Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Кариотиптің бұзылуын анықтаудың экспресс әдісі



бет28/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

2.10 Кариотиптің бұзылуын анықтаудың экспресс әдісі
Кариотиптің бұзылуын анықтаудың тез және қарапайым әдістерінің бірі ауыз қуысының эпителиінің жасушаларында Барр түйіршектерін немесе жыныс хроматиндерін анықтау болып табылады.
Сабақтың мақсаты. Жануарлардың ауыз қуысының (аталық және аналық) сілекейін микроскоп арқылы көру және ядроларының суретін жыныс хроматиндерімен және хроматиндерсіз салу.
Материалдар мен жабдықтар. Микроскоптар, жамылғы және жабын шынылар, шпательдер және пипеткалар, ацетоорсеин ерітіндісі, марлі сүзгілер.
Әдістемелік нұсқаулар. Стерильді шпате­льмен ауыз қуысынан эпителиді алып, жабын шыныға орналастырады. Оған мұзды сірке қышқылында ацетоорсин ерітіндісін тамызады. Жұғындыны жабын шынымен жауып ақырын дәке сүзгі арқылы саусақтарымен басады (жабынды шыны қозғалып кетпеуін қадағалайды). Препараттың тез кеуіп қалуын болдырмау үшін жабын шыны шеттеріне арнаулы БФ желімін құяды. 15 - 20 мин кейін препаратты светофильтрлі иммерсиямен қарайды.
Жасуша ядросында митоздың интерфазасында еркек дарақтарда ядро мембранасымен байланысқан кішірек келген кариосомаларды, ұрғашы дарақтарда үлкен болып келетін хроматинді қуыстарды көруге болады. Ұрғашы дарақтардың кариосомдары Барр түйіршектері (оны ашқан зерттеушінің атымен аталған) немесе жыныс хрома­тиндері деп аталады. Барр түйіршегінінің максималды саны диплоидты организмдерде Х –хромосома санынан бірге кем болады. Яғни, жыныс хромосомалары ХУ еркек дарақтарда (адам, сүтқоректілер және дрозофила шыбыны) Барр түйіршектері болмайды. Сүтқоректілердің ауыз қуысы эпителиінің 50% ядроларында бір Барр түйіршігі байқалады. Еркектерде олар әдетте болмайды. Еркектерде бір-екі түйіршіктің, ұрғашыларда біреуден артық болуы кариотип аномалиясын сипаттайды.


2.11 Ірі қараның кариотипі
Сабақтың мақсаты. Ірі қара лейкоциттері культурасының препараттарын көру, метафаза стадиясында жасушаның бөлінуін және метафазалы пластинканы көру, хромосомалардың санын есептеу, жыныс хромосомаларын табу, олардың суретін салу және айырмашылықтарын көрсету үшін ең ірі, ең ұсақ аутосомдардың суретін салу.
Материалдар мен жабдықтар. Ірі қара лейкоциттері культурасынан дайындалған препараттар, микроскоптар.
Ә дістемелік нұсқаулар. Жақсы дайындалған препараттарда және метафазалық пластинканы дұрыс таңдалса хромосомаларды есептеуде қиындық тудырмайды. Ірі қараның сомалық жасушасының диплоидты жиынтығында 60 хромосома (30 жұп) болады. Бірақ, оларды идентификациялау қиын, өйткені 29 жұп хромосома акроцентрлі болып келеді және центромераның орналасуы бойынша бір-бірінен айырмашылығы болмайды (14 сурет).


Жыныс Х-хромосома ірі метацентрлі, ал Y-хромосома ұсақ субметацентрлі болып келеді.
Препаратты дайындау. Ірі қараның күре тамырынан 20 мл мөлшерде қанды алдын ала 25 мл физиологиялық ерітінді, 0,5 мл гепарин ерітіндісі және 0,1 мл антибиотиктер қосындысы (пенициллин + стрептомицин) құйылған ыдысқа алады. Қанды центрифугалы пробиркаға құйып, 700 - 800 айналым/мин 10 минут центрифугалайды. Лейкоциттері бар плазманың жоғары қабатын сорып алып, пастер пипеткасымен көлемі 250 мл флакондарға (оларға майсыз жамылғы шыны орналастырады) 20 - 30% ірі қара сарысуын араластырып құяды. 1 мл суспензияда жасушалар концентрациясы 1 - 2 х 106 дейін барады.
Митозды күшейту үшін жасушалар суспензиясына 10 мл ортаға есептегенде 0,1 мл Р түрлі фитогемагглютинин (ФГА) енгізеді. ФГА – үрмебұршақ тұқымдық дәнінің ақуыздық заты митоз белсенділігін күшейтуші ретінде қолданылады. Содан кейін, флакондарды температурасы 37,5-38° термостатқа 72 сағатқа салады. 72 сағат өткеннен кейін 1 мл өсіндіге 2-3 г колхицин қосып, ортаны араластырып термостатқа тағы 2-3 сағатқа қояды. Аталған уақыт өткеннен кейін жабын шыныларды флакондардан алып, 37° дейін жылытылған жаңадан дайындалған лимон қышқылының ерітіндісіне 5 минутқа салады. Препараттарды метил спиртінің 3 бөлігінен және мұзды сірке қышқылының 1 бөлігінен тұратын 4° дейін суытылған қоспаға 10-15 минутқа салады. 2% ацетоорсеин ерітіндісімен 60 минут бояулайды. Препаратты жасуша суспензиясының 1-2 тамшысын арнайы дайындаған жамылғы шынысына тамызғаннан кейін кептіріп және бояулау арқылы дайындауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет