Um=(i/2)kTNA=(i/2)RT (8.2)
Газдың таңдап алынған m массасы үшін ішкі энергия:
Um=( m/m)(i/2)RT =n( i/2)RT (8.3)
мұндағы m-заттың молярлық массасы, n-мольдер санын көрсететін зат мөлшері.
Ішкі энергия (U) негізінен екі түрлі процестің: дененің жұмыс A істеуі мен денеге берілген жылу мөлшерінің Q есебінен өзгереді. Бір денеден екінші денеге энергияның берілуіне әкелетін макроскопиялық процестердің жиынтығы жылу берілу деп аталады
18-билет. Электростатика
Электрстатика
Электрстатика — физиканың инерциялық санақ жүйесімен салыстырғанда қозғалмайтын электр зарядтарының өзара әсерін және олардың тепе-теңдік шартын қарастыратын саласы.
Тыныштықта тұрған электр зарядтарының өрісін электрстатикалық өріс деп, ал сол зарядтардың өзара әсер күшін электрстатикалық күш деп атайды. Электрстатиканың негізіне Кулон заңы алынады. Электрстатикалық күш потенциалдық күшке жатады. Сондықтан электрстатикалық өрістің күштік сипаттамасы – кернеулікпен (Е) қатар, сол өрістің энергетикалық сипаттамасы – потенциал да пайдаланылады. Электрстатикалық заңдары электр аппараттарында, электронды оптикалық приборларда, зарядты бөлшек үдеткіштерінде, т.б. приборлар мен құрылғыларда кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |