Айналыс спектрлері
7. 12С16О молекуласының спектрдің ұзын толқынды ИҚ аймағында орналасқан айналыс жұтылу спектріндегі бірінші бес сызықтың орнын (см-1, мм және МГц) үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен есептеңіз. Молекуладағы ядроаралық қашықтық – r0 = 0,113 нм. Айналыс деңгейлерінің сызбасын, бұлардың арасындағы мүмкін болатын ауысуларды және спектрді салыңыз.
8. D35Cl молекуласының ұзын толқынды ИҚ аймақтағы айналыс жұтылу спектріндегі бірініші үш сызықтың орнын (см-1, мм және МГц) үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен есептеңіз. Ядроаралық қашықтық – r0 = 0,127 нм. Айналыс деңгейлерінің сызбасын, бұлардың арасындағы мүмкін болатын ауысуларды және спектрді салыңыз.
9. Молекулалық тұрақтылар кестесін пайдаланып, HBr молекуласының бірінші бес айналыс күйлерінің жүйесін салыңыз. J үшін сұрыптау ережесіне сүйеніп, ИҚ айналыс спектрін (см-1) есептеңіз және сызбасын салыңыз.
10. Молекулалық тұрақтылар кестесін пайдаланып, NO молекуласының бірінші бес айналыс күйлерінің жүйесін құрыңыз. J үшін сұрыптау ережесіне сүйеніп, ИҚ айналыс спектрін есептеңіз және сызбасын салыңыз.
11. H35Cl молекуласының ұзын толқынды ИҚ аймақтағы айналыс жұтылу спектрінің бірінші үш сызығының толқындық сандары: 20,88 см-1, 41,74 см-1 және 62,58 см-1. Үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен В0 айналыс тұрақтысын (см-1), І0 инерция моментін (гсм210-40) және r0 ядроаралық қашықтықты (нм) анықтаңыз.
12. 12С16О молекуласының айналыс спектрінің бірінші үш сызығының толқындық сандары: 3,85 см-1, 7,69 см-1және 11,53 см-1. Үш мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен В0 айналыс тұрақтысын (см-1), І0 инерция моментін (кгм2) және r0 ядроаралық қашықтықты (нм) анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |