Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


дәріс. Жастық шақ кезеңнің психологиялық даму ерекшеліктері



бет32/40
Дата08.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#119540
түріПрактикум
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Байланысты:
дәріс Жасерекшелік психологиясы (1)

12 дәріс. Жастық шақ кезеңнің психологиялық даму ерекшеліктері
(20-23 жастан 30 жасқа дейін)
Дәрістің мақсаты: ЖОО студенттерінде жастық шақ және оның психологиялық ерекшеліктері туралы теориялық білімдерді қалыптастыру.
Дәрістің жоспары:
1. Жастық шаққа жалпы сипаттама мен танымдық ерекшеліктер.
2. Жастық шақтағы өмірдің маңызды жақтары.
3. Онтогенездің негізгі жолдары.
Әдебиеттер тізімі:
1. Возрастная психология//Под ред.Л.Ф.Обуховой.М.,1996.
2. Асеев В.Г. Возрастная психология.Иркутск.,1989.
3. Возрастная и педагогическая психология//Под ред.А.В.Петровского. М.,1986.
4. Гальперин П.Я.,Запорожец А.В.Актуальные проблемы возрастной психологии.-М.,1989.
5. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-А.,1982.
1. Жастық шаққа жалпы сипаттама мен танымдық ерекшеліктер. Жастық шақ ерте жастық шақтың аяқталуы мен шамамен 30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Кейбір авторлар мұны 35 жасқа дейін созады. Жастық шақ біріншіден – бұл отбасы құру, таңдалған мамандықты меңгеру, қоғамдық өмірге деген өзінің қатынасы мен ондағы ролін анықтау кезеңі болып табылады.
Жастық шаққа оптимизм тән. Мұндай жаста адамның күші мен энергиясы көп, өзінің мақсаты мен идеалын іске асыруға кіріседі.
Осы жас кезеңде танымдық психикалық үрдістер біркелкі дамымайды. Адамның интеллектуалдық дамуы тұлғаның қалыптасуымен өзара әрекетте іске асады. Психофизикалық функциялардың дамуы 20 жаста тоқтағанмен де, интеллектуалдық даму көптеген жылдарға жалғаса береді.
Адам өзінің интеллектуалдық дамуының барысын өзбетімен басқара біліп, еңбек және шығармашылықпен байланысты үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. Адамның жетістігі оның дарындылығының, білімінің деңгейіне, іс-әрекетті дұрыс таңдауына байланысты. Яғни адамның когнитивті сферасының дамуы ерекше дербес сипатқа ие.
Эмоциялық сферадағы ең басты мәселе өз шешімін табуды талап ететін идентивтілік пен жақындыққа қол жеткізу.
Адамдар арасындағы эмоциялық жақындық махаббат негізі ретінде көрініс береді. Негізінен бұл жастағы адамдардың эмоциялық сферасы қалыптасқан және тұрақты болып табылады.
Мотивациялық сфераның ролі ерекше, себебі осы кезеңде адам ересектік өмірге араласып, отбасы құру, дүниеге сәби әкелу, мамандық таңдау сияқты мәселелерді шешуіне тура келеді.
Өзіндік санаға, өзін-өзі бағалауға, ңМен-концепциясынаң келесідей факторлар әсер етеді: тұлғаның сексуалды серіктес, жар, ата-ана, маман және азамат ретінде өзін анықтауы.
Осы кзеңде 30-33 жастағы нормативті дағдарыс басталады. Ол адамның өмірлік жоспарлары мен шынайы мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздіктен пайда болады. Бұл жаста өмірлік құндылықтар қайта қаралып, мәнсіздері артта қалады.
Жастық шақ кәсіби іс-әрекетті меңгерумен, өзін дамытумен, отбасы құрумен, бала тәрбиелеумен, бос уақытын ұйымдастыру ерекшелігімен ерекшеленеді.
Сонымен, адам белсенділігінің әрбір сферасы іс-әрекет пен қарым-қатынастың ерекше сипаттарымен ерекшеленеді: еңбек – қоғамдық-пайдалы іс-әрекет, отбасы – тұлғааралық қатынастардың концентрациясы, бос уақыт – тұлғалық потенциалды іске асыру.
Бұл жас кезеңіндегі жетекші фактор еңбек іс-әрекеті болса, ал басты міндет өзін өзі анықтау мен отбасы құру болып табылады.
2. Жастық шақтағы өмірдің маңызды жақтары.
Махаббат және отбасы. Жастық шақты көбінесе махаббат жасы деп атайды. Бұл кезең жыныстық белсенділік, сонымен қатар қыз балалардың организмі дүниеге сәби әкелуге дайын болғандықтан, көптеген адамдар некеге тұрады. Жастық шақта адамдар жылдам танысып, бір-бірін оңай тани алады, бірлескен өмір салтына жалдам бейімделеді.
Әрине, ер адам мен әйел адам арасындағы маххабат тек қана жастық шаққа ғана тән емес.
Махаббаттың өзге де түрлері бар. Олар: ата-ана мен бала, аға мен қарындас арасындағы махаббат, достық байланыс, өз ісіне деген, өнердің бір түріне деген махаббат. Ер мен әйел арасындағы махаббат оларды толыққанды етеді. Әрбір адамның махаббаты қайталанбас және оның тұлғасына байланысты болады.
Отбасы құру тұлғалық даму үшін өте маңызды. Адам дүниеге сәби әкелу мен болашақ ұрпақты тәрбиелеу жауапкешілігімен байланысты жаңа қоғамдық статусқа ие болады. Отбасылық өмірдің жақсы болуы адамның жалпы дамуына – оның рухани өсуіне, қабілеттерінің дамуына байланысты. Дүниеге сәби әкелудің үлкен маңызы бар. Баланы дүниеге әкелгеннен кейін ата-ана тек қана әйел мен еркек болып қана қоймай, ана мен әке болады. Отбасылық өмірдің құрылымы өзгеріп, ерлі-зайыптыларда жаңа міндеттер, өздері дүниеге әкелген адам өмірі үшін ортақ жауапкершілік пайда болады.
Кәсіби іс-әрекет. Жастық шақтың ерекшелігі жар таңдау және отбасы құрумен аяқталмайды. Осы кезеңдегі дамудың екінші бір әлеуметтік жағы – таңдаған мамандығын меңгеру. Бұл кезеңде адам кәсіби шеберлікке ие болып, кәсіби дайындық аяқталады. Таңдалған мамандыққа қажетті білім, білік, дағдылар жеңіл меңгеріліп, арнайы тұлғалық және функционалдық сапалар дамиды (ұйымдастыру қабілеттері, инициативтілік, нақтылық пен тиянақтылық, реакцияларының жылдамдықтары).
Егер жастық шақта өмірлік жол дұрыс таңдалса, адам өз мамандығында үлкен жетістіктерге жетеді. Ал ғылым жолын таңдағандар ғылым кндидаты болады. Кәсіби шеберлікпен бірге кәсіби компетенттілік дамиды.
Достық. Жастық шақта достық байланыстарды орнату мен дамыту маңызды болып табылады. Психологтардың пікірлерінше, достық осы кезеңде, махаббат сияқты жаңа сапалы деңгейге көтеріледі екен. Достықтың жай жолдастық қарым-қатынастардан айырмашылығы, онда рухани жақындық болады. Достық-өзара сенім мен ортақ қызығушылықтарға негізделген жақын қатынас.
Достық үшін жалпы ұқсастықтар қажет. Көбінесе достардың жастары, әлеуметтік деңгейлері, мәдениеттілік деңгейлері, құндылықтары мен әлеуметтік бағдарлары жақын болып келеді. Сонымен қатар достық бір жыныстылар арасында боады. Достық махаббат секілді тіллекпен пайда болады.
3. Онтогенездің негізгі жолдары. Онтогенез (герк. Ontos –тіршілік және genesis -шығу тегі, пайда болуы)- жеке орнанизімнің туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі даму процесі.Бұл терминді Э.Геккель ұсынды.
қылмыстар жасау, кездейсоқ ақша табу және т.б. жолдармен іске асады. Мазмұнды Жастық шақта өмірдің маңызды жолдары әр түрлі дамиды және онтогенздің әр жолдарында әр түрлі мазмұнда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет