Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет52/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. а-РНҚ-ның синтезінде матрица болатын құрылымдық гендердің полинуклеотидті тізбегінің бөлігі төмендегі нуклеотидтер қатарынан тұрады:

а) Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д …


| | | | | | |
А Г Ц Т А Г Ц

б) Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д …


| | | | | | |
Т А Т А Т А Т

в) Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д – Ф – Д …


| | | | | | |
Ц Г Г Т А Ц Г

Бұл матрицаларда синтезделінетін а-РНҚ молекуласының бөліктерінде орналасқан нуклеотидтер тізбегін графикті түрде көрсетіңіз.


2. Матрицалық тізбектерде комплементарлы құрылымды гендердің полинуклеотидті тізбектері келесідей көрсетілген азоттық негіздер қатарынан тұрады.
а) ______________________
| | | | | | | |
А Г Ц Т А Г Ц Т ...
б) ______________________
| | | | | | | |
Т Ц Г А Т Ц Г А ...
в) _______________________
| | | | | | | |
Ц А А Т Г А Ц Г …

А-РНҚ молекулаларында синтезделінетін азоттық негіздер қатарын графикті түрде көрсетіңіз.




5.4 Ақуыз биосинтезін ген арқылы бақылау
Ақуыздың алғашқы құрылымын модельдеу
Модельдеу құбылыстарын талдау мысалдары. Ақуыздар организмнің тіршілігінде маңызды рөль атқаратын органикалық қосылыстардың үлкен тобы. Олар цитоплазма, ядро және жасуша органоидтарының құрамына кіреді. Ақуыз-ферменттер биохимиялық үдерістердің катализаторы болады. Жиырылатын бұлшық ет ақуыздары қимылдатады. Ақуыз-антиденелер организмді инфекциядан қорғайды.
Ақуыздардың көп түрлі болуына қарамастан олардың молекулаларының құрылысы бірдей болады. Нуклеин қышқылдары тәрізді олар сызықты полимерлер, бірақ олардың мономерлері нуклеотидтер емес амин қышқылдарының қалдықтары. Ақуыздар молекулаларының құрамына 20 түрлі амин қышқылдары кіреді (олардың атаулары мен шартты белгілері төменде көрсетілген).

Ақуыз құрамына кіретін амин қышқылдары, олардың шартты белгілері





Аланин (ала)

Лейцин (лей)

Аргинин (арг)

Лизин (лиз)

Аспарагин (асн)

Метионин (мет)

Аспарагин қышқылы (асп)

Пролин (про)

Валин (вал)

Серин (сер)

Гистидин (гис)

Тирозин (тир)

Глицин (гли)

Треонин (тре)

Глутамин (глн)

Триптофан (три)

Глутамин қыщқылы (глу)

Фенилаланин (фен)

Изолейцин (иле)

Цистеин (цис)

Амин қышқылдары бір-бірімен пептидтік байланыспен байланысқан. Көптеген амин қышқылдар белгілі бір ретпен кезектесуінен полипептидтік тізбек пайда болады. Ақуыз молекуласы бір-бірімен байланысқан бір немесе бірнеше полипептидті тізбектерден пайда болады. Ақуыздардың әрқайсысы белгілі бір амин қышқылдарының қалдығымен ерекшеленеді, ол ақуыздың қасиетін анықтайды. Амин қышқылдарының реттілігі немесе орналасу тәртібі ақуыздың алғашқы құрылымы деп аталады.


Алғашқы құрылым әртүрлі әдістермен модельденуі мүмкін. Ақуыз биоинтезін ген арқылы бақылау құбылысын түсіну үшін модельдеудің қарапайым түрін қолдануға болады. Мұнда ақуыздың полипептидті тізбегіндегі амин қышқылдар қалдықтарының реттілігі шартты белгілермен тізбектер түрінде белгіленеді.

Мысалы, 1 2 3 4 5


гли - фен – мет – тир – гис . . . . . . . . . . . . . . . .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет