Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы



Pdf көрінісі
бет14/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)
Агрохимия СПУ- экзамен 02.04

Өсіп-даму  кезеңдері  дәнді  бұршақ  дақылдарында  төмендегідей: 
өнуі, 
егін 
көгі, 
сабақтың 
бұтақтануы, 
бүрленуі, 
гүлденуі, 
бұршаққаптардың түзілуі, пісуі және толық пісуі (67-кесте). 
 
67-кесте – Дәнді бұршақ дақылдарының өсу-даму кезеңдері 
Өсу-даму кезеңдері 
Кезеңнің сипаттамасы 
Өнімділік 
элементтерінің 
қалыптасуы 



Тұқымның өнуі 
Тамырша нүктесінің 
тұқым жарнақтарының 
қоректік заттары есебінен 
өсуі 
Егістік жиілігі, 
танаптық өнгіштік 
Егін көгі  
Топырақ бетінде алғашқы 
жапырақтар пайда 
болады (үштік және 
саусақ-салалы 
жапырақты 
дақылдарының тұқым 
жарнақтары) 
Жапырақтар саны және 
буынаралықтары 

 
144 
 
67-кестенің жалғасы 



Сабақтың бұтақтануы 
Сабақтың ұзындығына 
пәрменді өсуі және оның 
бұтақтануы 
Гүлдер мен гүл 
шоғырларының саны 
Бүрленуі және гүлденуі 
Төменгі бұтақтарда 
орналасқан үш-бес гүл 
шоғырының, пайда 
болуымен бүрлену кезеңі 
белгіленеді. Гүлдің түсі 
анық көрінгендегі 
бүрлердің ашылуымен 
гүлденуі белгіленеді. 
Бүрлер мен гүлдер саны 
Бұршаққаптардың түзілуі 
Жемістің түзілу басынан 
соңына дейін. Кезеңнің 
соңында бұршаққаптар 
оңтайлы мөлшерге 
жетеді. 
Бұршаққаптардың саны 
Пісуі:  
          - пісудің басы 
Жемістерді тұқымның 
үлкеюі тоқтайды, ал 
тұқымның аяқ жібі мен 
ұрығы (рубчик) және 
тұқым қабығы сортқа тән 
түске енеді (дәнді бұршақ 
дақылдарын осы кезеңде 
бөлектеп жинауға 
болады) 
1000  тұқымның 
массасы 
           -толық пісу 
Көпшілік бұршаққаптар 
мен тұқымдардың толық 
пісуі; жапырақтар қурап 
түсе бастайды; 
бұршаққаптар 
бұратылады да ашылады 
 
 
Өсіп-даму  кезеңдері  дәнді  бұршақ  дақылдарында  төмендегідей: 
өнуі, 
егін 
көгі, 
сабақтың 
бұтақтануы, 
бүрленуі, 
гүлденуі, 
бұршаққаптардың түзілуі, пісуі және толық пісуі (68-кесте). 
 
68-кесте – Дәнді бұршақ дақылдарының өсу-даму кезеңдері 
Өсу-даму кезеңдері 
Кезеңнің сипаттамасы 
Өнімділік 
элементтерінің 
қалыптасуы 



Тұқымның өнуі 
Тамырша нүктесінің 
тұқым жарнақтарының 
қоректік заттары есебінен 
өсуі 
Егістік жиілігі, 
танаптық өнгіштік 
Егін көгі  
Топырақ бетінде алғашқы 
жапырақтар пайда 
болады (үштік және 
саусақ-салалы  
Жапырақтар саны және 
буынаралықтары 

 
145 
 
                                                                                                                       
68-кестенің жалғасы 



 
жапырақты 
дақылдарының тұқым 
жарнақтары) 
 
Сабақтың бұтақтануы 
Сабақтың ұзындығына 
пәрменді өсуі және оның 
бұтақтануы 
Гүлдер мен гүл 
шоғырларының саны 
Бүрленуі және гүлденуі  Төменгі бұтақтарда 
орналасқан үш-бес гүл 
шоғырының, пайда 
болуымен бүрлену кезеңі 
белгіленеді. Гүлдің түсі 
анық көрінгендегі 
бүрлердің ашылуымен 
гүлденуі белгіленеді. 
Бүрлер мен гүлдер саны 
Бұршаққаптардың 
түзілуі 
Жемістің түзілу басынан 
соңына дейін. Кезеңнің 
соңында бұршаққаптар 
оңтайлы мөлшерге 
жетеді. 
Бұршаққаптардың саны 
Пісуі:  
          - пісудің басы 
Жемістерді тұқымның 
үлкеюі тоқтайды, ал 
тұқымның аяқ жібі мен 
ұрығы (рубчик) және 
тұқым қабығы сортқа тән 
түске енеді (дәнді бұршақ 
дақылдарын осы кезеңде 
бөлектеп жинауға 
болады) 
1000  тұқымның 
массасы 
           -толық пісу 
Көпшілік бұршаққаптар 
мен тұқымдардың толық 
пісуі; жапырақтар қурап 
түсе бастайды; 
бұршаққаптар 
бұратылады да ашылады 
 
 
Дәнді бұршақ дақылдары екі топқа ажыратылады: қысқа өсіп-даму 
кезеңді  (асбұршақ,  жасымық,  ноғатық)  және  айтарлықтай  ұзақ  кезеңді 
(атбас бұршақ, ноқат, бадана, майбұршақ). Әрбір дақылға сонымен қатар 
ерте пісетін және кеш пісетін сорттары болады.  

 
146 
 
ҚАУЫРСЫН ЖАПЫРАҚТЫ ДӘНДІ  
БҰРШАҚ  ДАҚЫЛДАРЫ 
 
ТАПСЫРМА 
 
 
1.  Ас бұршақтың түр тармақтарын, топтарын,  Қазақстанда пайдалануға 
рұқсат етілген сорттарын оқып-үйрену. 
2.  Атбас  бұршақтың  түршелері  мен  пайдалануға  рұқсат  етілген 
сорттарын оқып-үйрену. 
3.  Атбасбұршақтың  түршелері  мен  пайдалануға  рұқсат  етілген 
сорттарын оқып-үйрену. 
4.  Жасымықтың түр тармақтары мен сорттарын оқып-үйрену. 
5.  Ноғатық пен ноқаттың түр тармақтары мен сорттарын оқып-үйрену. 
 
 
АСБҰРШАҚ – ГОРОХ – PISUM 
 
Асбұршақ  (Pisum  L.)  екі  түр  тармағын  егістік  асбұршақ  (P.  Sativum) 
және далалық асбұршақ (P. arvense) - біріктіреді. 
Егістік  асбұршақ  –  бір  жылдық  шөптесін  өсімдік.  Тамыр  жүйесі 
кіндікті,  көптеген  ұсақ  бүйір  тамыршаларынан  тұрады  және  1,2-1,5  м 
терендікке дейін бойлайды. 
Асбұршақтың  сабағы  домалақ  келген,  айқындалмаған  төртқырлы, 
іші қуыс, жеңіл жапырылады, ұзындығы 30-дан 150 см дейін және одан 
да жоғары. 
Асбұршақтың жапырағы күрделі: сағақтан, 2-3 жұп жапырақшадан, 
түр  өзгерістеріне  ұшыраған  жапырақ  болып  табылатын  дара  санды 
мұртшалардан  тұрады,  соңғыларының  көмегімен  ас  бұршақ  кез  келген 
біреуте сүйеніп тік өсе алады. 
Жапырақтардың  негізінде  жартылай  жүрек  тәрізді  пішіндегі  ірі 
жапырақ  серіктері  орналасқан.  Жапырақтар  мен  сабақтар  балауыз 
тұтымен көмкерілген. 
Гүлдері ірі, ақ жапырақтардың қолтығында біреуден, немесе екеуден 
орналасқан. 
Жемісі  –  көп  тұқымды  бұршаққап,  түзу  немесе  қылыш  тәрізді 
мұқалған ұшымен аяқталады. 
Тұқымы – домалақ-бұрышты, әртүрлі шамада, көкшіл-жасыл, сарғыш-
жасыл, ашық-қызғылт түсті. 
Асбұршақтың 
кейбір 
морфологиялық 
белгілері 
41-суретте 
келтірілген. 
Асбұршақтың  аталған  екі  түр  тармақтарының  әрқайсысы  2  топқа 
бөлінеді:  аршылған  және  қантты.  Аршылған  асбұршақтың  бұршақ 
қабының  жармасында  қалың  пергамент  қабаты  болады,  бұл  оған 
қаттылық  береді.  Қанттық  асбұршақтың  бұршақ  қабында  мұндай 
пергамент қабаты болмайды. Оның жармалары жұмсақ келеді. 

 
147 
 
 
41-сурет  –  Асбұршақ:  1-дамыған  егін  көгі  кезеңіндегі  өсімдік;  2-егістік  асбұршақ 
өсімдігі  гүлдену-жеміс  түзу  кезеңінде;  3-егістік  асбұршақтың  жапырағымен  фертильді 
буыны;  4-далалық  асбұршақ  өсімдігі  гүлдену  жеміс  түзу  кезеңінде;  5-далалық 
асбұршақтың фертильді буыны 
 
Асбұршақтың  түр  тармақтары  –  егістік  асбұршақ  және  далалық  ас 
бұршақ  –  бір-бірінен  анық  байқалған  морфологиялық  белгілерімен 
ажыратылады (69-кесте).  
 
69-кесте – Ac бұршақ түрлерінің айырмашылық белгілері 
 
Белгілері 
Егістік ас бұршақ (Pisum 
sativum) 
Далалық асбұршақ (Pisum arvense) 
Тұқымы: 
пішіні 
Шар тәрізді 
Домалақтау-бұрышты 
беті 
Тегіс 
Тегіс, жиі түрде жаншылған 
түсі 
Ақ, сары, кызғылт, жасыл  Сұр, қоңыр, қара, бір реңді немесе суретпен 
Егін көгі 
Жасыл 
Сағақтарында антоциан дағы бар жасыл 
Жапырақ-
тары 
Сондай 
Жасыл, жапырақ серігінде қызыл дақтар 
болады 
Гүлдері 
Ақ 
Қызыл-күлгін 

 
148 
 
70-кесте – Егістік асбұршақтың маңызды түршелерінің айырмашылық белгілері 
Гүл 
шоғырының 
пішіні 
Сабақтың 
биіктігі 
Бұршаққап 
типі 
Тұқымы 
Тұқым 
жолының түсі 
Түрше атауы 
Түсі 
Пішіні, беті 
Ірілігі, г 
Қолтықты 
шоқгүл (1-2-
күлтеше 
жапырақты, 
пигменттелген) 
50-250 
Аршылған 
(пергамент 
қабаты) 
Ашық 
боялған 
Домалақ, 
домалақтау 
бұрышты 
150-200 
Ашық түсті 
Вульгарум 
1-2 гүлді 
күлтешесімен 
90-120 
Сондай  
Ашық-сары  
Сондай  
200-220 
Сондай  
Коронатум  
1-2 гүлді 
күлтешесімен 
50-65  
Сондай 
Сондай  
Сондай  
 
Сондай  
Гратиозум  
1-2 гүлді 
күлтешесімен 
80-150 
Сондай 
Ашық-сары, 
сарғыш-
қызғылт 
Сондай 
180-200 
Тұқым жолы 
жоқ 
Экадукум  

 
149 
 
Сондықтан  қанттық  асбұршақтың  бұршақ  қабы  жасыл  күйінде 
тамақтық  мақсатқа пайдаланылады.  Асбұршақ  бірқатар  морфологиялық 
белгілері бойынша түршелерге бөлінеді (70-кесте). 
Пайдалануға рұқсат етілген асбұршақ сорттары: 
Рамонский  77.  Ресейдің  қант  қызылшасы  ҒЗИ-да  шығарылған. 
Вульгатум  түршесіне  жатады.  Орташа  мерзімде  пісетін  сорт,  ауруларға 
орташа  төзімді,  қуаңшылыққа  төзімділігі  жоғары,  1000  тұқымның 
массасы 180-250 г. ҚР-ның Ақтөбе, жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, 
Қостанай облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Неосыпающий  1.  Ресейдің  Луган  МАШТС-да  шығарылған. 
Эвадукум  түршесіне  жатады,  сорт  орташа  мерзімде  піседі,  аурулар  мен 
зиянкестерге  орташа  төзімді,  шашылуға  жоғары  төзімділігімен 
ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 180-240 г. Қазақстанның  Ақмола, 
Шығыс  Қазақстан,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан,  Оңтүстік  Қазақстан 
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Таловец  55.  Ресейдің  Орталық-қаратопырақты  аумағы  АШҒЗИ-да 
шығарылған.  Түршесі-экадукум,  орташа  мерзімде  піседі,  қуаңшылыққа 
төзімділігі  ортадан  жоғары.  Біркелкі  пісетіндігімен  ерекшеленеді,  мүлде 
шашылмайды  деуге  болады.  Тамыр  шіріндісі,  аскохитоз,  ұн  ұлпасы, 
асбұршақ шіркейлерімен орташа залалданады. 1000 дәннің массасы 226-
322 г. Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Омский  неосыпающийся.  Ресейдің  Сібір  АШҒЗИ-да  шығарылған. 
Эвадукум  түршесіне  жатады.  Қазақстанның  Ақмола,  Қостанай,  Солтүстік 
Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Таловец  50,  Ресейдің  Орталық-қаратопырақты  аумағы  АШҒЗИ-да 
шығарылған. Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 
пайдалануға рұқсат етілген.  
Варяг  –  ерте  пісетін  сорт,  2008-жылдан  Шығыс-Қазақстан 
облысында пайдалануға рұқсат етілген. 
Зерноградский  неосыпающийся  –  орташа  мерзімде  пісетін  сорт. 
1989-жылдан Алматы облысында пайдалануға рұқсат етілген.  
Усач  Казахстанский  871  –  орташа  мерзімде  пісетін  сорт.  1996-
жылдан Қостанай облысында пайдалануға рұқсат етілген. 
Шал – орташа мерзімде пісетін сорт. 2003-жылдан Алматы, Шығыс 
Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
150 
 
АТБАС БҰРШАҚ – КОРМОВЫЕ БОБЫ –  
ҒАВА BONA MEDIK 
 
Атбас  бұршақ  (Ғаbа  bоnа  Меdіk)  негізінен  жұп  қауырсын 
жапырақтарының  санына  қарай  Раncijuga  және  Еu-Ғаbа  сияқты  екі  түр 
тармақтарына  ажыратылады  (В.С.  Муратова).  Еu-Ғаbа  түр  тармағы  кең 
тараған,  көптеген  жұп  жапырақтардан  тұрады  (3-4  жұп),  гүлдері  мен 
жемістері  айтарлықтай  ірі.  Бұл  түр  тармағы  үш  түршеге  ажыратылады: 
ұсақ тұқымды, орташа іріліктегі және ірі тұқымды (71-кесте). 
 
71-кесте – Атбас бұршақтың кең тараған түршелерінің  
айырмашылық белгілері 
 
Атбас бұршақтың тамыр жүйесі кіндікті, қуатты дамыған, топырақта   
1 м дейін және одан да тереңге бойлайды. 
Сабағы  –  тік  өседі,  төрт  қырлы,  берік,  биіктігі  0,5-2,0  м,  күшті 
жапырақтанған. 
 
Жапырақтары – қосқауырсынды,   жалаңаш,   жасыл   түсті   және 
қалың,
 
1-3      жұпты,      сопақ,      жиектері      бүтін,      әрі      төбесіне      қарай 
үшкірленген. 
Гүлдері  –  бұршақ    тұқымдастарына    тән,  қысқа      шоқгүлге      (2-12 
дана)  жинақталған.  Күлтеше  жапырақтары  ақ,  кейде  қызғылт 
қанаттарында қара дақ болады. Гүлденуі ұзаққа созылады. 
Жемістері  –  етті  бұршаққап,  ұзындығы  35-20  см,  ені  1,5-3  см, 
цилиндр  тәрізді  немесе  жалпақ,  жалаңаш  немесе  түкті,  3-6  тұқымнан 
тұрады және олардың түстері қоңыр немесе қара. 
Атбас  бұршақтың  жекелеген  морфологиялық  белгілері  42-суретте 
берілген. 
Түрше 
Тұқымның 
пішіні 
Тұқымның 
ұзындығы, 
см 
1000 
тұқымның 
массасы, г 
Бұршақ- 
қаптардың 
ұзындығы, 
см 
Бұршақ-
қаптардың 
ені, см 
Ірі  
тұқымды 
Жалпақ 
1,8-3,0 
800-1200 
7-20 
1,6-3,3 
Орташа 
іріліктегі 
Жалпақша- 
біліктілеу 
1,2-1,6 
650-800 
5,5-9,0 
1,2-1,6 
Ұсақ 
тұқымды 
Біліктілеу 
0,6-1,2 
300-650 
3,5-8,0 
0,8-1,3 

 
151 
 
 
42-сурет – Атбас бұршақ: 1,2-егін көгі және гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-
сабақтың жоғарғы бөлігі; 4-жемістері; 5-тұқымдары 
 
НОҒАТЫҚ – ЧИНА – LATHYRUS 
 
Ноғатық 800-ден астам түрлерді біріктіреді, бірақ тағамдық маңызы 
бары бір-ақ түр-егістік ноғатық (Lathyrus sativus). 
Егістік  ноғатық  екі  түр тармағына  бөлінеді:   еуропалық  және 
азиялық.  
Тамыр  жүйесі  кіндікті,  170  см  дейін  топырақ  терендігіне 
бойлайды, жақсы бұтақтанған. Сабағының биіктігі 20-дан 100 см дейін 
және одан жоғары, төрт қырлы, жапырылғыш. 
Жапырақтары  бір  жұптан  қосқауырсынды,  жапырақшалары 
ланцетті  немесе  линиялы.  Гүлдері  дараланған,  кейде  бір  гүл 
бағанасында екі гүлден болады, түстері әртүрлі: ақ, көк, күлгін, қызғылт 
немесе  ақ,  алайда  көкшіл  немесе  қызғылт  жүйкелі.  Желкені қарқынды 
боялған. 
Бұршаққап  ромбы,  кең  линиялы  немесе  эллипс  пішінді,  жоғарғы 
тігісінде қысыңқы екі қанатты. Бұршаққапта 3-4 тұқым болады. 
Тұқымдары  жалпақ,  жалпақ-сыналы-тісті  пішінде  келеді.  Түсі 
сарғыштау-ақ, сұр және қоңыр әртүрлі реңді және суретті. 
Егістік ноғатық 43-суретте көрсетілген. 

 
152 
 
 
43-сурет  –  Егістік  ноғатық:  1,2-гүлдену-жеміс  түзу  және  дамыған  егін  көгі 
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың жоғарғы бөлігі; 4-жемістер; 5-тұқымдар 
 
       Пайдалануға рұқсат етілген ноғатықтың сорттары: 
Степная  287.  Орташа  мерзімде  піседі,  қуаңшылық  пен  аңызаққа 
жоғары      төзімділігімен      ерекшеленеді,      жоғары      өнімді,      дәмдік     
сапасы  жақсы.  1000  тұқымның  массасы  160-180  г.  1956  жылдан 
Қазақстанның Ақтөбе облысында пайдалануға рұқсат етілген.  
Кинельская  7.  Орташа  мерзімде  пісетін  сорт.  Қуаңшылыққа, 
аңызаққа  жоғары  төзімді,  аурулар  және  зиянкестермен  әлсіз 
жарақаттанады.  1000  тұқымның  массасы  175-230  г.  Қазақстан 
Республикасының  Шығыс  Қазақстан  облысында  пайдалануға  рұқсат 
етілген. 
Али-Бар  –  ерте  пісетін  сорт,  2006-жылдан  Қазақстанның  Алматы 
облысында пайдалануға рұқсат етілген. 
 
ЖАСЫМЫҚ - ЧЕЧЕВИЦА – ERVUM 
 
Жасымық  бес  түрді  біріктіреді,  олардың  ішінде  жалғыз  мәдени 
немесе кәдімгі жасымық (Еrvum Lens) барынша көп тараған. 
Тамыр жүйесі кіндікті, аз бұтақтанған, сабағы жіңішке, төрт қырлы, 
биіктігі  40-70  см,  жапырылуға  бейім  өсімдік.  Жапырақтары 
қосқауырсынды,  мұртпен  аяқталады.  Гүлдері  ұсақ,  ак,  көкшіл  немесе 
күлгін – көк түсті. 
Бұршаққабы қысқа, 1-3 тұқымды, жалпақ. 
Тұқымы дөңгелек, қысыңқы, жасыл немесе сары-жасыл, диаметрі 

 
153 
 
3-тен  9  мм-ге  дейін.  Дақылдың  кейбір  морфологиялық  белгілері  44-
сурет пен 72-кестеде көрсетілген. 
Кәдімгі  жасымық  екі  түр  тармағына  бөлінеді:  ірі  тұқымды 
жасымық  (Е.Lens  macrosperma)  және  ұсақ  тұқымды  жасымық  (Е.Lens 
macrosperma). 
 
 
44-сурет  –  Жасымық:  1,2-дамыған  егін  көгі  және  гүлдену  кезеңдеріндегі  өсімдіктер;  3-
сабақтың бір бөлігі; 4-гүл; 5,6 - ірі тұқымды және ұсақ тұқымды жасымықтың жемістері 
(а) мен тұқымдары (б) 
 
72-кесте – Кәдімгі жасымық түр тармақтарының айырмашылық белгілері 
Белгілері 
Ірі тұқымды жасымық 
Ұсақ тұқымды жасымық 
Өсімдіктің биіктігі, см  
45-75 
20-35 
Жапырақтары: пішіні  
Сопақ  
Ұзынша, линиялы  
Ұзындығы, мм 
15-25 
15-18 
Ені, мм 
4-10 
2-5 
Гүлі: мөлшері, мм 
7-8 
5-7 
Түсі  
Ақ, желкені көкшіл 
жүйкелермен 
Күлгін-көк, көгілдір, ақ 
Бұршаққап: ұзындығы, мм 
15-20 
6-15 
Ені, мм 
7-10 
3-7 
Тұқымы: пішіні 
Домалақ, жалпақ 
Домалақ, дөңес 
Диаметрі, мм 
6-9 
3-5 
қыры 
Үшкір  
Доғал  

 
154 
 
Петровская  4/105,  Днепропетровская  3,  Таджикская  95. 
Жасымықтың бұл ашық-жасыл немесе сары түсті ірі тұқымды сорттары 
Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген.   
 
НОҚАТ – НУТ – СІСЕR 
 
Ноқат   Сісеr  туыстығына   жатады   және   30-дан  астам  түрлерді 
біріктіреді.   Олардың көпшілігі   көпжылдық.   Дақылда   кең  тарағаны -
жалғыз түр – мәдени ноқат (Сісеr агіetinum). 
Бұл  бір  жылдық  өсімдік,  сабақтары  қырлы,  тік  өседі.  Тамыр 
түбінен  немесе  бүкіл  сабақ  бойымен  бұтақтанады.  Жапырақтары 
қысқа  сағақты  дара  қосқауырсынды,  түкті,  мұрттары  болмайды. 
Гүлдері  қосжынысты,  ұсақ,  ақ,  қызғылт,  қызыл-күлгін,  кейде  көкшіл 
түсті.  Бұршаққаптары  қысқа,  қос  дәнді,  қампиған,  сопақ  пішінді, 
сабанды-сарғыш  түсті  молынан  түктелген.  Тұқымы    бұрышты  – 
домалақ,  тұмсықты,  ақ  сары,  қызылдау,  қара.  Кейбір  морфологиялық 
белгілері 44-суретте көрсетілген. 
 
 
 
45-сурет – Ноқат: 1,2-дамыған егін көгі және гүлдену-жеміс түзу кезеңдеріндегі 
өсімдіктер; 3-сабақтың жоғаргы бөлігі; 4-жеміс; 5-тұқымдары 
 
Пайдалануға рұқсат етілген ноқаттың сорттары:  
Юбилейный. 
Ресейдің 
Краснокут 
селекциялық 
стансасында 
шығарылған.  Сорт  орташа  мерзімде  піседі,  құрғақшылыққа  төзімді, 

 
155 
 
шашылмайды, жапырылмайды. 1000 тұқымның массасы 260-315 г. Ақмола, 
Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан,  Қарағанды,  Қостанай  және  Оңтүстік  Қазақстан 
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Краснокутский  123.    Ресейдің  Краснокут  селекциялық  стансасында 
шығарылған.  Сорт  орташа  мерзімде  піседі,  құрғақшылыққа  жоғары 
төзімділігімен  ерекшеленеді.  1000  тұқымның  массасы  256-330  г.  Шығыс 
Қазақстан  мен  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында  пайдалануға  рұқсат 
етілген. 
Камила 1255.  Вильямс В.Р. атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Өзбек 
астық  ҒЗИ-ты  бірлесіп  шығарған.  Өсіп-даму  кезеңінің  ұзақтығы  тәлімі 
жерлерде  100,  ал  суармалы  жағдайда  –  120  тәулік,  жапырылмайды. 
Оңтүстік  Қазақстан,  Алматы  және  Жамбыл  облыстарында  пайдалануға 
рұқсат етілген. 
Волгоградский 10. Сорт орташа мерзімде піседі. 1990 жылдан Ақмола, 
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. 
Жаңалық.  Орташа мерзімде  піседі. 2010 жылдан  Оңтүстік Қазақстан 
облысында пайдалануға рұқсат етілген. 
Икарда  1.  Орташа  мерзімде  пісетін  сорт.  2007  жылдан  Алматы, 
Оңтүстік  Қазақстан  және  Жамбыл  облыстарында  пайдалануға  рұқсат 
етілген. 
 
ҮШТІК  ЖӘНЕ САУСАҚ-САЛАЛЫ ЖАПЫРАҚТЫ 
ДӘНДІ БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫ 
 
Т А П С Ы Р М А  
 
1. Бадана (лобия бұршағы) түрлерін оқып-үйрену. 
2.  Май  бұршақтың  түр  тармақтары  мен  аудандастырылған 
сорттарын оқып-үйрену. 
3.  Бөрі бұршақ түрлерін оқып-үйрену. 
 
БАДАНА – ФАСОЛЬ – РHASEOLUS 
 
Бадананың  200-дей  түрлері  белгілі,  олардың  20-сы  дақылда 
өсіріледі. Ірі тұқымдылардан барынша кең тарағаны кәдімгі бадана, ал 
ұсақ тұқымдылардан маш баданасы. 
Кәдімгі  бадана  (Phaseolus  vulgaris)  жақсы  дамыған  тамыр  жүйесін 
қалыптастырады. 
Сабағы 
шөптесін, 
бұтақты 
формаларында 
жапырылмайды, биіктігі 50 см дейін. Жапырақтары үштік, жүрек тәрізді – 
үшбұрышты  кең  жапырақшалары  болады.  Гүлдері  ақ,  кейде  қызғылт. 
Бұршаққаптары  ұзын,  көптұқымды.  Тұқымы  ірі,  бүйрек  пішінді,  түсі 
әртүрлі (46-сурет). 
 

 
156 
 
 
      46-сурет  –  Бадана:  1,2-екінші  үштік  жапырақ  және  гүлдену-жеміс  түзу 
кезеңдеріндегі  өсімдіктер;  3-үштік  жапырақ  және  гүлдер;  4-бұршаққаптар;  5-
тұқымдар 
 
МАЙБҰРШАҚ – СОЯ – GLYCINЕ 
 
Мәдени май бұршақ – Glicine hispida – 75 түрді біріктіреді. Май бұршақ 
–  бір  жылдық  шөптесін  өсімдік,  кіндікті  тамыр  жүйесі  бар,  ол  жақсы 
бұтақтанады.  Сабағы  тік  өседі,  жапырылмайды,  биіктігі  1,5  м  дейін 
жетеді. 
Жапырақтары үштік, жапырақшалары жұмыртқа пішінді немесе сопақ, 
егін  жинау  қарсаңында  түсіп  қалады.  Бүкіл  өсімдік  түкпен  көмкерілген, 
гүлдері ақ немесе  ашық-күлгін түсті, 3-5 гүлден тұратын шоқгүл  түрінде 
жапырақтар  қолтығында  орналасқан.  Бұршаққаптары  ірі  емес,  1-5 
тұқымды  жиі  түктенген,  піскенде  қоңыр,  тіпті  қара  түсті  болады. 
Тұқымдары  шар  тәрізді,  сопақ  пішінді,  сары,  жасыл,  қоңыр,  қара. 
Мәдени май бұршақ көптеген түр тармақтары мен түршелерге бөлінеді. 
Манчжурия  түр  тармағы  (Glycine  hispida  manschurica)  тұқымы  жиі 
түрде сопақ, дөңес, орташа мөлшерде (1000 тұқымның массасы 120-130 
г)  гүлдері  ұсақ,  сабағы  жуан,  жапырақтары  дөрекі.  Қытайлық  (G.h. 
chinensis)  жоғарыда  аталған  түр  тармағынан  айырмашылығы  сабағы 
жіңішке,  жапырылуға  бейім,  жапырақтары  жұқа,  тұқымдары  жалпақ, 
ұсақ, 1000 тұқымның массасы 70-130 г. 
Славян түр тармағы (G.h. slavonica); 

 
157 
 
Үнді түр тармағы (G.h. іndіса); 
 Корей түр тармағы (G.h. korajensis); 
Өсірілетін көптеген сорттар манчжурия және славян түр тармақтарына 
жатады. Май бұршақ дақылы 47-суретте кескінделген. 
Қазақстанда  пайдалануға  рұқсат  етілген  майбұршақ  сорттары  73-
кестеде өрнектелген. 
 
47-сурет  –  Майбұршақ:  1-алғашқы  үштік  жапырақ  кезеңіндегі  өсімдік:  а-
тұқым жарнақтары, б-примордиальды жапырақтар, в-алғашқы үштік жапырақ; 2-
гүлдену  -  жеміс  түзу  кезеңіндегі  өсімдіктің  жалпы  кескіні;  3-жапырақтары  және 
гүлдерімен сабақтың бір бөлігі; 4-тұқымдары; 5-піскен бұршаққаптар 
 
73-кесте – Қазақстан Республикасының облысында пайдалануға рұқсат 
етілген майбұршақ сорттары 
Облыстар 
Пісу мерзіміне байланысты сорттар топтары 
Ерте 
пісетін 
Ортадан ерте пісетін  Орташа 
мерзімде 
пісетін 
Ортадан 
кеш 
пісетін 
Кеш 
пісетін 






Ақмола  
СИБНИИК 
315 
 
 
 
 
Алматы   Жалпақсай, 
Радость 
Алматы, Зең, 
Казахстанская2309, 
Мисула 1092, 
Рента, Ружица  
Ласточка, 
Эврика 357 
Сава  
Нена  
Шығыс 
Қазақстан  
 
Аврора  
Букурия  
Ана  
Воевод-
жанка  
Жамбыл  
Радость  
Казахская 2309,  
Мисула 1092 
Эврика 357 
 
 

 
158 
 
                                                                                                     73-кестенің жалғасы 






Батыс 
Қазақстан  
Жалпак-
сай  
Волгоградка 1 
 
 
 
Қызылорда   Жалпак-
сай 
Алматы, Казахская 
2309,  
Мисула 1092 
 
 
 
Қостанай  
СИБНИ
ИК 315 
 
 
 
 
СҚО 
СИБНИ
ИК 315 
 
 
 
 
Оңтүстік 
Қазақстан  
Жалпақс
ай  
Алматы  
Вита  
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет