Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)
Агрохимия СПУ- экзамен 02.04

       Романце,  2012  жылдан  Павлодар  облысында  өсіруге  рұқсат 
етілген. 
Удача, 2011 жылдан Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
Эскорт,  1996  жылдан  Ақмола,  Қостанай  облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген. 
Ягодный  19,  2005  жылдан  Ақмола,  Қостанай,  Қарағанды,  Ақтөбе 
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
 
Орташа мерзімде пісетіндер: 
Аксор,  1998  жылдан  Алматы,  Қостанай,  Оңтүстік  Қазақстан 

 
168 
 
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Биргит,  2012  жылдан  Павлодар  облысында  пайдалануға  рұқсат 
етілген. 
Мондиал, 
2004 
жылдан 
Алматы, 
Солтүстік 
Қазақстан 
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Орташадан кеш пісетіндер: 
 Акжар  1993  жылдан  Ақтөбе,  Қызылорда  облыстарында  пайдалануға 
рұқсат етілген.  
 Дуняша,  2009  жылдан  Ақмола  облысында  пайдалануға  рұқсат 
етілген. 
Кеш пісетіндер: 
     Тустеп,  2011  жылдан  Қостанай  облысында  пайдалануға  рұқсат 
етілген.  
 
Бақылау сұрақтары 
 
1.  Картоптың  түрін,  тұқымдасын  қазақша,  латынша,  орысша 
атаңыздар. 
2.  Картоптың  морфологиялық  ерекшеліктері  (тамыр  жүйесі, 
сабақ-жапырақтары, түйнегі) қандай ? 
3. Картоптың көбейту жолдары қаңдай ? 
4.  Түйнектің      анатомиялық      құрылысындағы      ерекшеліктері 
қандай ? 
5.  Картоптың        пайдалану        бағыты        мен        пісу        мерзіміне 
байланысты топталуын атаңыз. 
6.  Қазақстанда  пайдалануға  рұқсат  етілген  картоп  сорттарына 
шаруашылық-биологиялық сипаттама беріңіз ? 
7.  Түйнектердегі  крахмал  мөлшерін  анықтау  әдістемелерінің 
(меншікті  масса,  ығыстырылып  шығарылған  су  массасы,  ареометр 
көмегімен, бақылау таразыларында) мәні неде ? 
8.  Егін  жинау  алдындағы  түйнектердің  құрылымын  талдау  мен 
биологиялық өнімді анықтау әдістемесінің мәні неде ?   
9.  Картоптың  сыртқы  орта  факторларына  (жылуға,  ылғалға, 
жарыққа,  топырақ  пен  қоректік  заттарға)  қоятын  талаптары  және  
олармен  Қазақстанның  әртүрлі  топырақ-климат  аймақтарында 
қамтамасыз етілуі. 
 
10.  Суармалы  және  суармайтын  жағдайларда  картоп  өсіру 
технологиясының  ерекшеліктері  (алғы  дақылдар;  топырақты  күзде 
және  көктемде  өндеу  құралдары,  мерзімі,  тереңдігі;  түйнектерді 
отырғызудың  мерзімі,  тәсілі,  себу  мөлшері  мен  тереңдігі;  түйнектің 
ірілігі  мен  сапасына  қарай  отырғызу  мөлшерін  есептеу;  картопты 
арамшөптерден, зиянкестермен аурулардан қорғаудың агротехникалық 
және  химиялық  шаралары  мерзімдері,  тәсілдері,  құралдары 
түйнектердің жинау машиналары мен құралдары). 
 

 
169 
 
Тарау бойынша әдебиеттер 
 
1  Бацанов Н.С. Картофель. -М., 1970. 
 
2  Браун Э.Э. Ранний картофель. -Алма-Ата, 1983. 
3  Замотаев  А.И.  и  др.  Интенсивная  технология  производства 
картофеля. -М., 1989. 
4  Искаков 
М.А.,  Киреев  Б.Д.  Влияние  предпосадочной  и 
послепосадочной обработки почвы на рост, развитие и продуктивность 
картофеля.//Вестник науки АСХИ, № 4, с. 74-76. -Акмола, 1998, т.З. 
5  Искаков  М.А.,  Киреев  Б.Д.  Предполивное  щелевание  темно-
каштановых  почвах  с  окучиванием.  Мат.  Междунар.  Научно-практ. 
конф. "Аграрная наука на рубеже веков". -Акмола, 1998, т.З. 
6  Карманов С.Н. Урожай и качество картофеля. -М., 1988. 
7  Картофель: учебно-практическое руководство. -Минск, 1999. 
8  Научные  достижения  в  картофелеводстве  Казахстана.  Сб.  научных 
трудов. -Алма-Ата, 1985. 
9  Нургалиев А.Н. Картофель в Северном Казахстане. -Алма-Ата, 1984. 
10  Нургалиев  А.Н.,  Искаков  М.А  Влияние  предпосадочной  обработки 
клубней в растворах минеральных удобрений и ТУРа на рост, развитие 
и продуктивность картофеля. Труды ЦСХИ, т.67, -Целиноград, 1985. 
11  Нургалиев  А.Н.,  Искаков  М.А.  и  др.  Рекомендации  по 
семеноводству  картофеля  для  Целиноградской  области.  -Целиноград, 
1989. 
12  Писарев Б.А. Сортовая агротехника картофеля. -М., 1991. 
 
 
VI - ТАРАУ. МАЙЛЫ ЖӘНЕ ЭФИРМАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР  
 
Майлы дақылдар (жалпы сипаттамасы) 
 
ТАПСЫРМА 
 
1. Майлы дақылдардың ботаникалық көптүрлілігін оқып-үйрену. 
2. Майлы дақылдарды жемістері, тұқымдары бойынша анықтау. 
3. Майлы  дақылдардың  айырмашылықтарын  егін  көгі,  сабақтары, 
жапырақтары бойынша оқып-үйрену. 
4. Майлы  дақылдарды  гүл  шоғырларышың  айырмашылықтары 
бойынша оқып-үйрену. 
Майлы дақылдар көптеген дақылдар тобын біріктіреді және әртүрлі 
тұқымдастарға  жатады.  Олардың  көпшілігінің  құрылысы  мен 
биологиясында 
(қырыққабат 
тұқымдасынан 
басқалары) 
үлкен 
айырмашылықтар бар. 
Астра 
тұқымдасына 
– 
күнбағыс, 
мақсары, 
қырыққабат 
тұқымдасына  ақ  және  көкшіл  қыша,  рапс,  арыш,  қышабас,  крамбе, 

 
170 
 
яснотка  тұқымдасына  –  көкнәр,  ляллеманция,  сүттіген  тұқымдасына  – 
майкене,  бұршақ  тұқымдасына  –  жер  жаңғағы,  күнжіт  тұқымдасына  – 
күнжіт. Қазақстанда өндірістік маңызы бар дақылдарға күнбағыс, майлы 
зығыр,  жаздық  рапс,  мақсары,  көкшіл  қыша  және  арыш  жатады. 
Өндірістік  тәжірибеде  майлы  дақылдар  тұқымдарына  ботаникалық 
түсінікте нағыз тұқымдар (қыша, рапс, зығыр, майкене, күнжіт, перилла, 
ляллеманция) 
немесе 
жемістер 
(күнбағыс, 
мақсары, 
крамбе) 
жатқызылады. Өсімдіктердің бұл бөліктерінің анықтамасында болашақта 
қателіктер  мен  шатастыруларды  болдырмау  мақсатында  жемістердің 
тұқымдардан  айырмашылығын  анықтағанда  ботаникалық  түсініктерді 
(терминология) пайдаланған дұрыс. 
Майлы  дақылдардың  жемістері  мен  тұқымдары  бір-бірінен  пішіні, 
мөлшері, бет сипаты мен түсі бойынша жеңіл ажыратылады. Қырыққабат 
тұқымдас майлы дақылдар кейбір өзгешеліктермен ерекшеленеді: олардың   
жемістері   мен  тұқымдарында   көп   ұқсастықтар болады. 
Майлы  дақылдардың  жемістері  мен  тұқымдарының  белгілері  74-
кестеде келтірілген. 
 
74-кесте – Майлы дақылдар жемістері мен тұқымдарының белгілері 
Дақыл
 
Жемістері
 
Тұқымдары
 



Күнбағыс  
 
Шекілдеуік, әлсіз төрт-қырлы, 
әлсіз қабырғалы, жалаңаш, 
қара, ақ, жолақты 
Жұмыртқа пішінді, шеті 
үшкірленген, ақ, ұзындығы 
5-18 мм 
Мақсары 
Шекілдеуік, сопақ төрт 
қырлы, төменгі жағы 
жіңішкерген, 
қабырғалы,  жалаңаш,  ақ, 
ұзындығы  6-12 мм. 
Жұмыртқа пішінді, 
үшкірленіп біткен,  ашық-
сары, ұзындығы 3-10 мм. 
 
Майлы зығыр 
 
Қорап, домалақ, әлсіз 
қабырғалы, жоғары қарай 
үшкірленген, сары, диаметрі  
7-9 мм 
Жұмыртқа пішінді, жалпақ, 
тегіс, жылтыр, ұзындығы 4-5 
мм 
Жер жаңғағы 
Бұршаққап, ұзынша - 
домалақ, беті торлы, сары 
немесе қоңыр, ұзындығы 
20-40 мм 
Бүйрек 
пішнді, 
тегіс, 
қызғылт,  қызыл,  қоңыр 
түсті, ұзындығы 10-20 мм 
Күнжіт 
Қорап, көпұялы, созылыңқы, 
түкті, қоңыр, ұзындығы 30-40 
мм 
Жұмыртқа  пішінді,  нүктелі 
әшекеймен, 
ақ, 
сары, 
қоңыр, ұзындығы 3-4 мм. 
Көкнәр 
 
Жаңғақша, бөлшекгі, 
домалақ, жалаңаш, ашық-
қоңыр, ұзындығы 2-3 мм 
Әлсіз жұмыртқа пішінді, 
домалақ, торлы, сұр, сары,  
қоңыр, ұзындығы 2-3 мм 
Ляллеманция 
 
Жаңғақша, бөлшекгі, 
домалақ, 
жалаңаш, күңгірт-қоңыр, 
ұзындығы 4-6 мм         
Ұзынша – жұмыртқа пішінді,  
бұырмақты, күңгірт-қоңыр, 
ұзындағы 5 мм   

 
171 
 
Майкене 
 
Қорапша, үшұялы, домалақ, 
домалақтау-сопақ, тегіс 
немесе кедергілі, жасыл, 
қызғылт, қоңыр, ұзындығы 
10-35 мм 
Сопақ немесе әлсіз жұмыртқа 
пішінді, тегіс, сұр, қоңыр, 
шұбар, ұзындығы 20-30 мм 
Ақ қыша 
Бұршаққап түзу немесе 
иілген дөректі талшықтары 
бар, ашық-сары, ұзындығы 
20-40 мм 
Шар тәрізді, тегіс немесе 
жұқаторлы, сарғыш, 
сарғыштау-ақ, диаметрі            
1-5-2-5 мм 
                                                                                                                                
                                                                                                                          
74-кестенің жалғасы 



Көкшіл қыша 
Бұршаққын, линиялы, 4 
қырлы, дөңес, сабанды-
сары, ұзындығы 20-50 мм 
Сопақтау-домалақ іріторлы 
қоңыр, ұзындығы 1,5-2,0мм 
Рапс 
Бұршаққын, жіңішке, түзу 
немесе иілген, тегіс, 
сабанды-сары, ұзындығы 
50-10мм 
Шар тәрізді, ұялы, жылтыр, 
қара, диаметрі 1,5-2,5 мм 
Арыш 
Бұршаққын, кері жұмыртқа 
пішінді, немесе алмұрт 
тәрізді, тегіс, ашық-сары, 
ұзындығы 6-13 мм 
Сопақтау-ұзынша, ұзынша 
ұсақ-ұялы, қызғылт-сары, 
ұзындығы 1,5-2,5 мм 
 
Майлы  дақылдардың  тұқымдары    (немесе  жемістері)  қолайлы 
жағдай  туғанда  жылу,  ылғал,    оттегі)  тұқым  жарнақтарының
 
жапырақтарынан  егін  көгін  түзе  өседі.  Тұқым  жарнақтарының 
жапырақтары  ашылып,  ассисмиляция  қызметін  бастағаннан  кейін 
олардың  арасында  орналасқан  бүршіктен  алғашқы  нағыз  жапырақтар 
пайда  бола  бастайды.  Тұқым  жарнақты  жапырақтардың  да,  алғашқы 
нағыз жапырақтардың да пішіні, мөлшері (ені, ұзындығы) және түктілігі 
бойынша бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары болады (75-кесте).
 
Егін көгі шыққанан кейін сабақтың қалыптасуы мен жапырақтардың  
түзілуі  сабақтың  төбесіндегі  өсу  нүктесінде  болады.  Майлы  дақылдар 
сабақтың  биіктігі,  бұтақтылығы,  көлденең  қимасының  пішіні  мен   
түктілігі бойынша жақсы ажырасады. 
Майлы дақылдар жапырақтарының құрылысы мен мөлшері, сабақта 
орналасуы (кезектесіп, қарама-қарсы), типі (жай сағақты, жай отырған), 
тақтасының  пішіні  мен  ара  тістілігі-ажыратылады.  Қырыққабат 
тұқымдас  майлы  дақылдарды  (рапс,  қыша,  қышабас,  арыш)  бір-бірінен 
айыру қиынырақ. 
Шанақтану  және  гүлдену  кезендері  өсімдіктер  дамуының  маңызды 
сатылары  болып  табылады,  бұл  кезендерде  гүл  шоғыры  мен  гүлдер 
түзеледі.  Майлы  дақылдарда  әртүрлі  типтегі  гүл  шоғыры  мен  гүлдер 
болады,  олар  күлтеше  жапырақшалардың  пішіні,  мөлшері  мен  түстері 
бойынша ажыратылады. Жер жаңғағы мен күнжіт гүл шоғырын түзбейді, 
тек қана жекелеген гүлдері жапырақтар  қолтығында отырады (76-кесте). 

 
172 
 
75-кесте – Майлы дақылдардың егін көгі бойынша айырмашылықтары 
Дақыл 
Тұқым жарнақты жапырақтар 
Алғашқы нағыз жапырақтар 
пішіні 
ұзындығы, мм 
ені 
пішіні 
ұзындығы, мм 
ені
 
беті 
Күнбағыс  
Кері жұмыртқа 
тәрізді 
15-20 
8-10 
Кең ланцетті, 
төбесіне қарай 
үшкірленген 
20-30 
8-12 
 
Жиі түкті 
Мақсары 
Сондай 
10-15 
6-8 
Жұмыртқа тәрізді 
12-15 
6-8 
Жалаңаш 
Майлы зығыр 
Ұзынша-сопақ 
4-6 
3-4 
Ланцетті 
үшкірленген 
8-10 
4-6 
Тегіс  
Жер жаңғағы 
Кеңдеу сопақ 
15-20 
8-10 
Қаурсынды,2-4 
жапырақшалар 
15-20 
8-10 
Жалаңаш, әлсіз 
түкті
 
Күнжіт 
Сопақ немесе 
эллипс тәрізді 
10-13 
5-7 
Сопақ, эллипс 
тәрізді, шеттері 
мұқалған 
10-14 
6-8 
Сирек түкті 
Көкнәр 
Кеңдеу сопақ 
5-6 
4-5 
Кең жұмыртқа 
тәрізді 
15-20 
10-15 
Әлсіз түкті 
Ләллеманция 
Сопақ 
5-6 
4-5 
Қысқа ланцетті, 
шеттері әлсіз ара 
тісті 
10-15 
5-7 
Сондай 
Майкене 
Кеңдеу сопақ 
50-70 
40-50 
Қалақты, бөліктері 
әртүрлі мөлшерлі
 
60-70 
50-60 
Жалаңаш 
Көкшілқыша 
Қысқа қалақты 
терең ойығы 
бар  
6-8 
10-12 
Домалақтау сопақ, 
шеттері аратісті 
20-25 
12-15 
Талшықты 
Ақ қыша 
Сондай
 
6-8 
10-12 
Желпігіш тәрізді 
кесілген 
12-15 
8-10 
Түкті 
Рапс 
Домалақ, 
әртүрлі 
жазықтықты, 
дөрекі 
6-10 
12-15 
Домалақ, бір-бірлеп 
түзеледі
 
25-30 
12-15 
Талшықты 
Арыш 
Сопақ-ұзынша 
8-10 
4-5 
Ланцетті ұзынша
 
12-15 
5-7 
Шеттері түкті 
 
 

 
173 
 
76-кесте – Гүлденген күйдегі майлы дақылдардың айырмашылық белгілері 
 Дақыл 
Сабақ 
Жапырақтар 
Гүл шоғыры 
Гүлдер                       
Күнбағыс  Тік өседі, домалақ келген, 
түкті, биіктігі 100-250 см 
Жай сағақты, сопақ-жүрек тәрізді, 
шеттері ара тісті 
Диаметрі 10-40 см 
кәрзеңке 
Тілді, түтікті қызғылт сары    1 немесе 
сары түсті 
Мақсары  Тік өседі, бұтақты, жалаңаш, 
биіктігі 100 см дейін 
Жай, отырған, ланцетті-сопақ, 
шеттері тісті 
Диаметрі 3-4 см 
кәрзеңке 
Түтікті, қос жынысты, ашық қызғылт 
сары 
Майлы 
зығыр 
Тік өседі, цилиндр тәрізді, 
тегіс, биіктігі 50-70 см 
Жай, сағақсыз, лаңцетті, жалаңаш, 
кезектесіп орналасқан 
Зонт тәрізді шоқгүл  Қосжынысты,  5  күлтеше  жапырақты, 
көкшіл, немесе көк 
Жер 
жаңғағы 
Бұтақты, домалақ, 
балауыздан-ған, биіктігі 50-70 
см 
Күрделі, қосқауырсынды, ұзьшша-
сопақ, түкті 
Жекелеген гүлдер 
Бұрыс пішінді,жерге таяу 
тұқымдары сары 
Күнжіт 
Тік өседі, бұтақты, қырлы, 
түкті, биіктігі 100-150 см 
Жай сағақты, кезектесіп орна-
ласқан, сопақ-қиықты, тісті немесе 
шеттері бүтін 
Жапырақ 
қолтығында 
1-3 гүлден 
Бірігіп өскен күлтеше жапырақтар, 
қосжынысты, қызғылт күлгін 
Көкнәр 
Тік өседі, қатты 
бұтақтанған, 4 қырлы, 
биіктігі 90-120 см 
Жай, жапырақтар, сағақты, қарама-
қарсы орналасқан, шеттері ара тісті 
Жалған піскекті 
Қос ерінді, ұсақ, қосжынысты, ақ немесе 
қызғылт 
Майкене 
Тік өседі, домалақ, 
балауызды, биіктігі 100-400см 
Жай, кезектесіп орналасқан, жеке 
қалақты, шеттері тісті 
 
 
 
 
 
Шоқгүл 
Аталықтары мен аналықтары әр түсті 
Ақ қьша 
Тік өседі, домалақ, дөрекі 
талшықты, биіктігі 40-60 см 
Жай, сағақты, кезектесіп орналасқан, 
желпігіш-қауырсынды 
кесілген, 
бірнеше бөлікті 
Шоқгүл 
Қосжынысты, 4 күлтеше жапырақты, 
сары 
Көкшіл 
қыша 
Тік өседі, домалақ, бұтақты, 
түкті 
Сондай 
Қалқанды шоқгүл 
Сондай 
Рапс 
Тік өседі, домалақ, бұтақты, 
балауызданған 
Жай сағақты, кезектескен, желпі-
гіш-қауырсынды кесілмелі, 4 бөлікті 
Шоқгүл 
Сондай 
Арыш 
Тік өседі, домалақ, әлсіз 
бүтақтанған, әлсіз 
түктенген 
Жай сағақсыз, кезектескен ланцетті, 
тісті немесе бүтін  
Сондай 
Қосжынысты 4 күлтеше жапырақты, 
күңгірт-сары 

 
174 
 
Өздерінің  жеке  дамуында  көптеген  майлы  дақылдар    төмендегідей  
фенологиялық кезеңдерден өтеді: тұқымның (жемістің) өнуі, көктеу (егін 
көгі), шанақтану, гүлдену, пісу (77-кесте). 
 
77-кесте – Майлы дақыл өсімдіктерінің өсіп-даму кезеңдері 
 
Дақыл 
Егін-көгі 
Шашақтану 
Гүлдену 
Пісу 
Күнбағыс  Топырақ 
бетінде тұқым 
жарнақтары-
ның шығуы 
Себеттің сыртқы 
жапырақшалары 
төбесінде 
жұлдызша 
қалыптастырады 
Шеткі тілді гүл-
дердің гүлденуі 
Себеттің төменгі 
жағының  сарғаюы, 
тілді гүлдердің 
қурауы 
Мақсары  Сондай 
Сондай 
Себеттің 
ортасында түсті 
күлтешелердің 
пайда болуы 
Түтікті гүлдердің 
құрауы, себеттің 
сарғаюы     
Майкене  Сондай 
Орталық сабақтағы 
жапырақтардың 
қолтығынан гүл 
шо-ғының 
(шанақтың) пайда 
болуы 
Тозаңдықтардан 
тозаңдардың ша-
шылуы және 
аналық гүл 
тұғырынан 
гүлдердің түсуі 
Шоқтардың    
қоңырлануы мен 
сарғаюы және 
қораптардың  
жарыла бастауы 
Күнжіт 
Сондай 
Жапырақ 
қолтығынан 
шанақтардың 
пайда болуы 
Бірінші гүлдің 
ашылуы 
Төменгі 5-6 
жемістің 
қоңырлануы 
Көкнәр 
(мак) 
Сондай 
Сабақтың ұшар 
басында 
шанақтың пайда 
болуы 
Сондай 
Қорапшалардың 
қурауы және 
тұқымның 
сылдыры 
Жер 
жаңғақ 
І-нағыз 
жапырақтың 
пайда болуы 
Жапырақ қолты-
ғында 
шанақтардың 
пайда болуы 
Бірінші гүлдер 
желкенінің 
ашылуы 
Бұршақ қапта, 
анық торкөз- 
ділігінің 
байқалуы және 
кебуі, тұқым 
бұршаққаптан 
жеңіл ажырайды 
Перилла, 
ляллеман-
ция 
Топырақ 
бетіне 
Тұқым 
жарнақтары-
ның шығуы 
І-гүл шоғырының 
пайда болуы 
І -гүлдің 
ашылуы 
 
Төменгі 5-6 
жемістің 
қоңырлануы 
Қыша, 
рапс, 
арыш 
Сондай 
Сондай 
Сондай 
Бұршаққынның 
коңырлануы мен 
кебуі (қурауы) 
 
 
 

 
175 
 
КҮНБАҒЫС – ПОДСОЛНЕЧНИК – HELIANTHUS 
 
ТАПСЫРМА 
 
1.  Күнбағыстың морфологиялық ерекшеліктерімен танысу. 
2.  Күнбағыстың  түрлерін,  түр  тармақтарын,  топтарын  оқып  үйрену, 
олардың айырмашылык белгілерін жазу. 
3. ҚР-да тұқымға өсірілуге рұқсат етілген сорттарына шаруашылық-
биологиялық сипаттама беру. 
Күнбағыс  майлы  және  мал  азықтық  дақыл  ретінде  өсірілетін 
біржылдық  мәдени  өсімдік,  ол  вегетативтік  органдарының  қуатты 
өсуімен  ерекшеленеді.  Тамыры  кіндікті,  2-3  м  топырақ  тереңдігіне 
бойлайды,  бүйір  тамырлары  жақыса  дамыған.  Сабағы  тік  өседі,  дөрекі 
қатты 
талшықтармен 
көмкерілген, 
борпылдақ 
паренхимамен 
толтырылған. Майлы сорттары бұтақты, биіктігі 2,5 м дейін жетеді. Жай 
жапырақтары сағақты, ірі, сопақ-жүрек пішінді, қатты талшытқтармен 
жабылған. Төменгі жапырақтары (2-3 жұптары) қарама-қарсы орналасқан, 
айтарлықтай  ұсақ,  келесі  жапырақтары  кезектесіп  келеді.  Өсімдіктің 
өсуіне  қарай  жапырақ  тақтасы  да  ұлғаяды.  Гүл  шоғыры  –  кәрзеңке, 
сорттары  мен  өсіру  жағдайларына  байланысты  диаметрі  15-25  см  және 
одан  да  жоғары  болады.  Кәрзеңке  негізін  гүл  тұғыры  құрайды,  оның 
шеттерінде  жеміссіз  тілді  гүлдер,  ал  ортасында  қосжынысты  түтікті 
гүлдер  орналасқан.  Тілді  гүлдердің  репродуктивті органдары болмайды, 
сондықтан жеміс түзбейді. Түтікті гүлдер екі қалақты аналық аузы бар бір 
ұялы  жатыннан  тұрады.  Аталықтар  саны  бесеу,  жіптері  бейтарап,  бірақ 
тозаңдармен  жабысып  өскен.  Жемісі  шекілдеуік,  қысыңқы  жұмыртқа 
пішінді,  жеміс  қабығы  мен  тұқымнан  тұрады.  Шекілдеуіктің  мөлшері, 
пішіні  мен  түсі  факторларға  байланысты  өзгереді.  1000  шекілдеуіктің 
массасы сорттарында 40-80г, ал шағылатындарында – 170 г дейін.  
Біржылдық  күнбағыс  (Неlianthus  annuus)  астра  тұқымдасына 
(Asterасеае) жатады, жинақты түр болып табылады да екі бейтарап түрден 
тұрады:      1-мәдени  күнбағыс    (Неlianthus  еultus)    мұнда  екпе    дақылда 
өсірілетін  барлық  күнбағыс  формалары  кіреді;    2-жабайы  күнбағыс 
(Неlianthus ruderalis), бұл барлық жабайы формаларды біріктіреді. 
Мәдени күнбағыс екі түр тармағына бөлінеді-егістік немесе далалық 
күнбағыс (Н.с. sativus) және сәңдік күнбағыс (Неlianthus cultus ornamentalis). 
Егістік  күнбағыс  бірқатар  биологиялық  және  морфологиялық 
ерекшеліктері  бойынша  4  экологиялық  топқа  бөлінеді:  солтүстік-орыс, 
орта-орыс,  онтүстік-орыс,  армян.  Солтүстік  Қазақстаңда  өсірілетін 
селекциялық  майлы  сорттарының  барлығы  күнбағыстың  орта-орыс 
тобына жатады. Бұл топ өсіп-жетілу кезеңінің айтарлықтай ұзақтығымен 
(90-135 тәулік), өсімдік биітігімен (120-200 см), сабағының бұтақтылығы 
және шекілдеуігінің панцирлігімен ерекшеленеді. 
Мәдени  күнбағыс  екі  түр  тармағына  бөлінеді  –  егістік  немесе 
далалық  күнбағыс  (Н.с.  sativus)  және  сәндік  күнбағыс  (Неlianthus  cultus 

 
176 
 
ornamentalis). 
Егістік  күнбағыс  бірқатар  биологиялық  және  морфологиялық 
ерекшеліктері  бойынша  4  экологиялық  топқа  бөлінеді:  солтүстік-орыс, 
орта-орыс,  оңтүстік-орыс,  армян.  Солтүстік  Қазақстанда  өсірілетін 
селекциялық  майлы  сорттарының  барлығы  күнбағыстың  орта-орыс 
тобына жатады. Бұл топ өсіп-жетілу кезеңінің айтарлықтай ұзақтығымен 
(90-135 тәулік), өсімдік биітігімен (120-200 см), сабағының бұтақтылығы 
және шекілдеуігінің панцирлігімен ерекшеленеді. 
Мәдени  күнбағыс  морфологиялық  белгілері  мен  шекілдеуігінің 
құрылысына қарай шағылатын, майлы және аралық топтарға жіктеледі. 
Шағылатын  күнбағыс  биіктігі  4  м  дейін  жететін  сабақты,  ірі 
жапырақты және диаметрі 45 см дейін ірі кәрзеңкелі өсімдік. Шекілдеуігі 
ірі,  қалың  қырлы  жеміс  қабығы  болады.  Тұқымы  (ядросы)  шекілдеуіктің 
ішкі  қуысын  толтырмайды,  мұның  өзі  оның  жоғары  қабықтылығына 
байланысты  (46-56%).  Тұқымының  майлылығы  жоғары  емес  (20-35%), 
1000 шекілдеуігінің массасы 100-170 г. 
Майлы күнбағыстың сабақтары айтарлықтай жіңішке, биіктігі 1,5-2,5 
м шамасында ғана. Кәрзеңкесінің диаметрі 15-25 см. Шекілдеуіктері ұсақ, 
1000  санының  массасы  35-80  г.  ядросы  шекілдеуіктің  бүкіл  қуысын 
толтырған, қабықтылығы төмен (25-35%), майлылығы жоғары (42-56%). 
Аралық  күнбағыс  жоғарыда  келтірілген  екі  топтың  аралық 
белгілерімен  сипатталады:  сабақтың  биіктігі  мен  жуандығы,  кәрзеңкенің 
көлемі  бойынша  шағылатын  күнбағысқа,  ал  шекілдеуік  қуысының 
толықтығы  мен  майлылығы  бойынша  майлы  күнбағысқа  жақындайды. 
Екпе  дақылда  негізгі  егістік  көлемі  күнбағыстың  майлы  сорттарымен 
себіледі, аралық күнбағыс аз мөлшерде өсіріледі. 
Күнбағыстың морфологиялық белгілері 51-суретте келтірілген. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет