Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет53/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Тапсырма. Инсулин молекуласы (ұйқы безінің гормоны) бір-бірімен байланысқан А және В полипептидтерінен тұрады. Ірі қара, қой және жылқыларда А полипептидінің алғашқы жеті амин қышқыл қалдықтарының орналасу реті бірдей: глицин, изолейцин, валин, глутамин қышқылы, тағы глутамин қышқылы, цистеин және тағы бір рет цистеин. Оларда сегізінші және тоғызыншы амин қышқылдары әртүрлі: ірі қарада – аланин және серин; қойларда – аланин және глицин; жылқыларда – треонин және глицин.
Бұл жануарлардың инсулин молекуласының А-тізбегінің тоғыз аминқышқылдар қалдықтарынан тұратын алғашқы құрылым бөлігінің моделін көрсетіңіз.
5.5 Ақуыз синтезінің матрицасы ретіндегі а-РНҚ-ның рөлін графикті модельдеу
Модельдеу құбылысын талдау мысалдары. Ақуыз биосинтезі жасушаның синтездеуші жүйесі арқылы орындалады. Оған ақуыздың полимерлі молекуласы синтезделетін аминқышқылдары, энергия көзі (АТФ); ерекше ферменттер; әртүрлі РНҚ; синтез өтетін жасуша органоидтары рибосомалар кіреді.

Әрбір организм түрлік және ұлпалық қасиетімен ерекшеленетін ақуыздарды синтездейді. Олардың басқа түрлердің ақуыздарынан алғашқы құрылым бойынша айырмашылығы бар, яғни полипептидті тізбектің амин қышқылдар қалдықтарының белгілі бір реттілігкпен орналасуында.


Модельдеу әдісі арқылы синтез кезінде 20 түрлі амин қышқылдарының ретті байланысу механизмін көрсетуге болады. Мұндай механизмнің рөлін ақуыз синтезінің матрицасы болатын а-РНҚ молекуласы атқарады. Матрицада белгілі бір кодпен жазылған синтезделетін ақуыз жөнінде ақпарат болады.


Бұл кодтың символдарын (әріптерін) азоттық негіздермен (А, Г, Ц, У) белгілейді. А-РНҚ молекуласында ретті орналасқан үш негіз жиынтығы (негіздер триплеті) белгілі бір амин қышқылын кодтайтын код сөзі (кодон) болады. Мысалы урацил триплеттері (УУУ) фенилаланин деген амин қышқылын, УЦА триплеті серин амин қышқылын кодтайды. Көптеген амин қышқылдары бірнеше триплеттермен кодталады. Қазіргі кезде кодондар сөздігі толық анықталған деуге болады. Белгілі 64 триплеттің 61 амин қышқылдарының коды, үшеуі ақуыздың полипептидті тізбегі синтезінің аяқталу белгісі болады.


а-РНҚ молекуласындағы триплеттер реттілігі осы матрицада синтезделінетін ақуыз молекуласының амин қышқылдары қалдықтарының реттілігін анықтайды. Үш амин қышқылынан тұратын полипептидті тізбек бөлігін кодтайтын үш триплетті (9 негіз) а-РНҚ молекуласы бөлігінің моделі төменде көрсетілген.
____________________________
| | | | | | | | | …
а-РНК У У У Ц У А А Ц Ц
Ақуыз фенилаланин – лейцин – треонин - …


Тапсырма. Төменде азоттық негіздері көрсетілген а-РНҚ-матрицада синтезделетін ақуыз молекуласы бөлігінің алғашқы құрылымының графикті моделін құрастырыңыздар:

а) ____________________________________


| | | | | | | | |
У Г Ц Г Г А Г У А
б) ____________________________________
| | | | | | | | | | | |
Г Г Ц А У Г А Ц Ц Г У Ц
в) _____________________________________
| | | | | | | | | | | | | | |
А У Г Ц Г А У У Ц А Ц Г Ц Г У


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет