Практикум Астана 2017 Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет31/65
Дата12.09.2022
өлшемі3,86 Mb.
#149308
түріПрактикум
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
genetika prnov. kaz (1)

Бақылау сұрақтары
1 Жыныс үдерісінің артықшылығын неліктен ең басты мейоздың болуымен анықтайды?
2 Хроматиндер мен хромосомалардың қандай айырмашылығы бар?
3 Неліктен анафазада көптеген хромосомаларда V- тәрізді пішін болады?
4 Егер жасушада хромосомалар көрініп, ядро қабығы мен ядрошық болмаса ол митоздың қай фазасы?
5 Митоздың қандай стадиясында хромосомалар бір жазықта орналасады?
6 Метафазалы пластинка қалай сипатталады? Митоздың қандай стадияларында өтетін үдерістер бір-біріне қарама-қарсы?
7 Митоз және мейозда жіпшелердің қызметі.
8 Неліктен митоздың нәтижесінде жас жасушаларда хромосомалар жиынтығы аналықпен бірдей болады?
9 Жасуша циклі дегеніміз не?
10 Жсуша циклінің қандай стадиясында ДНҚ репликациясы өтеді?
11 Хромосомалардың кариотипі мен идиограммасы деген не?
12 Митоз және мейоздың маңызы.
13 Митоз бен мейоздың ұқсастығы мен айырмашылығы?
14 Биваленттер, хиазмалар деген не?
15 Ірі қара, қой және тауықтың метафазе I жағдайында неше биваленттері болады?
16 Организмдерде тақ хромосомалар болғанда мейоз барысы қалай өтеді?
17 Жануарларда сперматогенез және оогенез арасында қандай айырмашылық болады?
18 Мейоздың оогенез үдерісінде гомологты хромосомалардың бір жұбы ажырамады. Осы жағдайда жетілген жұмыртқа жасушасында неше хромосома болады?
19 Қандай жануарлардың әртүрлі жыныстарында дарақтардың диплоидты хромосомалар санында айырмашылық болады және неліктен?
20 Үй үйректері мен мускусты үйректерді шағылыстырғанда гибридтер бедеу болады. Қашырлар да бедеу болып келеді. Малдың санта-гертруда тұқымы шыққан тегі шортгорн және зебу гибриді тәрізді өсімтал болады. Түраралық және тұқым аралық гибридтердің арасында хромосомалар саны немесе ұрықсыздық арасында байланыстар барма?
21 Қалыпты гаметалардың түзілуіне қандай генетикалық факторлар кері әсерін тигізеді?
22 Трутеньдер әрқашан гаплоидты. Олар ұрықтанбаған жұмыртқалардан дамиды. Ұрғашы бал арасының ұрықтанған жұмыртқалары диплоидты болады. Трутеньдер мен жануарлардың басқа түрлерінің гаметаларының жетілуі арасында қандай айырмашылық бар?
23 Партеногенетикалық күркетауықтың хромосомалар жиынтығы қандай (гаплоидты, диплоидты) болады?
24 300 жұмыртқа жасушасы түзілуіне қанша I құрылымды ооцит қатысуы қажет?
25 Сүтқоректілердің I құрылымды 800 ооциттерінен неше жұмыртқа жасушасы пайда болады?
26 1000 жетілген сперматозоидтердің түзілуіне неше I құрылымды сперматоцидтер қатысуы керек?
27 Сүтқоректілердің ІІ қатарлы 1000 сперматоцидтерінен неше сперматозоидтер түзіледі?
28 Ұрғашы бал арасы мен трутеньдердің гаметогенезі арасында қандай айырмашылық бар?
29 Хромосомалардың санының тұрақтылығы, даралығы және жұптығы ережесінің мәні неде?
30 Полиплоидия құбылысын қалай түсіндіруге болады?
32 Аутосомдар мен жыныстық хромосомалардың айырмашылығы қандай?
33 Колхицин жасушаға қандай әсерлер тигізеді?
34 Хромосомалардың идентификациясы деген не? Мұнда қандай талаптар ескерілуі қажет?
35 Дрозофиланың сілекей бездерінің политенді хромосомаларының басқа хромосомалардан қандай айырмашылығы бар?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет