Есептің шартын жазамыз
Белгі
|
Ген
|
Локусы
|
Денесі қара
|
в
|
ІІ аутосом, 48,5
|
Денесі сұр
|
В
|
ІІ аутосом, 48,5
|
Көзі қоңыр
|
р
|
ІІ аутосом, 54,5
|
Көзі қызыл
|
Р
|
ІІ аутосом, 54,5
|
в және р гендерінің арақашықтығы 6% морганидке тең болуы, жұмыртқа клеткасының 6% кроссоверлі екенін көрсетсе, оның 3% ВР гаметаға 3%, ал вр гаметаға 3% үлесіне тиеді.
Қалған гаметалардың 94% кроссоверлі емес болады. Сонымен в және р локустарының арасы – 54,5-48,5=6 морганид.
В р
Р
в р
Кроссоверлі емес гаметалар
Вр - 47% вР - 47%
ВР - 3% вр - 3%
Кроссоверлі гаметалар
Дрозофила шыбынының еркегінде кроссинговер құбылысы болмайтындықтан генотипі В Р , екі типті гамета мынандай қатынаста в р
ВР- 50%, вр - 50% түзіледі
Тапсырмалар
1 Жүгері өсімдігінің тұқымының тегіс пішіні, бұдыр пішінінен басымдылық көрсетсе, тұқымының бояуы, бояусыздан басым. Екі белгі де тіркес тұқым қуалайды.
Бояулы, тұқымы тегіс жүгері өсімдігінің тұқымы бұдыр, бояусыз формасымен будандастырғанда төмендегідей ұрпақ алынған. 4152 – өсімдік боялған тұқымы тегіс; 149 - өсімдік боялған тұқымы бұдыр; 152 – өсімдік бояусыз тұқымы тегіс; 4163 - өсімдік бояусыз, тұқымы бұдыр. Гендердің арақашықтығын анықтаңдар
2 Дрозофила шыбынының денесінің қара түсін анықтайтын в /black/ гені және көзінің қоңыр түсін бақылайтын р /purple/ гені ІІ – хромосоманың 48,5 және 54,5 локустарында орналасқан. Денесінің сұр түсін /В/ және көзінің қызыл түсін /Р/ анықтайтын гендер доминантты. Генотипі
В р
в Р
аналық шыбын қанша типті гамета түзеді және қандай сан қатынасында?
Генотипі В Р аталық шыбын қанша типті гамета түзеді және қандай
в р
сан қатынасында?
3 Дрозофила шыбынының ақ көзін анықтайтын рецессивті w /White/ гені Х – хромосомасының 1,5 локусында, құрсағының өзгерген формасын анықтайтын доминантты А /Abnormal/ гені сол хромосоманың 4,5 локусында орналасқан.
Генотипі Х W A аналық дрозофила қандай типті гамета және
X w a
қандай қатынаста түзеді?
4 Бұршақтың ұлпа клеткаларында 7 жұп хромосома бар, дрозофилада – 4 жұп, тауықта – 39 жұп, сиырда – 30 жұп. Осы организмдерге қанша тіркесу тобы тән екенін анықтаңдар
5 Дрозофила шыбынында А және В гендері әр түрлі аутосомда а М және N гендері – бір аутосомда орналасқан.
а. Генотипі А В еркек шыбын қандай типті және қанша гамета түзе
а в
а лады? Генотипі M N еркек шыбын қандай типті және қанша гамета түзе
M N
алады?
б. Еркек шыбындарда жүретін гаметогенез қандай ережеге сүйенеді?
6 Дрозофила шыбынында Р және R гендері бір аутосомда орналасқан.
Генотипі P R аталық және P R аналық шыбындар қанша
p r p r
кроссоверлі және кроссоверлі емес гаметалар түзеді?
7 Тауықтарда А және В гендері және олардың аллелдері бір жұп аутосомда орналасқан.
а. Генотипі А в тауық қанша типті жұмыртқа клеткасын түзеді?
а В
б. Генотипі осындай қораз қанша типті сперматозоидтар түзеді?
8 Тауықтарда сирағының қысқа белгісі /S/ қалыпты аяғынан /s/ ал айдарлы раушан гүл тәріздес белгісі /R/, жапырақ /r/ тәріздісінен доминантты. Бұл белгілердің гендері бір аутосомда 8 морганид ара қашықтықта орналасқан.
Генотипі S r дара және генотипі дара қанша типті кроссоверлі
S R
s R
s r
емес гамета түзіледі?
9 А және В гендері бойынша дигетерозиготалы тауықты, осы гендердің рецессивті аллельдері бар қоразбен шағылыстырғанда, фенотипі бойынша мынандай қатынаста ұрпақ балапандар алынған:
АВ : Ав : аВ: ав = 25% : 25% : 25% : 25%
Шағылыстырудағы А,а және В,в гендердің тіркесіп немесе тәуелсіз тұқым қуалауын анықтау керек.
10 М және N гендері бойынша дигетерозиготалы қоразды, осы гендердің рецессивті аллельдері бар тауықпен шағылыстырғанда фенотипі бойынша мынандай ұрпақ балапандар алынған:
MN : Mn : mN : mn = 44% : 6% : 6% : 44%
Гендердің тіркесін немесе тәуелсіз тұқым қуалауын анықтаңдар?
Дигетерозиготалы ата-аналарда жұп хромосомаларда гендер қалай комбинация түзеді?
M және N гендерінің арақашықтығы қандай?
11. Ата-аналық особьтардың генотипі De және de
dE de
Бір бірімен шағылыстырғанда бірінші ұрпақта 8% рекомбинантты организм алынған. Ұрпақтардың генотипін анықтау керек.
12 Тауықтарда сирағының қысқа белгісі /S/ қалыпты аяғынан /s/, ал раушан гүл тәріздес белгісі /R/ - жапырақ /r/ тәріздісінен доминантты. Қалыпты аяқты, айдары жапырақ тәріздес тауықты, сирағы қысқа дигетерозиготалы қоразбен шағылыстырғанда балапандарының белгілері мынандай болған: 118 – балапандар сирағы қысқа, жапырақ тәрізді айдарлы, 124 – балапандар қалыпты аяқты, айдары раушан гүл тәріздес, 15 – балапандар сирағы қысқа, раушан гүл тәріздес айдарлы, 17 – балапан қалыпты аяқты, жапырақ тәріздес айдарлы.
1. Хромосамадағы S және R гендерінің арақашықтығын анықтаңдар.
2. Дигибридті қораздың хромосомасындағы S, s R, r гендер қалай орналасқан
13 Дигетерозиготалы аналықты, осы гендер бойынша рецессивті аталықпен екі рет шағылыстыру жүргізілген.
1. Егер АаВв аналық 6% кроссоверлі ұрпақ берсе, хромосомадағы А және В гендерінің арақашықтығын анықтау керек.
2. Егер MmNn аналықтан 0,5% рекомбинат алынса, хромосомадағы М және N гендерінің арақашықтығын анықтау керек.
14 Дрозофила шыбынының қанатының қайырылған белгісін рецессивті /в/ гені ІҮ хромосомасының 0,0 локусында орналасқан. Рецессивті ген /е/ көзсіздікті анықтайды. Осы гендердің доминантты аллельдерінің басымдылық әсерінен дрозофила шыбынының қанаты және көзі қалыпты болады. В және Б гендері бойынша қалыпты аналық шыбынды, белгілері бойынша рецессивті аталығымен шағылыстырғанда, мынандай ұрпақ алынған: 49,55% - шыбындар екі белгі бойынша қалыпты, 0,45% - шыбындар көзі қалыпты, қанаты қайырылған, 0,45% - шыбындарының қанаты қалыпты, көзсіз, 49,55% - шыбындардың қанаты қайырылған, көзсіз.
Көзсіздікті анықтайтын /е/ геннің қандай хромосомада және қай локусында орналасқанын анықтаңдар? Есепте аталған гендердің арақашықтығын анықтап, хромосоманың қарапайым картасын сызыңдар.
15 А, В және С гендері тіркесудің бір тобына жатады. Егер А және В гендерінің арақашықтығы 8,5 морганидке, ал В және С гендерінің арақашықтығы – 2,5 морганидке тең болса, А және С гендерінің арақашықтығын анықтаңдар.
А және С гендері 6 морганидке тең болса, хромосомадағы А,В,С гендерінің орнын анықтап, график сызық ретінде көрсетіңдер.
16 Дрозофила шыбынының денесінің сары түсін анықтайтын рецессивті /у/ гені Х-хромосомасының 0,0 локусында орналасқан. Көзінің түсін анықтайтын рецессивті /w/ құрсағының өзгерген формасын анықтайтын доминантты /А/ гені, сол тіркесу тобына жатады. у және w гендері бойынша дигибридті аналық шыбынды, екі гені бойынша рецессивті аталығымен шағылыстырғанда – 1,6% кроссоверлі шыбындар алынған. у және а гендері бойынша аналықты, рецессивті аталықпен шағылыстырғанда – 4,5% кроссоверлі шыбындар алынған. Осы мәліметтерге сүйене отырып Х-хромосомада үш геннің локусын көрсетіп, гендердің арақашықтықтарын анықтап, генетикалық картасын құрастырыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |