Сабақтың тақырыбы: 07. 04 Арифметикалық орта. Мақсаты



Дата26.04.2020
өлшемі30,82 Kb.
#64772
түріСабақ
Байланысты:
07.04 Арифметикалық орта


IV тоқсан
Сабақтың тақырыбы: 07.04 Арифметикалық орта.

Мақсаты:

  • Статистика және статистикалық сипаттамалар туралы түсінік алу;

  • бірнеше санның арифметикалық ортасының анықтамасын білу;

  • сандардың арифметикалық ортасын табу ережесін есептер шығаруда қолдануды үйрену


Бағалау критерийлері

Оқушы:

1. Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме

а) Статистика - қоғам мен шаруашылық салаларының дамуындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жинақтау, зерттеу және жариялаумен айналысатын ғылым; сандық есептеулер әдісі.


СТАТИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР





Арифметикалық

орта

белгіленуі





Мода

белгіленуіМо



Медиана

белгіленуі

Ме

Өзгеру құлашы

белгіленуі

R



b) Бірнеше санның арифметикалық ортасы () деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

=

1-мысал.

Таңертең температура 10 градус болды, күндіз 18 градусқа дейін көтерілді, кешке қарай 9 градусқа түсті, түнде 3 градусты көрсетті. Тәулік бойғы орташа температураны тап.

Шешуі.

Алдымен тәуліктегі температуралардың жалпы қосындысын табамыз:



10+18+9+3 = 40

Сосын алынған қосындыны қосылғыштар санына бөлеміз:

40 : 4 = 10

Яғни, (10+18+9+3) : 4 = 10

немесе = = 10

Жауабы: 10 градус

2-мысал.

Дүкенде килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды. Жемістердің 1 килограмының орташа бағасы қандай?



Шешуі.

(2507 + 3255) : 12 = (1750 + 1625) : 12 = 281,25(тг)



Жауабы: 281,25 теңге

2.Сілтеме:

  1. Т.А. Алдамұратова және басқалары, «Математика», 6-сынып, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018, 127-128 беттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет