Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет8/40
Дата08.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#119540
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
дәріс Жасерекшелік психологиясы (1)

Кәрілік кезең және қартаю 60-70 жас аралықтарын қамтиды.
Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атақарады. Іс-әрекеттің әр түрлері дамуға әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын, тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекетермен қамтылған.
А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.
Кез-келген іс-әрекет жетекші бола алмайды. Әрбір іс-әрекет психикалық дамуға өз үлесін қосады (мысалы, сүрет салу қабылдауды және бейнелік ойлауды дамытады). Адам өмірінің жағдайында әрбір жас кезеңінде ол белгілі бір іс-әрекетті меңгеру арқылы қарқынды дамуға мүмкіндік алады: нәрестелік кезеңде- анасымен тікелей-эмоционалды қатынас, сәбилік кезеңде- заттармен манипуляция жасау, мектепке дейінгі жаста- құрдастырмен ойнау, бастауыш мектеп жасында-оқу іс-әрекетінде, жеткіншектік кезеңде- құрдастарымен интимді-тұлғалық қатынас, жасөспірім кезде - болашақ кәсіпке бағдарлану, , жастық кезеңде- таңдаған кәсібін меңгеру және отбасын құру. Егер қандай-да бір іс-әрекет бала үшін тартымды болса, бұл оның тұлғасының қалыптасуында көрініс береді.
Әр даму кезеңдерін өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың, стабильді кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және стабильді кезеңдер кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие: жаңа туылу дағдарысы- нәрестелік жас (2 ай-1 жас)- 1 жас дағдарысы- ерте балалық шақ (1-3жас)- 3 жас дағдарысы- мектепке дейінгі жас (3-7 жас)- 7 жас дағдарысы- мектеп жасы (7-13 жас) – 13 жас дағдарысы- пубертатты жас (13-17 жас)- 17 жас дағдарысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет