Тапсырмалар 1. Тышқандарда жүн түсін анықтайтын көптік аллель А төрт гендерден тұрады: АL - ақшыл агути, А – сұр агути, а+ - қара – агути, а – қара. Генотипі Аа+ гетерозиготаның фенотипі ақшыл агутимен бірдей болады. Доминанттылыққа байланысты аллельдер мына тәртіппен орналасады: АL > А > а+ > а.
Ғ1 ажырауын анықтау қажет:
а) сұр гені бойынша гетерозиготалы ақшыл агутиді гомозиготалы қара агутимен шағылыстырғанда;
б) гетерозиготалы қара агутиді гомозиготалы ақшыл агутимен шағылыстырғанда.
2. Дрозофилада қанаттың қысқалығын қамтамасыз ететін ген үш аллельден T (Truncate – кесілген қанат), ТN (Normal – қалыпты қанат) және t (dumpy – қысқа қанат) тұрады. Доминанттылыққа байланысты аллельдер келесі қатарға орналасады: T > TN > t . Анықтау қажет:
а) егер кесілген қанатты дарақты қалыптымен шағылыстырса, екі дарақ t гені бойынша гетерозиготалы.
б) қалыпты қанатты гені бойынша гетерозиготалы кесілген қанатты дарақ қысқа қанатты дарақпен шағылыстырылса Ғ1 фенотипін.
3. Ірі қара малдың еуропалық тұқымдар қанында Tf генінің TfА TfД және TfЕ үш аллелі қамтамасыз ететін трансферриндердің үш түрі кездеседі. Олар кодоминантты тұқым қуалайды. Анықтау қажет:
а) генотиптері TfА/TfА; TfА/TfД; TfД/TfЕ жануарлар трансферриндерінің түрлерін;
б) TfА/TfД және TfД/TfЕ ата–аналарды шағылыстырғанда ұрпақтардың генотипі және фенотипі бойынша ажырауын.
3.2.6 Геннің плейотроптық әсері Жоғарыда қаралған тақырыптарда әрбір ген бір белгіге әсер етеді деп айтылды. Көптеген гендер бір уақытта нақты организмнің бірнеше белгісіне әсерін тигізеді. Осылайша геннің көптік (плейотроптық) әсері көрінеді.
Типтік есептерді шығару. Қаракөл қойлары W генінің плейотроптық әсері болады. Ол елтірінің сұр түсін (ширази) қамтамасыз етеді және гомозиготалы күйде ас қорыту мүшелердің қызметін бұзады. Осының нәтижесінде WW гомозиготалы ірі азықтарды қорыта алмайды және енесінен айырғаннан кейін өледі. W гені cұр түсті қамтамасыз етеді. Ww гетерозигота және ww гомозиготалар өмір сүреді.
Мысалы, сұр дарақтарды бір – бірімен шағылыстырайық. Елтірі түсі және ас қорыту мүшелерінің қызметтері Ғ1 ажырауын анықтау қажет.
Төменгі кестеде W генінің плейотропты және оның рецессивті аллелінің әсерлері сипатталған. Осымен қатар екі сұр дарақтардың шағылыстырылу схемасы көрсетілген.
Генотиптер
Белгілер
WW
Сұр тұсті. Ас қорыту мүшелер қызметтерінің бұзылуы.
Ww
Сұр түсті. Қалыпты ас қорыту.
ww
Қара түсті. Қалыпты ас қорыту.
Схемада көрсетілгендей Ғ1 арақатынасы 1 WW (ас қорыту бұзылған сұр; енесінен айырған кейін өледі) : 2 Ww (қалыпты ас қорытатын сұр) 1 ww (қалыпты ас қорытатын қара).