Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет51/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. ДНҚ молекуласы бір тізбегінде азоттық негіздер келесідей орналасқан:
А, Г, А, Г, А, Г, А, Г;
А, Г, Ц, Т, А, Г, Ц, Т;
Ц, Ц, Г, А, Т, А, Ц, Г.
Авторепродукция кезеңдерін үш түрлі график түрінде көрсетіңіз:
1) қос тізбекті ДНҚ молекуласындағы азоттық негіздердің орналасу моделін;
2) бастапқы тізбекті ажырауынан пайда болған екі бір тізбекті нуклеотидтердің орналасу моделін;
3) комплементарлы тізбектердің пайда болуы негізінде екі қос тізбекті молекуланың моделін жасау.
2. ДНҚ молекуласының бөлігі төмендегі көрсетілген азотты негіздерден тұрады:
а) б)
______________ ______________
| | | | | | | |
А Г Ц Т Ц Г Ц А
׃ ׃ ׃ ׃ ׃ ׃ ׃ ׃
Т Ц Г А Г Ц Г Т
| | | | | | | |

Ұсынылған экспериментте ДНҚ авторепродукциясы белгілінген нуклеотидтер ортасында өтеді, азоттық негіздерде радиобелсенді көмірсулар (А*, Г*, Ц*, Т*) болады. Жас жаңа молекулаларды белгілеген нуклеотидтер ортасында қайта қалдырады, олар екінші генерация алады. Бастапқы ДНҚ молекуласының құрылысын (радиобелсенді көміртекпен белгіленбеген), бірінші және екінші генерациялардың графикті құрылысын бейнелеңіздер. Қай генерацияда толығынан белгіленген нуклеотидтерден тұратын молекулалар пайда болады.




5.3 Ақпараттық РНҚ-ның (а-РНҚ) матрицалық синтезінінің графигін модельдеу
Модельдеу құбылысын талдау мысалдары.
Жасушалар өздерінің ерекше қызметтерін орындау кезінде (митоздың интерфазасы) ДНҚ-да ақпараттық РНҚ молекулалары пайда болады, ол ақуыз синтезінде матрица (қалпақ) рөлін (оны матрицалық РНҚ деп те атайды) атқарады. Хромосоманың ядросында пайда болған бұл молекулалар цитоплазмаға түсіп ақуыз биосинтезіне қатысады. а-РНҚ төрт нуклеотидтер түрінен тұратын полимер:

Ф – Р; Ф – Р; Ф – Р; Ф – Р


| | | |
А Г Ц У

а-РНҚ молекулаларында нуклеотидтер бір тізбек құрайды (ДНҚ молекуласының қос тізбегіне қарағанда). Жалпы а-РНҚ молекуласы жүздеген нуклеотидтерден тұрады. Бұл молекулалар құрылыстарының ортақ болуына қарамастан оларда азотты негіздердің кезектесуінде айырмашылық болады.


Модельдеу әдісі детальдарына көңіл бөлмей ақпараттық РНҚ синтезінде ДНҚ-ның рөлін қарастыруға мүмкіндік береді.
А-РНҚ молекула синтезінде ДНҚ молекуласының құрылымды гендер деп аталатын бөліктері қатысады. Ген әдетте мыңнан артық нуклеотидтерден (орташа 1500) тұрады. Геннің әрқайсысы белгілі бір нуклеотидтер синтезін анықтайтын матрица (шаблон, штамп) рөлін атқарады. Әрбір ген жеке бір а-РНҚ молекуласын синтездейді. Әртүрлі гендер а-РНҚ-ның түрліше молекулаларын синтездеу марицасы қызметін атқарады.

Матрицалық синтез келесідей модель арқылы көрсетіле алады: ДНҚ молекуласының екі тізбегі белгілі құрылымдық ген аймағында екі сыңар тізбек құра отырып ажырайды. Олардың бірі а-РНҚ синтезінің матрицасы болады. Екіншісі бұл үдеріске қатыспайды. Ажырау барысында матрицалық ДНҚ тізбегі комплементарлы рибонуклеотидтерді жалғастырып алады. Мұнда комплементарлы жұптар Г-Ц, Ц-Г, Т-А, А-У (ДНҚ авторепродукциясынан айырмашылығы а-РНҚ синтезінде тиминнің орнына урацил комплементарлы).


Комплементарлы қатаң түрде синтезделетін а-РНҚ-да нуклеотидтердің орналасу тәртібін анықтайды. А-РНҚ матрицадан бөлініп ядродан цитоплазмаға түседі. Төменде ДНҚ-ның матрицалық синтезінің моделі көрсетілген:
ДНҚ Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – …
матрицалық | | | |
нуклеотидтері Г Ц Т А
׃ ׃ ׃ ׃
а-РНҚ Ц Г А У
нуклеотидтері | | | |
Ф – Р – Ф – Р – Ф – Р – Ф – Р – …




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет