4.4 Жыныспен тіркесті белгілердің тұқым қуалауы
Гендері аутосомада орналасқан белгілерге қарағанда жыныспен тіркесті белгілер басқаша тұқым қуалайды. Бұл жағдайда тікелей және реципрокты шағылыстыру әртүрлі нәтижелер береді.
Типтік есептерді шығару. Дрозофиланың ақ көз түсінің рецессивті аллелі (w) және оның доминантты W аллелі Х хромосомада орналасқан. Гомозиготалы қызыл көзді ұрғашы ақ көзді еркекпен шағылыстырылды делік. Бірінші және екінші ұрпақ ұрғашы және еркек шыбындарының көз түстерін анықтау қажет. Алдымен белгілерді, олардың гендерін және олардың орналасуы туралы мәліметтерді кестеге жазу қажет:
-
Белгі
|
Ген
|
Геннің орналасуы
|
Ақ көзді
Қызыл көзді
|
w
W
|
Х- хромосома
Х- хромосома
|
P ♀ (XW)(XW) x ♂ (Xw)Y
Қызыл ақ
Гаметалар XW Xw Y
F1 (XW)(Xw) x (XW)Y
Қызыл қызыл
F1 гаметалы XW Xw XW Y
F2 (XW)(XW); (XW)(Xw); (XW)Y; XwY
Қызыл қызыл қызыл ақ
9-схема. Жыныспен тіркесті тұқымқуалаушылық.
Схемеда ұрғашы W генін тасымалдайтын Х хромосома бір түрлі гаметалар (W), w генін тасымалдайтын Х хромосомалы және оған сәйкес локусы болмайтын Ү хромосомалы сперматозоид түзейді. Жұмыртқа жасушасының бірінші түрін сперматозоидпен ұрықтандырғанда гетерозиготалы қызыл көзді ұрғашының дамуына әкеп соғады. Жұмыртқа жасушасын екінші түрлі сперматозоидпен ұрықтандыру нәтижесінде гемизиготалы қызыл көзді еркектер туады. Яғни, бірінші ұрпақтың барлығы бірдей қызыл көзді. Бірінші ұрпақтарды бір-бірімен шағылыстырғанда гетерозиготалы ұрғашы екі түрлі жұмыртқа жасушасын, гемизиготалы еркекте екі түрлі сперматозоидтар түзеді (9 схема). Гаметалардың комбинациясы нәтижесінде төрт генотип дарақтары пайда болады, фенотипі бойынша арақатынасы 3 қызыл көзді және 1 ақ көзді болып ажырайды. Осы жағдайда барлық ұрғашылар қызыл көзді, бір қызыл көзді еркекке сондай ақ, көзді еркек сәйкес келеді.
Дрозофиларды реципрокты шағылыстыруда, яғни ақ көзді ұрғашымен қызыл көзді еркекті шағылыстырғанда ата-ана генотипі және шағылыстыру схемасы келесі түрде бейнеленеді:
P ♀ (Xw)(Xw) x ♂ (XW)Y
Ақ қызыл
Гаметалар Xw XW Y
F1 (XW)(Xw) x (Xw)Y
Қызыл ақ
F1 гаметалары XW Xw Xw Y
F2 (XW)(Xw); (Xw)(Xw); (XW)Y; XwY
Қызыл ақ қызыл ақ
Схемада көрсетілгендей, ақ көзді ұрғашымен қызыл көзді еркекті шағылыстырғанда, бірінші ұрпақтың өзінде белгілері бірдей емес ажырау болады (бірінші ұрпақтың біркелкілік ережесі ата-ана гомозиготалы болғанда ғана орындалады, мұнда еркек гемизиготалы). Бірінші ұрпақтардың ажырауында барлық ұрғашы ұрпақ әкесінің белгілерін, еркек ұрпақ анасының белгілерін тұқым қуалайды. Осылай жыныспен тіркесті белгілердің тұқым қуалау ерекшеліктері сипатталады. Екінші ұрпақтың ұрғашылары мен еркектері фенотипі бойынша арақатынасы 1 қызыл көзді және 1 ақ көзді болып ажырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |