі жұмыртқа
Керекті құрал-жабдықтар:бөтелке, қайнаған су, жұмыртқа (піскен)
Жұмыстың барысы:
Бөтелкеге қайнаған суды құйып, жұмыртқаны қоямыз. Біраз уақыттан кейін жұмыртқаның бөтелкеге кіргенін көреміз.
Ыстық судың орнына шырпымен қағазды жағып салуға болады.
Қорытынды Үй жағдайында орындалатын тәжірибелер физикалық оқу экспериментінің біріне жатады. Үй жағдайында орындалатын тәжірибелердің білімділік және тәрбиелік маңызы күшті: физика мен техникаға қызығушылық артады; физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсіндіреді; айналамыздағы физикалық құбылыстардың мән-маңызын ұғындырады. Мұның бәрі физикалық білімдерді мен ебдейліктері қарқынды дамытуға ықпал жасайды, физиканы тереңдетіп және кеңейтіп оқуға ұмтылдырады.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы білім саласына қойылатын талаптар мен мақсаттардың артуыны әкеліп соқтырды. Физика эксперименттік ғылым ретінде қоғамға қосар үлесі зор екендігі және білім алушыға физика курсында эксперименттің қаншалықты маңызды екендігі зерттеу барысында түсіндірілді.