1.5.5. Өз бетімен шығару үшін есептер
Молекуланың айналысы
1. 127І35Cl молекуланың айналыс тұрақтысы B = 2,27 10-24 Дж. Осы молекуладағы ядроаралық қашықтығын есептеңіз.
2. HF молекуласы толқындық саны см1 сәулені жұтады. Осы молекулада қозғалыстың қандай түрлері қоздырылады?
3. 35Cl 16O молекуласындағы ядроаралық қашықтық r = =1,54610-10 м-ге тең. Осы заттың айналыс жұтылу спектріндегі бірінші сызықтың толқындық санын есептеңіз.
4. P2, HF, CO, Cl2 молекулаларының қайсысы үшін J = 1 деңгейінде айналыс энергиясы ең үлкен болады?
5. H2, HD, D2, HI молекулаларындағы ядроаралық қашықтық бірдей. Осы молекулаларды бұлардың инерция моменттерінің өсу реті бойынша орналастырыңыз.
6. HBr молекуласының айналыс жұтылу спектріндегі бірінші сызықтың толқындық саны 16,94 см-1-ге тең. Үшінші деңгейден төртінші айналыс кванттық деңгейге ауысуға себепші болатын жұтылу сызығының толқын ұзындығын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |