Тапсырмалар 1. Дрозофиланың денесінің қысқа болуының (short) рецессивті гені (s) Х хромосомада орналасқан. Келесі шағылыстыруда ұрғашы мен еркек ұрпақтардың фенотипін анықтаңыздар:
а) егер гетерозиготалы қалыпты денелі ұрғашыны гемизиготалы қысқа денелі еркекпен шағылыстырса;
б) ХsXsгенотипті ұрғашымен XSҮ еркек шағылыстырылса.
2. Дрозофиланың l рецессивті гені (lethal-50) Х хромосомада орналасқан, гомозиготалы жағдайда летальды әсері болады (жұмыртқадан шыққанға дейін дарақтарды өлімге душар етеді) l гені бойынша гетерозиготалы ұрғашыдан 60 ұрпақ алынды. Олардың ішінде нешеуі ұрғашы және еркек жынысты?
3. Тауықтардың плимутрок тұқымында қауырсынның сұр түсінің В гені Z хромосомада орналасқан. Оның рецессивті в аллелі қауырсынның қара түсін бақылайды. Анықтаңыздар:
а) егер гомозиготалы сұр қораз қара тауықпен шағылыстырлса F1–тың фенотипін (жеке қораздар мен тауықтар үшін);
б) егер сұр тауық қара қоразбен шағылыстырылса F1–тың фенотипін (жеке қораздар мен тауықтар үшін);
в) егер анасының қауырсыны қара сұр қораз қара тауықпен шағылыстырылса, F1-тың жеке қораздар мен тауықтар үшін қауырсын түсі бойынша ажырауын.
4. Құс шаруашылығында балапандардың ертерек жыныс белгілері байқалмайтындықтан 1-2 күндік жастарында жыныстарын айыру маңызды болып саналады. Осы мақсатта жыныспен тіркесті тұқым қуалайтын белгілер қолданылады, олар кейбір шағылыстыру түрлерінде жыныс таңбасы (маркерлер) болып табылады. Плимутрок тұқымында жыныспен тіркесті сұр түстің доминантты гені (В) балапандардың бір тәуліктік жасында бастарында ақ таңба болса, бұлардың жеке дамуында қауырсынның сұр түсі қалыптасады вв генотипінде түстері бірдей қара болады. Бастарындағы таңбаға қарап балапанның жынысын анықтаныз:
а) егер сұр тауықтар қара қоразбен шағылыстырылса;
б) егер қара тауық гомозиготалы сұр қоразбен шағылыстырылса.
5. Тұт жібек көбелегінің жұмыртқасының ақ түсті болуы хромосомада орналасқан доминантты А геніне байланысты. Рецессивті а аллелі қара түстің пайда болуына әсерін тигізеді. Ата-анасының қандай генотипінде ұрғашы және еркек жұмыртқаларды бөлуге болады?
6. Виандонт тауық тұқымының екі түрлі жолағы кездеседі: алтын және күміс түсті тауықтарды шағылыстырғанда F1–тың барлық ұрғашылары алтын жолақты, еркектері күміс жолақты болады. Екі аллельдің (алтын және күміс жолақты) қайсысы доминантты екендігін анықтау қажет.