Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Жыныстың тұқым қуалауы және тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы



бет42/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

4 Жыныстың тұқым қуалауы және тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы


4.1 Тіркесу және кроссинговер
Бір хромосомада топталып, еркін комбинация жасай алмай, гендердің бірігіп тұқым қуалауын гендердің тіркесуі деп атайды. Яғни, олар бір-бірінен тәуелсіз ажырап кетпей, көбіне бірге тұқым қуалайды. Бірақ кез келген жоғары сатыдағы организмдерде гендердің саны хромосомалардың санынан артық болады. Адамның 46 хромосомасында 32 мыңдай ген, дрозофила шыбынының 4 жұп хромосамасында 7000 жуық ген бар деген болжам бар. Өзара тіркескен гендер тобының саны сол түрдің хромосомаларының гаплоидтық санына сәйкес келеді. Олардың саны дрозофила шыбынында – 4, бұршақта – 7, адамда – 23, жүгеріде – 7, қызанда – 17 т.с.с. Тіркесу екі түрлі болады. Толық тіркесу және толық емес тіркесу. Толық тіркесу сирек кездеседі. Ол дрозофила шыбынының еркегінде және жібек құртының ұрғашысында жүреді. Табиғатта, толық емес тіркесу гендердің бірге тұқым қуалау сипатына байланысты кейде жиі, кейде сирек көрінеді. Тиісті гендері бар гомологиялық хромосомалардағы сәйкес учаскелердің алмасу процесі хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер деп атайды. Тіркескен белгілер бірігіп, тұқым қуалай бермейді. Мәселе мынада, кроссинговер мейоздың І профазасының пахинема кезеңінде гомологты хромосомалардың ұқсас учаскелері бір-бірімен жақындасып конъюгациялануын, гендердің алмасуын, рекомбинациясын қамтамасыз етеді, сөйтіп эволюцияның қозғаушы күштерінің бірі комбинативтік өзгергіштікті күшейтеді. Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметалар кроссоверлі деп, ал кроссинговерге ұшырамаған гаметалар кроссоверлі емес гаметалар деп аталады.
Хромосомалардың гомологты учаскесінде орналасқан гендер кроссинговер нәтижесінде әр түрлі гаметаларға ажырайды.
Т.Морган зерттеген белгілердің тіркес тұқым қуалауы Морганның тіркесу заңы деп аталады. А.Стертевант кроссинговердің жиілігі бір хромосомада орналасқан гендердің аралығын және гендердің өзара орналасқан локусын көрсетеді деген. Хромосомада гендер бір-бірінен неғұрлым алшақ болса, кроссинговердің жиілігі артады, ал гендер жақын орналасса, жиілігі кемиді. Кроссинговердің мөлшері процентпен көрсетіледі.
Кроссинговердің жиілігі =
Кроссоверлік ұрпақтың саны х 100
= ұрпақтың жалпы саны
Мысалы, егер ұрпақтың жалпы саны 1000, жаңа кроссоверлі ұрпақтың саны 200 болса, кроссинговердің жиілігі 20 % болады.
200 х 100
Кроссинговердің жиілігі = = 20 %
1000

Кроссинговердің бір проценті гендер арақашықтығының бірлігі болып табылады. Оны сантиморган /сМ/ деп атайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет