Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет40/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. Парсы мысықтарының ұзын жүні (l) басқа тұқымдардың қысқа жүніне (L) қарағанда рецессивті. Анықтау қажет:
а) қысқа жүнді еркек мысық пен ұзын жүнді ұрғашы мысықты шағылыстыру нәтижесінде 3 ұзын жүнді және 2 қысқа жүнді ұрпақ алынса, ата – ана генотипін;
б) егер 2 ұзын жүнді және 3 қысқа жүнді ұрпақ алынса, қысқа жүнді ұрғашы және ұзын жүнді еркек ата – ана генотипін.
2. Шошқаларда ақ түс қараға қарағанда доминантты. Ата – ана генотипін анықтау қажет:
а) егер қара аналық шошқа ақ қабанмен шағылыстырылғанда 15 ақ торайлар алынса;
б) егер қара аналық шошқа ақ қабанмен шағылыстырғанда 6 ақ және 8 қара торай алынса.
3. Үй қояндары жүнінің ала түсі (s) тұтас қара түстен (S) рецессивті ұрпақтар арқылы ата–ана генотипін анықтау мүмкін болады ма?:
а) егер тұтас қара екі үй қоянын шағылыстырғанда 12 тұтас қара ұрпақ алынса;
в) егер тұтас қара екі үй қоянын шағылыстырғанда 9 бірдей түсті (қара) және 3 ала ұрпақ алынса.

3.4 Дигибридті және полигибридті шағылыстыру
Дигибридті және полигибридті шағылыстыруда гаметалардың түзілуі.
Моногибридті шағылыстыру тәрізді дигибридті және полигибридті шағылыстыру нәтижелерін талдау ата – ана дарақтары түзейтін гамета сандарын анықтаудан басталуға тиісті.
Типтік есептерді шығару. Дигибридті шағылыстыруда түзелетін гамета сандарын анықтау үшін классикалық Мендель мысалын қолданамыз.
Бұршақ тұқымының сары түсі (А) жасылдан (а) пішінінің тегіс болуы (В) бұдырдан (в) доминантты. Гомозиготалы сары тегіс (ААВВ) және гомозиготалы жасыл бұдыр бұршақ неше түрлі гаметалар түзейтіндігін анықтау қажет. Мейоз кезінде жұп гендер әртүрлі жасушаларға бөлінеді, пісіп жетілген гаметада әрбір жұптан бір геннен екі ген қалады.
Өсімдік гомозиготалы болғандықтан барлық гаметалар бір түрлі болады. Гомозиготалы сары тегіс бұршақта АВ және гомозиготалы жасыл бұдыр бұршақта ав гаметалары болады.
Гетерозиготалы организмдер бірнеше түрлі гамета түзеді. Бір белгі бойынша гетерозиготалы, (генотипі Аавв тұқым түсі) сары бұдыр бұршақтың мейоз кезінде жұп гендері бөлінгенде бір гаметаға Ав, екіншіге ав түседі. Яғни, бір жұп ген бойынша гетерозиготалы организм екі түрлі гамета түзеді.
Дигетерозиготалы бұршақта (екі белгі бойынша гетерозиготалы), мысалы сары тегіс (АаВв), мейоз нәтижесінде 4 түрлі гаметалар түзіледі: АВ, Ав, аВ, және ав. Үш жұп гендер бойынша гетерозиготада (АаВвСс) 8 түрлі гамета пайда болады. Оларды жазу үшін біріншіден, А және В гендерінің комбинацияларына С генің қосу керек; екіншіден, екі геннің төрт комбинациясына с генін қосып, АВс, Авс, аВс, авс гаметаларын аламыз.
Талқыланған мысалдардан гаметалар түзу кезінде әртүрлі аллельдер жұп гендері еркін комбинацияланады. Гаметаларда гендер барлық үйлесу мүмкіндіктерін береді.
Мендель бойынша бұл ережелерден ауытқу төменде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет