Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет46/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

қуалауында гаметалардың түзілуі
Жыныс хромосомаларында жыныстың дамуын анықтайтын гендермен қатар басқа көптеген белгілердің гендері орналасқан. Гендері жыныс хромосомаларда орналасқан белгілер жыныспен тіркеседі. Олардың өзіндік тұқым қуалау ерекшеліктері болады.
Типтік есептерді шығару. Жыныспен тіркесті тұқым қуалаушылықта гаметалар түзілуі генетиканың классикалық объектісінің бірі дрозофила шыбыны мысалы арқылы қарастырылады.
Дрозофиланың аналығы гомогаметалы (ХХ), аталығы гетерогаметалы (ХУ). Көздің қызыл (W) және ақ (w) түстерін анықтайтын ген Х хромосомда орналасқан, У хромосоманың W немесе w гендерінің локустары болмайды. Неше түрлі гаметалар түзілетіндігін анықтау қажет:
а) гомозиготалы қызыл көзді аналық шыбын, б) гетерозиготалы көзді қызыл аналық шыбын және в) қызыл көзді аталық
Қызыл көзді аналық шыбында екі Х хромосома болады. Қызыл көзді аналық шыбын гомозиготалы болғанда W гені екі Х хромосомада орналасады, бірақ пісіп жетілген жұмыртқа жасушасына мейоз кезінде W гені бар бір Х хромосома түседі. Гомозиготалы қызыл көзді аналық шыбын бір түрлі жұмыртқа жасушасын (XW) түзейтіндігін көруге болады. Егер қызыл көзді аналық дрозофила гетерозиготалы болса, онда оның Х хромосомасында W гені, басқасында оның аллелі w гені орналасады. Мұндай аналық екі түрлі XW және Xw гаметаларын түзеді. Қызыл көзді аталықта қызыл көздің W гені бар Х хромосоманың біреуі болады. Оның жұбы У хромосомада гомологты локус болмайды. Аталық екі түрлі гамета түзеді. Гаметаның бірінші түрінде W гені бар Х хромосома, екінші түрінде У хромосома орналасады. Аталықтар W гені бойынша гомозиготалы немесе гетерозиготалы болып аталмайтындығын көруге болады. Олардың хромосомаларының диплоидты жинақтарынде W генінің жартысы ғана болады (екеудің орнына біреуі), осыған байланысты бұл ген бойынша аталықтарды гемизиготалы деп атайды.
Тапсырмалар
1. Дрозофиланың диплоидты жинағында 8 хромосома, тауықта-78, жылқыда-66, ірі қарада-60, қойда-54. Анықтау қажет:
а) дрозофиланың, тауықтың, жылқының, сиырдың, қойдың жыныс жасушаларындағы хромосомалар санын;
б) дрозофиланың, тауықтың, жылқының, сиырдың, қойдың сомалық жасушаларындағы аутосома және жыныс хромосомалары жұптарының санын.
2. Дрозофилада, сүткоректілерде және адамда ұрғашы жыныс гомогаметалы, еркектер гетерогаметалы болып келеді. Құстарда еркек жыныс гомогаметалы, ұрғашы гетерогаметалы. Дене жасушаларындағы жыныс хромосомаларын анықтаңыз:
а) дрозофиланың аналығы мен аталығында;
б) тауық пен қоразда;
в) саулық пен қошқарда.
3. Жыныс хромосомаларының түрлері бойынша гаметогенез барысында неше гамета түзіледі:
а) дрозофиланың аналығы мен аталығында;
б) тауық пен қоразда;
в) сиыр мен бұқада.
4. Плимутрок тауық тұқымында қауырсын түсінің қара-ала түрі жыныс хромосомында орналасқан доминантты Р генімен бақыланады. Осы геннің рецессивті р аллелі қауырсынның қара түсін бақылайды. Гаметалар саны мен түрлерін анықтаңыздар:
а) қара қораз
б) қара тауық
в) гетерозиготалы сұр (қара-ала) қораз.
5. Мысықтарда жүнінің түсін бақылайтын В және в аллельдері жыныспен тіркесті тұқым қуалайды. Мысықтар жүндерінің қара болуы В генімен, сұр болуы в генімен бақыланады. Гетерозиготаның (Вв) фенотипі қара-ала-сұр (тасбақа) түсті. Гаметалар саны мен түрлерін анықтаныздар:
а) тасбақа түсті ұрғашы мысық
б) қара ұрғашы мысық
в) қара еркек мысық.
6. Адамда және кейбір сүтқоректілерде (жылқы, ит) тұқым қуалайтын қан ұюының бұзылу - гемофилия ауруы кездеседі. Ауру Х хромосомада орналасқан рецессивті r генімен бақыланады. Бұл геннің доминантты аллелі қанның қалыпты ұюын қамтамасыз етеді. Сау дарақтарда түзілетін гаметалар санын және түрлерін анықтаңыздар:
а) еркек жыныста;
б) гемофилия гені бойынша гетерозиготалы ұрғашы жыныста.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет