Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Жыныспен байланысқан доминанттылық



бет36/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

3.2.4 Жыныспен байланысқан доминанттылық
Кейбір жағдайларда еркектердің бір гені өзінің аллелінен доминантты, ұрғашыларда сол ген рецессивті болады. Мысалы, саулықтарда мүйіздің болмауының (тұқыл) Р гені доминантты, қошқарларда мүйіздің болуының Р' гені доминантты болады. Бұл шартты «белгі - ген» кестесі түрінде жыныстар доминанттылығын көрсетіп жазамыз (төменді қара).
Мысалы, гетерозиготалы тұқыл қой гетерозиготалы мүйізді қошқармен шағылыстырылсын. Яғни аналық және аталық қойлардың бірдей РР' генотиптері болады, бірақ қошқар мен саулық фенотиптері әр түрлі болады. Схема түрінде ата – ана генотиптерін көрсетіп, олардың жыныстарын белгілейміз.



Белгі

Ген

Доминанттылық

Тұқыл

Р

♀ доминантты

Мүйізді

Р'

♂ доминантты

Р ♀ РР' х РР'
Гаметалар Р Р' х Р Р'
♀ РР РР' РР' Р' Р'
♂ 3 тұқыл 1 мүйізді
РР РР' РР' Р' Р'
3 мүйізді.
Екі ата – ана гетерозиготалы болғандықтан олардың екі түрлі гаметаларынан үш түрлі комбинациялар болады. Бірақ бірдей генотип болғанда ұрғашы мен еркек фенотиптері әртүрлі болатындықтан Ғ1– дың ұрғашы және еркек қозыларын жеке қарастыру қажет. Схемада ұрғашы қозылардың ажырауы 3 тұқыл, 1 мүйізді, еркек қозылардың ажырауы 3 мүйізді, 1 тұқыл болатындығы көрсетілді.
Кодоминанттылық. Кодоминанттылық тұқым қуалауда гетерозиготалы ұрпаққа екі аллельдің қасиеттері толық беріледі АА гомозиготада А белгісі, А'А' гомозиготада А' – белгісі, АА' гетерозиготада екі белгі дамиды. Гендердің осылай әрекеттесуінің формасы қан топтарын анықтайтын ақуыздар мен антигендердің тұқым қуалауына жатады. Мысалы, ірі қарада электр үдерісінде (электрофорез) молекулары әртүрлі жылдамдықпен қозғалатының білу арқылы гемоглобиннің бірнеше түрлері анықталған. Малда гемоглобиннің А (Нв – А) және В түрлері (Нв – В) кездеседі, екіншісі жылдамдау қозғалады. А гемоглобиннің болуы Нва аллеліне байланысты, В гемоглобині НвВ аллеліне байланысты. НвА/НвА гомозигота эритроциттерінде тек А гемоглобині болады. НвА және НвВ аллельдерінің кодоминантты болуынан гетерозиготаларда А және В түрлі гемоглобиндер болады.
Мысалы, бұқа мен сиыр гетерозиготалы. Ғ1 ажырауын анықтау қажет. Келесі схемада бұл есептің шешуі қаралған.



Генотип

Белгі

НвА/НвА
НвВ/НвВ
НвА/НвВ

А гемоглобині (Нв – А)
В гемоглобині (Нв – В)
А және В гемоглобині (Нв – АВ)

Р. НвА/НвВ х НвА/НвВ


Гаметалар НвА НвВ х НвА НвВ
Ғ1 1 НвА/НвА : 2 НвА/НвВ : 1 НвВ/НвВ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет