Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет56/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Бақылау сұрақтары
1 Молекулалық генетика пәні.
2 Хромосомалар құрамына қандай заттар топтары кіреді?
3 Қандай заттар тұқымқуалаушылық құбылысын анықтайды?
4 Нуклеин қышқылдарының құрылысын графикті модельдеу арқылы нені түсінуге болады?
5 Нуклеин қышқылдарының түрлері.
6 РНҚ сипаттамасы.
7 ДНҚ сипаттамасы.
8 Азотты негіздер.
9 Нуклеотидтердің құрылысы.
10 РНҚ құрылысының моделін көрсету.
11 Әртүрлі РНҚ-дың арасында қандай айырмашылық бар?
12 Азоттық негіз-рибозо-фосфат түзу сызықпен көрсетілген РНҚ-ның қарапайым моделін көрсетіңіз.
13 ДНҚ нуклеотидтері құрылысының РНҚ нуклеотидтерінен айырмашылығы.
14 ДНҚ молекуласы бөлігінің жазылған күй түріндегі моделін көрсетіңіз
15 ДНҚ молекуласының негізі неден құралған?
16 ДНҚ молекуласының «Баспалдақ сатылары» неден тұрады?
17 Азотты негіздердің комплементарлық ережесінің мәні неде?
18 ДНҚ молекуласының әрқайсысында қайталанбайтын ерекшеліктерді не береді?
19 ДНҚ молекуласының қайталанбайтын ерекшеліктерінің қарапайым моделін көрсетіңіз.
20 ДНҚ қандай қасиеттерімен сипатталады?
21 Авторепродукция принципі.
22 Қандай кезеңде ДНҚ-да а-РНҚ молекуласы түзіледі.
23 а-РНҚ-ның құрылымы мен функциясы.
24 Құрылымдық гендер туралы түсінік және а-РНҚ-ның матрицалық синтезі.
25 Ақуыздардың құрылысы мен қызметі.
26 Ақуыздардың құрамына кіретін амин қышқылдары, олардың шартты белгіленуі.
27 Ақуыздың алғашқы құрылымына анықтама беру.
28 Ақуыз биосинтезін ген арқылы бақылауды түсінетін модель түрін келтіріңіз.
29 Жасушаның ақуыз биосинтезін жүргізу жүйесіне не кіреді?
30 Синтезделетін ақуыздың алғашқы құрылымы неге байланысты? А-РНҚ рөлі.
31 Ақуызды синтездеу үшін матрицада қандай ақпарат болады?
32 Генетикалық кодтың символдары.
33 Кодон туралы түсінік (кодтық сөз).
34 Кодон сөздігін құру принципін айтыңыз.
35 Кодтайтын және мәнсіз триплеттер туралы түсінік.
36 Жасуша ядросының хромосомасындағы құрылымдық гендердің саны қанша?
37 Гендердің бір-бірінен қандай айырмашылығы болады?
38 Ақуыз биосинтезін ген арқылы бақылау қалай жүзеге асады?
39 Ақпараттың геннен ақуызға берілу моделін келтіріңіз.
40 Генмен анықталатын белгінің даму схемасын келтіріңіз.
41 Бастапқы геннің автопродукциясы кезінде неше ген пайда болады және олардың азоттық негіздерінің реттілігі қандай болады?
42 Гендік мутация қалай болады?
43 Сайт туралы түсінік.
44 Мутацияланған генде қандай тұқымқуалаушылық ақпарат болады?
45 Мутация кезінде бір нуклеотидтың айырбасталуы неге алып келеді (құрылымдық геннің моделін көрсету)?
46 Мутация кезінде нуклеотидтердің түсіп қалуы (минус мутация) немесе қосылуы (плюс-мутация) неге алып келеді?
47 Геннің нуклеотиді түсіп қалған мутация түрінің моделін көрсетіңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет