Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Дрозофиланың үлкен политенді хромосомаларын зерттеу



бет26/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

2.8 Дрозофиланың үлкен политенді хромосомаларын зерттеу
Сабақтың мақсаты. Уақытша препараттар дайындау, микроскоп арқылы хромосомалардың құрылысын көру және митоз фазаларынның суретін салу.
Материалдар және жабдықтар. 2-3 студентке есептелген дрозофиланың 4-5 тәуліктік жұлдызқұртының бір стакан өсіндісі, бинокулярлы лупалар немесе МБС-1, МБР-3 микроскоптары, жамылғы және жабын шынылар, сүзгі қағаздар, өткір ұшталған препаровальді инелер, пинцеттер, пипеткалар, сағаттық шынылар, ацетоорсеин, ас тұзының 0,73%-дық ерітіндісі немесе физиологиялық ерітінді, 45%-дық сірке қышқылы.
Әдістемелік нұсқаулар. Дрозофи­ла жұлдызқұртын жабын шыныға салып, физиологиялық ерітіндінің 1 тамшы тамызады немесе 73%-дық NaCl ерітіндісін қолданады. Бинокулярлы лупа немесе МБС-1 микроскоп үстеліне жабын шыныдағы жұлдызқұртын орналастырып, сілекей безін алады.
О л үшін бір препаровальді инемен бас жағынан қысып тұрып, екінші инемен денесінен бөліп алады. Басымен бірге сопақша тығыз келген жартылай жылтыр денелі түрдегі екі сілекей безін бөліп алады. Сілекей безін басқа жабын шыныға ауыстырып, сүзгі қағазымен NаСI ерітіндісін алып тастап, 1 - 2 тамшы ацетоорсеинға 15 – 20 мин салады. Сүзгі қағазымен бояудың артық мөлшерін алып тастағаннан кейін 45%-дық сірке қышқылының тамшысын құяды да бірнеше секунд ұстап тұрып, жабын шынымен жауып, безді езеді. Жабын шынының қозғалып кетпеуін қадағалайды. Препаратты кіші үлкейткішімен (10x9 немесе 7x8) қарайды және жасушаның ортасында жақсы боялған хромоцентрді табады. Онда барлық хромосомалардың центромералары қосылады. Одан лента түрлі 6 хромосома тарайды. Дрозофиланың сілекей безінің гомологты хромосомалары бір-бірімен ұзына бойы жұптаса қосылып қосақталады (сомалық конъюгация), барлық хромосомалар центромера аймағында гетерохроматинді бөліктерімен қосылады. Сілекей безі жасушаларында жасуша бөлінбегенде ДНҚ 13 есеге жуық артады. Дрозофиланың төрт ірі хромосомаларының жалпы ұзындығы 2 мм жуық, кәдімгі диплоидты жасушада олардың ұзындығы 7,5 мкм.
Екінші және үшінші хромосомалар өте ұзын, метацентрлі. Хромоцентрден олардың әрқайсысының екі иіндері тарайды. Төртінші хромосома (микрохромосома) өте кіші бір лента құрайды.
Х-хромосома бір иінді акроцентрлі. Бірінші хромосома акроцентрлі бола келе бір лента құрайды. Осылайша 6 лента болады (5 ұзын және бір қысқа) (13 сурет). Политенді хромосомалар жолақ құрылымды 3000 дискіден тұрады.
Ацетоорсеинді ерте дайындайды. Ол үшін су моншасында жылытылған 22 мл мұзды сірке қышқылына 0,5 г ацетоорсеин салады. Одан кейін ерітіндіні араластырып қайнатады. Бояу толық ерігеннен кейін ерітіндіні суытып, сүзіп, оған 28 мл дистильді су құяды. Дайындалған бояу ұзақ уақыт сақтала алады. Қолдану алдында ерітіндіні сүзу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет