Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет65/66
Дата09.03.2022
өлшемі2,08 Mb.
#134766
түріПрактикум
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
treatise136775

1.5.6. «Екі атомды молекулалар» бойынша бақылау жұмыстары үшін есептер


І

  1. H2, NO молекулалары үшін: а) бірінші (J = 1) айналыс дең­гейіне қоздыруға қажетті энергияны; ә) J = 1 күйде бұрыштық айналу жылдамдығын анықтаңыз. Ядроаралық қашықтық: 74,1 пм (Н2), 115,0 пм (NO).

  2. N2, NO молекулаларының квазисерпімді күшінің коэффи­циенттерін табыңыз. Атомдық масса: 14,003074 (N), 15,994915 (О); массаның атомдық бірлігі: 1,6606 10 -27кг.

  3. СО молекуласының инфрақызыл жұтылу спектрінде ; 4260,1 және 6350,4 см-1 жолақтары байқалады; бұлар­дың интенсивтілігі үлкен жиілік жағына қарай шұғыл төмендейді. Осы молекуланың тербеліс жиілігін (см-1), ангармоника­лық коэффициентін анықтаңыз.



ІІ

  1. СН молекуласының айналыс спектріндегі көрші сызықтар­дың аралығы – Δω = 5,50·1012c-1. Осы молекуланың инерция моментін және ядроаралық қашықтығын табыңыз.

  2. ОН молекуласының кванттық сандары – υ = 1, J’ = 0 және υ = 0 , J = 5 күйлерін энергиялары айырымын табыңыз.

  3. DBr молекуласының ИҚ жұтылу спектрінде центрлері 1839,8; 3634,10; 5382,0 см-1 үш тербеліс-айналыс жолақтары байқа­лады. Жолақтарды тиісті υ ауысулармен сәйкестендіріңіз және , шамаларын анықтаңыз.



ІІІ
1. 79Br19F молекуласының айналыс спектрі бір-бірінен бірдей 0,71433см-1 қашықтықта тұратын сызықтар сериясынан тұрады. В айналыс тұрақтысын, бұдан кейін инерция моментін, молекуланың байланыс ұзындығын есептеңіз.
2. СО молекуласы үшін негізгі және бірінші қозған тербеліс дең­гейлері арасында орналасқан айналыс деңгейлерінің санын есеп­теңіз. Айналыс күйлері тербеліс күйлерінен тәуелсіз деп ұйғарыңыз.
3. D37Cl молекуласының ИҚ жұтылу спектрінде центрлері 2088,0; 4122,7 және 6104,3см-1 тербеліс-айналыс жолақтары бай­қалады; бұлардың интенсивтілігі толқындық сандары өскенде щұғыл төмендейді. Жолақтарды тиісті υ ауысуларымен сәйкестен­діріңіз және тербеліс жиілігін (см-1), ангармоникалық коэффициентін анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет