Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет50/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырмалар
1. Рибонкулеин қышқылы молекуласы-ның полимерлі бөлігі тізбектеле орналасқан Ц, Г, Г, А, Ц, Ц, А, Г, Ц азоттық негіздерінен тұрады. Графикті модель түрінде РНҚ молекуласындағы фосфаттық, рибозалық топтарды және азоттық негіздерді көрсету.
2. Бірінші тапсырмада көрсетілген бір полинуклеотидті тізбектің азоттық негіздеріне байланысты ДНҚ молекуласы құрылысының моделін графикті түрде бейнелеу.
3. Төменде көрсетілген бір полинуклеотидті тізбектің азоттық негіздері орналасуынына байланысты ДНҚ молекуласы құрылысын графикті түрде бейнелеу:
1) Т, А, Г, А, Ц, Ц, А, Т;
2) Г, Г, Т, А, А, Ц, Ц, А;
3) Ц, Т, А, Ц, Т, А, Г, Г.
4. Төменде көрсетілген бір тізбектің негіздеріне байланысты ДНҚ молекуласының екі тізбегінде орналасқан төрт түрлі азоттық негіздердің санын жекелей есептеңіздер:
1) Т, Т, Ц, А, Т, Г, Т, Т, Г, А, Т;
2) А, Г, Ц, Г, Ц, Т, Ц, Ц, Г, А, Т, Г, Ц;
3) А, Г, Ц, Г, А, Г, Г, Ц, Т, Ц, Ц, А, Г, Ц.
Молекулада комплементарлы негіздердің арақатынасы (А/Т және Г/Ц) нешеге тең? Анықталған комплементарлы негіздердің арақатынасы коплементарлы емеске (мысалы, Т/Ц және Г/А) таралады ма?


5.2 ДНҚ авторепродукциясын графикті модельдеу
Модельдеу құбылыстарын талдау мысалдары.
Жалпы биологиялық көзқарас бойынша ДНҚ тұқымқуалаушылық зат ретінде қызығушылық келтіреді. Ол негізгі екі қасиетімен ерекшеленеді:
1) ДНҚ молекуласы авторепродукциялануға қабілетті (өзін-өзі өндіру), ол бірегей азотты негіздер жұбы бар екі молекула өндіреді;
2) ДНҚ молекуласы организмнің түрлік және жекешелік белгілері туралы ақпараттар жиынтығын сақтайды және тасымалдайды.
ДНҚ молекуласының авторепродукциясы жасушаның бөлінуі алдында өтеді. Екі жаңа жас жасушаға бөлінуі алдында ДНҚ-ның барлық молекулалары өздері тәрізді молекулаларды өндіруі тиіс. Екі жас жасушаның әрқайсысы аналық ДНҚ жасушасындағы тұқым қуалаушылық ақпараттың барлық жиынтығын алады. Авторепродукция митоздың интерфазасында өтеді. Модельдеу әдісі авторепродукция үдерісінің көптеген жағын қарамай, ДНҚ молекуласының репродукциясы неліктен бір-біріне ұқсас екі молекула беретіндігін қарастырады. Авторепродукция принципі өте қарапайым. Оның негізінде азоттық негіздердің комплементарлығы (бірін-бірі толықтыруы) жатыр. Авторепродукция жағдайында қос тізбекті ДНҚ молекуласының нуклеотидтер тізбегі екі сыңарлы тізбекке ажырайды, олардың әрқайсысы бос комплементарлы нуклеотидтерді қоса отырып екінші нуклеотидтер тізбегін түзеді. Осыдан пайда болған «баспалдақ сатылары» тек келесі жұптардан тұрады: аденин - тимин және гуанин - цитозин. Бұл үдеріс төмендегі көрсетілген модельге сәйкес жүреді.

Көрсетілген схемада а – бастапқы ДНҚ молекуласының қос тізбегі, б – екі полинуклеотидті тізбектердін ажырауы, в – комплементарлы принцип бойынша екі жас тізбектердің құрылуы. Схемада көрсетілгендей екі жас ДНҚ молекуласы бастапқы молекулаға ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет