Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Жынысты көбеюде белгілердің тұқым қуу заңдылықтары



бет33/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

3.2 Жынысты көбеюде белгілердің тұқым қуу заңдылықтары.
Генетикалық символика
Г. Мендель сапалы белгілерді зерттегенде қолданылатын символиканың негізін қалаған. Сапалы белгілердің мысалы ретінде ірі қара малдың түстерінің қара және қызыл болуын келтіруге болады. Мұндай жұп белгілер альтернативті деп аталады.
Альтернативті белгілерге ірі қара малдың мүйізінің болуы мен мүйізінің болмауы (тұқыл), тауықтар айдарларының раушан гүлі тәріздес, жапырақ тәріздес болуы, қойлар құлақтарының болуы немесе құлақсыз болуы жатады.
Әрбір альтернативті белгілер жұбына осы белгілердің дамуын бақылайтын жұп аллельді гендер сәйкес келеді. Ірі қара малдың қара түс белгісіне қара түс гені, қызыл түс белгісіне қызыл түс гені сәйкес келеді.
Аллельді гендер – бір геннің өзгеруі болып табылады. Яғни, қара және қызыл түс гендері ірі қара мал генінің екі аллелі, мүйізділік пен тұқыл гендері аллельді гендер болып келеді. Аллельді гендер бір әріппен белгіленеді. Геннің символы ретінде доминантты (басымдылық) белгі атауының әрпі латын немесе ағылшын тіліндегі бірінші әрпі қолданылады. Ірі қара малдың қара және қызыл түс гендерін доминантты қара түстің ағылшынша атауының бірінші әрпімен белгілейді (Black - қара). Яғни В символымен қара түс генің, b символымен қызыл түс генін белгілейді.
Тауық айдарының альтернативті форма жұбының раушан гүл тәріздесі доминантты. Оны анықтайтын генді R символымен (латынша Rosa – роза), оған аллельді жапырақ тәріздес айдар генің r символымен белгілейді.
Аралық тұқым қуалауда, мысалы андалуз тауықтарының қауырсын түсі тұқым қуалағанда, аллельді гендердің бірін - қара түс генің В символымен, оған аллельді ақ түс генің В' символымен белгілейді, осылай толық емес доминанттылық көрсетіледі.
Бірнеше әріптерден құралған күрделі символдар жиі қолданылады. Мысалы қан эритроциттері құрамындағы А гемоглобинді НвА, В гемоглобинін анықтайтын оның аллелін Нвв символымен (НВ – Raemoglobinum) белгілейді. Осыған сәйкес, қан плазмасында болатын А және В трансферриндерін анықтайтын гендер TfА және TfВ символдарымен белгіленеді.
Гибридологиялық талдауда белгілі символдарды қолданатын схемалар құрастырады. Ата – аналарды Р әрпімен белгілеп, жанына олардың генотиптерін жазады. Ұрғашы жыныс ♀ символымен (Венера айнасы), еркек - ♂ (Марстың қалқаны мен найзасы) символымен белгіленеді. Ата-ана аралығына шағылыстыруды білдіретін (х) белгісін қояды. Ата-анадан төменгі жолға олардың түзетін барлық гаметалар түрлерін жазады (сперматозоид және жұмыртқа жасушалары). Балаларды Ғ1 (бірінші ұрпақ), немерелерді - Ғ2 (екінші ұрпақ) – таңбасымен белгілейді. Бұл таңбалар қойылған жолдарға сәйкес келетін балалары мен немерелер генотиптерін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет