Б.Г.Ананьевзерттеулерінде жастық кезеңдерге бөлу: Жастық шақ – 18-25 жас. Кемелденудің бірінші этапы-25-35, екінші этапы-35-60 жас. Егделік жас ер адамда 60-74 жас, әйел адам 55-74 жас, қарттық 75-90 жас, ұзақ жасаушылар 90 жастан үлкен.
Н.Н. Рыбников зерттеулерінде 18 жастан 55-60 жас, акмеологиялық кезең. «Акме»-жақсы шақ, гүлдену кезең дегенді білдіреді.
Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары. Дамудың бірінші сатысында (оральды-сенсорлы) нәрестелік жасқа қатысты, әлемге сену немесе сенбеу пайда болады. Тұлғаның прогрессивті дамуында бала сенімді қатынасты таңдайды. Ол жеңіл тамақтану, терең ұйқы, ішектің дұрыс жұмыс істеуі.
Екінші саты (бұлшық етті-анальды)ерте балалық шаққа қатысты. Баланың мүмкіндігі дамиды, жүре бастайды. Дербестілікке ұмтылады. Үшінші саты (локомоторлы-гениталды), мектепке дейінгі жасқа сәйкес келеді, бала қоршаған ортаны белсенді таниды. Дербестілікке ынталылық (инициатива) қосылады. Осы кезеңде жыныстық идентификация болады және бала мінез-құлқының белгілі бір формасын меңгереді. Төртінші саты (латентті) дамиды. Бастауыш мектепте оқу кезеңінде - бастауыш мектеп оқушысының кәсіби идентификациясы өзін белгілі бір кәсіп өкілі ретінде сезіну. Жастық шақ тұлға дамуының бесінші даму сатысын құрайды. Балалық шақ аяқталуға жақын, өмірлік жолдардың үлкен кезеңі аяқталып, ұқсастықтың (идентичность) қалыптасуына алып келеді. Алтыншы сатысы, ерте кемелдену жасына сәйкес келеді, ересек адамның алдында жақындасу (интимдік) проблемасы туындайды. Дәл осы уақытта шынайы сексуалдылық көрінеді. Кемелдену немесе орта жас- тұлға дамуының жетінші сатысы. Адам өнімділікке және шғармашылыққа ұмтылады. Соңғы саты, кеш кемелдену, адам өмірлік жолды қабылдайды және тұлғаның тұтастылығын игереді. Осы кезеңде даналық пайда болады.
Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары