Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет55/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. ДНҚ молекуласының бір мономеріндегі (тізбегіндегі) нуклеотидтер қатары берілген:
а) ЦГТ, ААТ, ЦГТ, ГАТ, ЦАГ, ГАЦ, АЦА;...
б) ГТГ, ЦЦЦ, АГЦ, АТТ, ААЦ, ЦЦГ;...
в) АГЦ, ЦЦГ, ГГТ, ААЦ, ТТА, АЦГ;...
г) ТАГ, ААЦ, ТАА, ГАТ, АЦГ, ЦАТ;...
д) АГТ, АЦГ, ГАЦ, ЦТЦ, ГАТ, ГЦА;...
е) ТГА, ЦЦА, ТАГ, ТЦА, АГЦ, ТАЦ;.
Комплементарлы ережесін пайдаланып ДНҚ-ның екінші мономеріндегі нуклеотидтер қатарын жинастырыңдар.
2. Геннің бір локусының құрылысы берілген:
а) ГГЦ, ГЦТ, ЦАА, ААТ, ЦГЦ;
б) ЦГЦ, АТГ, ТТТ, ГЦГ, ТАГ, АТА;
в) ТАА, ЦАА, ТАГ, ААЦ, АЦГ, ТЦА;
г) ТГГ, АГЦ, ГЦЦ, АЦГ, ТТА, ЦЦГ;
д) АГЦ, ТТА, ЦЦЦ, ГТГ, ЦАА, ГАТ;
е) ЦГТ, ГАЦ, ЦГТ, ААТ, ЦАГ,ЦГТ.
Осы нуклеотидтер қатарын пайдаланып, ген орналасқан ДНҚ молекуласының және оның жанында синтезделетін а-РНҚ-ның моделін көрсетіңдер. а-РНҚ-дағы нуклеотидтер қандай амин қышқылдарының коды ретінде пайдаланылады?
3. а-РНК-да келесі кодондар бар:
ААУ, ААА, ААЦ, ЦЦА, ЦУА, ЦЦЦ, ГУЦ, ГУГ, ГГГ, УУА, УЦГ. Осы кодондармен қандай амин қышқылдары кодталады? Осындай кодондары бар а-РНҚ -дан синтезделетін ДНҚ молекуласының құрылысы қандай?
4. Ақуыздың құрамында 450 амин қышқылы бар. Егер ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орташа арақашықтары 3,4 А0 болса, осы ақуыздың синтезін бақылайтын геннің ұзындығы (мөлшері) қандай?
5. Рибосомада ақуыздың синтезі өтуі үшін а-РНҚ-ғы мына кодондарға: УЦГ, УУУ, АГГ, АУГ, ЦГЦ, ЦЦЦ, ААУ ... т-РНҚ-ның антикодон бөлігінде қандай триплеттер сәйкес болуы керек? Бұл т-РНК-лар қандай амин қышқылдарын рибосомаға тасымалдау керек?
6. Төменгі берілген геннің құрамындағы нуклеотидтер қатарын пайдаланып, ақуыз синтезінде орын алатын транскрипция және трансляция үдерістерінің моделін көрсетіңіздер:
а) А А А Ц Ц Ц Т Т Т Г Г Г
б) Г Г А Т Ц А Т А Г Г Ц А
в) Т Г Ц Т А Ц А Ц А Г Г А
г) Т Т Т Г Г Г А А А Ц Ц Ц
д) Т Ц А Ц Т Т Ц А Т Г Т А
е) А Г Ц Ц Т Ц А Г Г А Т Т
7. т-РНҚ-ның ұзындығы 260 А0, құрамы 70 нуклеотидтен тұрады. Сонда екі нуклеотидтің арақашықтығы неше ангстремге тең. Ал егер рибосомалық РНҚ (р-РНҚ) 4000 нуклеотидтен тұрса, осы молекуланың ұзындығы қандай?
8. Ірі қараның эритроциттеріндегі гемоглобин екі тізбектен тұрады – альфа және бета (Нва, Нвв). Альфа гемоглобиннің құрамындағы алғашқы амин қышқылдарының қатары мынадай: Нва – вал – тре- ала – фен – три – гли – лиз – вал – лиз – вал – асп – амин қышқылдарынан басталады. Нва – 141, Нвв –145 амин қышқылдарынан тұрады.
Нва және Нвв – тізбектерінің амин қышқылдарын кодтайтын а-РНҚ-дағы кодондардың қатары қандай? Геннің құрылысын анықтаңдар.
9. Қой сүтінде А және В каппа – казеиндер (СnА, СnВ) екі амин қышқылдарымен ажырасады. Төменде осы белоктардың алғашқы он амин қышқылының қатары берілген.
СnВ: мет – ар – лиз – сер – илей – лей – лей – вал – вал – тре...
СnВ – мет – арг – лиз – сер – фен – фен – лей + вал + вал – тре...
Осы ақуыздар синтезінің және трансляция транскрипция сатыларының моделін жасаңдар және т-РНҚ-дың жоғарыдағы амин қышқылдарды рибосомға тасымалдау схемасын беріңдер.
10. Рибонуклеаза ферментінің бір бөлігі мына амин қышқылдарынан тұрады: глун – гли – асп – про – тир – вал – про – вал – гис – фен – асп – ала – сер – вал...
Осы ақуыз полипептидінің синтезін бақылайтын геннің локусын, бұл аминқышқылдары тасымалдайтын т-РНҚ-дың антикодондық және акцепторлық бөліктеріндегі кодондарын анықтаңдар.
11. Гендердің нуклеотидтік құрылысы тұрақтылық ережесіне бағынуы керек. Бірақ, онтогенезде әр түрлі мутагендердің әсерінен ген құрамындағы нуклеотидтердің кейбіреулері бір-бірімен орын ауыстыра, тізбектен түсіп қалу немесе жаңа нуклеотидтерді қосып алады. Төменде берілген алты геннің алғашқы құрылысы арқылы транскрипция және трансляция құбылыстарының моделін беріңдер.
1) Г Т А Т А Ц Г Г А Т А...
2) Т Г Г А Ц Г Ц Ц Т А Т Ц...
3) Ц А Г Г Ц А Ц Ц Т Г А Т...
4) А Т А Г Ц А Т Ц Г А Ц Ц Ц Ц А Т...
5) Г А Т Т Ц Г А Г Г Т Г А Г Ц Т Г...
6)Ц Г Р А Ц Г А А А Т Г Г Ц Ц Т А...
Осы гендердегі кездесетін үш түрлі мутацияны қарастырыңдар:
1. Егер гендердегі 5-6 нуклеотидтер түсіп қалса синтезделген ақуыздың құрамында қандай өзгерістер болмақ?
2. Егер 5 және 6 нуклеотидтердің арасына жаңадан екі нуклеотид А және Ц қосылса ше?
3. Егер 5-6 нуклеотидтер 10-11 нуклеотидтермен орындарын ауыстырса қандай нәтиже болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет