Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)
Агрохимия СПУ- экзамен 02.04

Местные сорта, 1967 (3); 
Краснокустный узкоколосый 305, 1962 (6); 
Прогресс 85, 1994 (3). 
 
 
ҚЫЛТЫҚСЫЗ АРПАБАС - КОСТРЕЦ БЕЗОСТЫЙ – 
BROMOPSIS INERMIS  
 
ТАПСЫРМА 
 
1.  Қылтықсыз  арпабастың  морфологиялық  ерекшеліктерін  оқып-
үйрену. 
2.  Сорттардың  шаруашылық-биологиялық  сипаттамасын  оқып-
үйрену. 
3.  Қылтықсыз  арпабасты  мал  азығына  өсірудің  операциялық 
технологиясын жасау. 
4. 
Қылтықсыз  арпабастың  тұқымға  өсірудің  операциялық 
технологиясын жасау. 
Қылтықсыз арпабас – маңызы мен таралуы бойынша Қазақстанда 
еркекшөптен  кейін  көпжылдық  астық  тұқымдас  шөптердің  ішінде 
шабындық-жайылымдық дақыл ретінде екінші орын алады. 
Арпабас  туыстығына  (Bromopsis)  40-тан  аса  түрлер  кіреді,  оның 
ішінде  Қазақстанда  20  түрі  өседі,  олардың  арасында  қылтықсыз, 
қарабидайлы, тік, шұбар, сібірлік т.б. бар. 
Қазақстанның  егіншілігінде  қылтықсыз  арпабас  (Bromopsis 
inermis)  тараған.  Соңғы  жылдары  пайдалануға  тік  арпабас  (Br.  arvensis) 
жіберілген. Қылтықсыз арпабас – көпжылдық көген тамырлы жер асты 
сабақты,  борпас  бұтақты  төбелік  типтегі  өсімдік.  Ол  жайыла  өсетін 
көген  тамыр  түзеді  және  жер  асты  өркендерін  қалыптастырады.  Көген 
тамыры шалғындық арпабасты топыраққа 8-10 см, ал далалық тобында 
15-20  см  дейін  бойлайды.  Жер  асты  өркендердің  бірнеше  буын  (буын) 
аралықтары  болады,  олардан  қосалқы  өркендер  дамып,  жер  беті 
сабақтарын  құрайды,  және  қосымша  түптену  тамырларын  береді. 
Өсімдіктің  бірінші  тіршілік  жылында  тамырлар  50-100  см  дейін,  ал 
кейінгі  жылдары  200-225  см  дейін  терендейді.  Қылтықсыз  арпабас 
генеративті  (жемісті)  және  вегетативті  (жеміссіз)  сабақтардан  тұрады. 
Жемісті сабақтардың үлесі жалпы санының шалғындық тобында 25-45%, 
ал далалық топтарында 30-55 %. Өсімдік биіктігі 0,6-1,7 м. Жапырақтары 
жалаңаш,  өсіп-даму  кезеңдерінің  басында-көктеу  кезеңінде  ғана 
өсімдіктер  түкті  келеді.  Жапырақтануы  бірінші  шабыста  50-56%, 

 
241 
 
екіншісінде 55-70%. 
Гүл шоғыры – сіпсебас (шашақ), ұзындығы 10-30 см, шашақ иілген, 
қысыңқы,  жартылай  қысыңқы,  біржалды  түрде  кездеседі  және  ол 
бұтақтардың 
саны 
мен 
тығыздығына 
байланысты 
өзгереді. 
Масақшалары  ірі,  көпгүлді,  ұзын  күлгін  реңді.  Жемістері  (егістік 
материал)-қабықты,  дәннің  ұзыңдығы  9-12  мм,  ені  2,5-3,0  мм  күңгірт  – 
сұр  немесе  қоңыр  түсті,  қылтықсыз,  сусымалы  емес.  1000  тұқымның 
массасы  орта  есеппен  3,5  г,  алайда  сорттық  ерекшеліктері  мен  өсіру 
жағдайларына байланысты 2,8-ден 4,5 г дейін өзгереді. 
Өсімдік  сәуір  айының  ортасында  көктей  бастайды,  маусымның 
екінші  жартысында  гүлдейді,  ал  тұқымы  шілденің  аяғы  –  тамыздың 
басында  піседі  де  жалпы  өсіп-жетілу  кезеңі  80-110  тәулік  құрайды  (81-
сурет). 
 
81-сурет  –  Қылтықсыз  арпабас:  1,2-шашақтану  және  егін  көгі  кезеңдеріндегі 
өсімдіктер;  3,4-шашақтану  және  гүлдену  кезеңдеріндегі  шашақтар;  5-масақша;  6-
жемістер (сол жақта с-үлкейтілгендері) 
 
Қазақстанда  пайдалануға  рұқсат  етілген  қылтықсыз  арпабас 
сорттары: 
Восточно-Казахстанский 
– 
Шығыс 
Қазақстан 
МАТС-да 
шығарылған. Сорт орманды-далалық экологиялық тобына жатады. 
Өсіп-жетілу кезеңі көктемгі көктеуден бірінші шабысқа дейін 47-52 
тәулік,  тұқымының  пісуіне  дейін  97-108  тәулік.  Қыстың  суығына 
төзімділігі  жақсы,  қуаңшылыққа  төзімді,  алайда  ылғалдануға  жақсы 
әсер  етеді,  малдың  жайылуы  мен  таптауын  жеңіл  көтереді,  1972 
(1,5,7,8). 
Лиманный  –  Қазақ  АШҒЗИ-да  шығарылған,  орманды  далалық 
экологиялық  топқа  жатады.  Өсіп-жетілу  кезеңі  көктемгі  көктеуден 

 
242 
 
алғашқы  шабысқа  дейін  47-58  тәулік,  тұқымының  пісуіне  дейін  79-88 
тәулік,  көктемде  және  әрбір  шабыстан  кейін  жақсы  көктейді. 
Құрғақшылыққа орташа, ал қысқа жақсы төзімді, 1975 (1). 
СИБНИИСХОЗ  189  –  Ресейдің  Сібір  АШҒЗИ-да  шығарылған, 
далалық  экологиялық  топқа жатады, өсіп-жетілу  кезеңі бірінші  шабысқа 
дейін  50-56  тәулік  қысқа  төзімділігі  орташа,  қуаңшылыққа  төзімділігі 
жоғары, 1957(1, 12,13). 
Степной  (№  460)  –  Қарабалық  МАТС-да  шығарылған,  далалық 
экологиялық  топқа  жатады.  Өсіп  жетілу  кезеңі  көктемгі  көктеуден 
алғашқы  шабысқа  дейін  53-70  тәулік,  көктемде  жақсы  көктейді,  ал 
шабылғаннан  кейін  қарқынды  көктеп  өседі.  Қуаңшылыққа,  қыстың 
суығына  төзімділігі  жақсы,  мол  ылғалға  жақсы  қажетсінеді,  малдың 
таптауын жеңіл көтереді, 1966 (5,10). 
Акмолинский  91,  1998  (1,12);  СИБНИИСХОЗ  88,  1994  (2,13);  Тік 
(жағалаулық) қылтықсыз арпабас Целиноградский 30, 1991 (3). 
 
КӨГЕН ТАМЫРСЫЗ БИДАЙЫҚ – ПЫРЕЙ БЕСКОРНЕВИЩЫЙ 
 
ROEGNERIA TRACHYCAULON 
 
Т А П С Ы Р М А  
 
1.  Көген  тамырсыз  бидайықтың  морфологиялық  ерекшеліктерін 
оқып-үйрену. 
2.  Сорттардың  шаруашылық-биологаялық  сипаттамасын  оқып-
үйрену. 
3.  Мал азығы мен тұқымға өсірудің операциялық технологиясын 
жасау. 
Көген тамырсыз бидайық Қазақстанның орманды дала және далалық 
аймақтарында  өсірілетін  көпжылдық  мал  азықтық  өсімдік.  Ол  регнерия 
туыстығына  (Roegneria)  жатады,  Қазақстанда  оның  40-тан  аса  түрлері 
өседі.  Егістікке  көген  тамырсыз  бидайық  (Roegneria  trachycaulon)  және 
талшықты  бидайық  (Roegneria  fibrosa)  енгізілген.  Бұлар  төбелік  типтегі, 
борпас  астық  тұқымдас,  қуатты  тамыр  жүйесі,  1,0-1,2  м  терендікке 
бойлайды.  Шөптесін  бұтасы  көптеген  жіңішке  сабақтардан  тұрады, 
биіктігі  0,6-1,1  м  жапырақтануы  24-30%.  Жапырақтары  жіңішке,  ұзын, 
қатты. Гүл шоғыры – борпылдақ (борпас) қосқатарлы масақ, ұзыңдығы 8-
15  см,  масақшасы  2-3  гүлді,  айқас  тозаңданатын  өсімдік.  Жемістері 
(егістік  материал)  –  қабықты  дәндер.  1000  тұқымның  массасы  2,5-3,5  г. 
даму  типі  –  күздік-жаздық.  Талшықты  бидайық  көген  тамырсыз 
бидайыққа қарағанда ерте піседі (көктемгі көктеуден шабылмалы пісуіне 
дейін  45-50  тәулік,  тұқымның  пісуіне  дейін  65-75  тәулік),  масағы  ұзын 
(12-16  см),  доға  тәрізді  иілген,  ал  тұқымдары  күштірек  түктенген  және 
күлгін  реңді.  Бидайықтың  кейбір  морфологиялық  белгілері  82-суретте 
келтірілген. 

 
243 
 
 
82-сурет  –  Бидайық.  1-егін  көгі  кезеңіндегі  өсімдік;  2-көген  тамырлы  бидайықтың 
масақтану  кезеңіндегі  өсімдігі;  3,4,5-көген  тамырлы  бидайықтың  масақтары, 
масақшасы  және  жемістері  (сол  жақта-үлкейтілгендері);  6-көген  тамырсыз  бидайық 
өсімдігінің төменгі бөлігі; 7,8,9-көген тамырсыз бидайықтың масақтары, масақшасы, 
жемістері (сол жақта-үлкейтілгендері) 
 
Қазақстанда  пайдалануға  рұқсат  етілген  көген  тамырсыз 
бидайық сорттары: 
Карабалыкский 86 – Қарабалық МАТС-да шығарылған. Өсіп-жетілу 
кезеңі  көктемгі  көктеуден  масақтануға  дейін  62-66,  тұқымның  пісуіне 
дейін  84-100  тәулік.  Көктемде  және  шабылғаннан  кейін  баяу  көктейді, 
қуаңшылыққа орташа, ал қысқа жақсы төзімді, 1959 (8,10,13). 
Колутонский  (Арман)  –  Қазақ  АШҒЗИ-да  шығарылған.  Бұтасы  тік 
өседі,  борпас,  сабағы  түкті,  биіктігі  65  см  дейін.  Бұтақтануы  жоғары 
жапырақтануы  54%  дейін.  Көктемде  және  бірінші  шабылғаннан  жақсы 
көктейді,  ал  екінші  шабыстан  соң  баяу.  Көктеуден  шабылмалы  пісуіне 
дейінгі вегетациялық толық пісуіне дейін 90 тәулік. Құрғақшылыққа және 
қысқа төзімді сорт, 1994 (1). 
 
 
 

 
244 
 
КӨКШІЛ СҰР БИДАЙЫҚ – ПЫРЕЙ СИЗЫЙ –  
AGROPYRON GLAUCUM 
 
Көкшіл  сұр  бидайық  (орташа  бидайық)  –  Аgropyron  glaucum, 
көпжылдық,  қысқа  көген  тамырлы  төбелік  типтегі  астық  тұқымдас, 
шабындық  және  жайылымдық  өсімдік.  Сабақтары  тік  өседі, 
буындарында  біршама  жуанданған,  жалаңаш,  жақсы  жапырақтанған. 
Жапырақтары  түкті,  көкшіл  сұр  түсті.  Гүл  шоғыры  ұзындығы  7-10  см 
борпас  масақ,  көпгүлді,  әлсіз  қылтықты.  Жемісі  –  дән,  1000  тұқымның 
массасы 2,5-3,0г.  
Пайдалануға рұқсат етілген сорттары: 
Ростовский  31  –  Зерноград  МАТС-да  шығарылған.  Тік  өсетін 
бұтасының  биіктігі  65-90  см,  бұтада  23-56  сабақ  болуы  мүмкін. 
Масақтануға дейін сабақтары нәзік, жапырақтары сызықты, көкшіл сұр-
жасылдау,  жұмсақ.  Өсіп-жетілу  кезеңі көктемгі көктеуден шабылмалы 
пісуіне  дейін  49-77  тәулік,  шабылғаннан  кейін  және  көктемде  баяу 
көктейді,  қуатты  тамыр  жүйесі  бар,  шөптесінде  ұзақ  уақыт  сақталады. 
Қысқа және қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1974 (5,10,13). 
Омич – Ресейдің Сібір АШҒЗИ-да шығарылған, 1989 (1,8,10). 
Карабалыкский сизый, 1998 (8,13). 
Жоғарыда  аталған  сорттардан  басқа  көпжылдық  астық  тұқымдас 
шөптердің төмендегідей сорттары пайдалануға рұқсат етілген: 
Шалғындық бетеге: Каргалинская, 1991 (3); Пензенская 1, 1989 (7). 
Сібірлік пырейник: Гуран, 1974 (1,14). 
Даурлық пырейник: Нарынкольский, 1991 (3). 
Ситник  ломколоснигі:  Бозойский,  1975  (1,2,3,5,6,7,8,10,12,13,14); 
Шортандинский, 1975 (1,3,10,12,13). 
Тік арпабас : Целиноградский 30, 1991 (3). 
Жима тарғақ: Заилийская, 1993 (3); Каркара, 2000 (3). 
Қазақстанда  көгалға  (көгалдық  шөптер)  себуге  рұқсат  етілген 
шалғындық  қоңырбас  сорты  Барон,  1985  (3,6,9,14),  түрліжапырақты 
бетеге сорты Изумрудная, 1986 (3,6,9,14). 
Пайдалануға  рұқсат  етілген  басқа  тұқымдастардың  көпжылдық 
және  біржыддық  өсімдіктері:  Қара  сексеуіл  сорты;  Жан-Сая,  2000 
(9,14);  Шашақты  амарант  сорты:  Атлант,  1995  (3,5,14);  Изен  (прутняк) 
сорттары — Алма-Атинский песчаный 1, 1985 (3); Бактоген, 1999 (14); 
Задарьинский,  1990  (14);  Күйреуік  сорттары  –  Айдарлинский  1,  1985 
(3);  Сэн,  2000  (9,14):  Теріскен  сорттары  –  Арысский,  1990  (13);  КЛХ-2, 
1990  (3);  Қызыл-құм,  1999  (14);  Чолон  (азжапырақты  эления)  сорты: 
Сырдарьинский, 2000 (9,14). Жалын, 2006 (9,14). 
 
Бақылау сұрақтары 
 
1. Қазақстанда 
егістікте 
және 
шалғындық 
жайылымдық 
шаруашылықта  өсірілетін  көпжылдық  астық  тұқымдас  шөптердің 

 
245 
 
азықтық құндылығын сипаттау. 
2. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің негізгі түрлері және оларды 
Республика  мен  Солтүстік  Қазақстанның  топырақ-климат  аймақтарына 
орналастыру. 
3. Астық  тұқымдас  еркекшөп,  қылтықсыз  арпабас,  бидайық  ж.б. 
шөптердің морфологиялық ерекшеліктері, жапырақтануы. 
4. Еркекшөп пен бидайықтың негізгі түрлері. 
5. Еркекшөп,  бидайық,  райграс,  арпабас,  бетеге  ж.б.  түрлерін 
тұқымдары мен гүл шоғырлары бойынша айырмашылық белгілері. 
6. Көпжылдық  астық  тұқымдас  шөптердің  өсіп-даму  ерекшеліктері. 
Топырақ-климат  жағдайларына  байланысты  өнімді  пайдаланудың  ұзақ-
өміршеңдігі. 
7. Көпжылдық 
астық 
тұқымдас 
шөптердің 
биологиялық 
ерекшеліктері  (жылуға,  ылғалға,  топыраққа  талаптары).  Қазақстанның 
негізгі  топырақ-климат  аймақтарында  өнімділігінің  потенциальды 
мүмкіндігі.  Агротехника  мен  себілгеннен  кейінгі  жағдайларға 
байланысты танаптық өнгіштігі және өсімдіктерінің сақталуы. 
8. Республика мен Солтүстік Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген 
көпжылдық шөптердің сорттары. 
9. Көпжылдық  астық  тұқымдас  шөптерді  мал  азығы  мен  тұқымға 
өсіру агротехникасының ерекшеліктері: 
а.  алғы      дақылдар      мен      жамылғысыз      және      жамылғылы   
тәсілдерінің жағдайлары; 
б.  қалыптасқан      жағдайларға      байланысты      себу      мерзімдерін 
негіздеу; 
в. себу  кезеңіндегі  нақты  жағдайларға  байланысты  тұқымның  себу 
мөлшері мен олардың сіңіру тереңдігі; 
г. тыңайтқыштар  мөлшерін  есептеудің  ерекшеліктері  және  оларды 
көпжылдық шөптерге енгізу; 
д. бірінші  және  одан  кейінгі  тіршілік  жылдарындағы  шөптердің 
егістігін күтіп-баптау. 
10.   Мал   азығын   жинау  және   дайындау  технологиясы.   Мал 
азығын дайыңдаудың прогрессивті технологиялары. 
 
4.3  МАЛ АЗЫҚТЫҚ БІРЖЫЛДЫҚ БҰРШАҚ 
ТҰҚЫМДАС ШӨПТЕР 
 
ТАПСЫРМА 
1.  Айырмашылық      белгілері      бойынша      жаздық      және      күздік 
сиыржоңышқа,  ас  бұршақ,  ноғатық,  сераделланы  оқып  үйрену  және 
сипаттап жазу. 
2. Сиыржоңышқаның негізгі түрлерін анықтауды үйрену. 
3.  Егістік  сиыржоңышқаның  негізгі  түршелерін  оқып-үйрену. 
Біржылық бұршақ тұқымдас шөптердің сорттарын сипаттау. 

 
246 
 
4.  Мал      азықтық      шөптердің      (сиыржоңышқа,      далалық    және 
егістік    асбұршақ,  ноғатық)  бірінің  тұқымға    өсірудің    операциялық 
технологиясын жасау. 
Пішен,    пішендеме,   жалқы   азық, жасыл   балауса   алу   үшін 
біржылдық  бұршақ  тұқымдас  шөптер  ретінде  сиыржоңышқа,  асбұршақ 
егістік   және далалық   пелюшка,   ноғатық   өсіріледі.   Мал   азықтық 
мақсатқа   бұл   дақылдар   біржылдық   астық   тұқымдас   шөптердің  
қоспаларында   себіледі,    мұның   өзі   мал   азығының   құндылығын 
анағұрлым арттырады. 
 
СИЫРЖОҢЫШҚА – ВИКА – VІСІА 
 
Сиыржоңышқа  –  біржылдық  бұршақ  тұқымдас  шөптердің  ішіндегі 
барынша  құнды  мал  азықтық  өсімдіктердің  бірі  Vісіа  туыстығынан 
егістікке  10  түрі  енгізілген,  алайда  кең  тарағандары  егістік 
сиыржоңышқа  (V.sativа)  түкті  немесе  күздік  сиыржоңышқа  (V.  vilosа) 
және паннон сиыржоңышқасы (V. Раn раnnonіса). 
Сиыржоңышқаның 
көптеген 
түрлері 
мезофиттер, 
жақсы 
ылғалданған  аймақтарда  тараған,  бірақ  далалық  аймақта  өсетін 
айтарлықтай қуаңшылыққа төзімді топтары мен сорттары да бар. 
Өсімдіктердің  құрылысындағы  ерекшеліктері.  Сиыржоңышқаның 
сабағы  жіңішке  (2,5-4,0  мм),  жапырылғыш,  айқын  емес  төртқырлы, 
әртүрлі  дәрежеде  түкті,  кейде  түксіз.  Сабақтың  биіктігі  өсіру 
жағдайлары  мен  сорттарына  қарай  0,5-1,0  м.  Жапырақтары 
қосқауырсынды,  бұтақты  мұртшамен  бітеді,  айтарлықтай  ірі,  ұзындығы 
4,0-8,5 см, 5-8 (4-9) жұп әртүрлі пішіндегі жапырақшалары (кең эллипс, 
кері жұмыртқа тәрізді, жіңішкелеу – сопақ, сына, жүрек тәрізді, ұштары 
қиық немесе ойық болып бітеді) бар. Гүлдері ірі, түстері әртүрлі, бірақ 
көбінесе  ақшыл  көк  қарақошқыл,  жапырактардың  қолтығында  қысқа 
аяқшаларға  жұптасып,  кейде  біреу  немесе  үшеу  болып  бекиді, 
күлтешесінің  мөлшері  20-28  мм  (ақ,  сарғыш,  қызғылт  ж.б.  түсті). 
Жемістері  –  көптұқымды  бұршаққап,  ұзынша  –  ромбылы,  жалаңаш 
немесе  түкті,  ашық-қоңыр,  қоңыр,  кейде  қара  түсті,  ұзындығы  40-85 
мм, ені 5-10 мм, тұқым саны 4-11. Тұқымдары домалақ, әлсіз қысылған, 
4,05-5,0 мм, әртүрлі түсті және суретті. 1000 тұқымның массасы 45-65 г. 
Сиыржонышқаның түрлерін анықтау. Барынша кең тараған егістік 
және  түкті  сиыржоңышқаның  айырмашылық  белгілері  83,84-суреттер 
мен 94-кестеде келтірілген. 
Сиыржоңышқаның  түршелерін  анықтау.  Сиыржоңышка  күлтеше 
жапырақшасының,  тұқымның  түстері  тұқымдағы  суретке  байланысты 
бірнеше түршелерге бөлінеді (95-кесте). 
Жаздық сиыржоңышқаның сорттары: 
Камалинская  611  –  Ресейдің  Краснояр  АШҒЗИ-да  шығарылған, 
типика  түршесіне  жатады,  1000 тұқымның  массасы 65-67 г. сорт  ерте   

 
247 
 
94-кесте  –  Сиыржоңышқаның  негізі  түрлерінің  айырмашылық 
белгілері 
Белгілері 
Егістік сиыржоңышқа 
Түкті (күздік) сиыржоңышқа 



Егін көгі 
Алғашқы  жапырақтарда  бір 
жұп жапырақшалар бар 
Алғашқы  жапырақтарда  екі 
жұп  сызықты  жапырақшалар 
бар 
Жапырақтың 
түктілігі 
Талшықты, әлсіз қысыңқы 
Талшықты, түкті-шашыраңқы 
Жапырақшалар 
пішіні 
Ұзынша-сызықты, 
төбесі 
тұқыл 
қиықты, 
жүйкесі 
шығып тұрады 
Ұзынша-сопақ,  жүйкесі  шетіне 
шықпаған 
Гүл шоғыры 
Гүлдері  отырған  (аяқшасы 
жоқ), қосгүлді 
Шоқгүл 
ұзын 
аяқшамен 
бекіген, көпгүлді 
Гүлдің 
түсі 
мен мөлшері 
Ірі, ақшыл-көк қара -қошқыл 
Орташа  ірілікте,  күлгін  көк 
немесе қызғылт -күлгін 
Жемісі 
Ұзын  (4-6см),  ені  0,6-1,0см, 
көптұқымды (7-12 тұқым) 
Ұзынша-ромбылы,  қысыңқы, 
жалаңаш,  ұзындығы  2-3см,  бір 
бұршаққапта  3-8  тұқым,  сары 
немесе қоңыр түсті 
Тұқымы 
Домалақ, әлсіз қысылған, ірі, 
орташа 
мөлшерлі, 
түсі 
әртүрлі, 
тұқым 
жолы 
ұзынша жіңішке келген 
Шар  тәрізді,  ұсақ  немесе 
орташа  күңгірт-қоңыр  немесе 
қара  түсті,  тұқым  жолы  сопақ, 
қысқа 
Даму типті 
Біржылдық жаздық өсімдік 
Біржылдық  жаздық  немесе 
күздік өсімдік 
 
 
 
83-сурет – Егістік   сиыржоңышқа:    1,2-егін    көгі   мен   гүлдену-жеміс   түзу 
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың бір бөлігі; 4-гүлдер; 5-жемістер; 6-тұқымдар 

 
248 
 
піседі,    егін  көгінен    шабылмалы    пісуіне    дейін    орта  есеппен    42, 
тұқымының    шаруашылықта  пісуіне  дейін  78  тәулік.  Өсіп-жетілуінің 
алғашқы  кезеңінде  кейініректігіне  қарағанда  қуаңшылыққа  төзімділігі 
төменірек, 1954 (9). 
 
95-кесте – Егістік сиыржоңышқаның еуропалық түр тармағы 
негізгі түршелерінің сипаттамасы 
Күлтеше 
жапырақшаның түсі 
Тұқымның түсі 
Тұқымдағы сурет 
Түрше 
Желкені ақшыл 
-көк, қанаттары 
қара, қошқыл 
Күңгірт-сұр 
немесе қоңыр 
түсті, кейде мүлде 
қара түсті 
Қоңыр мраморлы 
қара дақтары және әр 
түрлі шамадағы 
нүктелері бар 
Типика 
Сондай 
Ақ, қызғылт, жасыл, 
ақшыл-көк, қара т.б. 
түсті 
Суреті жоқ 
Иммакулята 
Гүлдері ақ 
Сұрлау, жасылдау, 
күлге ұқсас 
Суреті жоқ 
Альбифлора 
Гүлдері ашық-
қызғылт 
Күңгірт-қоңыр 
Мраморлы 
Розеола 
 
 
 
84-сурет – Түкті    сиыржоңышқа:    1,2-егін    көгі    мен    гүлдену-жеміс   түзу 
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-сабақтың бір бөлігі; 4-гүл; 5-жемістер; 6-тұқымдар 
Льговская 31-292 – Курск облысының Льгов тәжірибе стансасында 
шығарылған,  иммакулята  түршесіне  жатады,    жапырақтануы  42-47  %, 
1000 тұқымның массасы 55-70 г. сорт кеш піседі егін көгінен шабылмалы 
пісуіне дейін орта есеппен 45-55, ал тұқымының  шаруашылықта  пісуіне 

 
249 
 
дейін  75-90  тәулік.  Ауа  қуаңшылығын  нашар  көтереді,  топырақ 
құрғақшылығына  төзімдірек,  жазғы  ылғалды  жақсы  пайдаланады,  1941 
(1,12). 
Льговская  60  –  Ресейдің  Курск  облысының  Льгов  тәжірибе 
селекциялық стансасысында шығарылған, типика түршесіне жатады, 1000 
тұқымның  массасы  50-85  г,  жапырақтануы  50-52%.  Сорт  кеш  піседі: 
себуден  шабылмалы  пісуіне  дейін  орта  есеппен  50-60,  тұқымның 
шаруашылықты, пісуіне дейін 110-125 тәулік қажет, 1975 (12). 
Омичка  2  –  Ресейдің  Сібір  АШҒЗИ,  1989  (8,13),  Омичка,  1984  (5); 
Омичка 3, 1992 (3,5,12). 
Күздік сиыржоңышқа – Полтавская 77, 1993 (3). 
 
МАЛ АЗЫҚТЫҚ  АСБҰРШАҚ   
ЖӘНЕ  БАСҚА БҰРШАҚ ТҰҚЫМДАСТАР 
 
Далалық  және  құрғақ  далалық  аймақтарда  біржылдық  бұршақ 
тұқымдас  мал  азықтық  шөптер  ретінде  егістік  асбұршақ,  далалық 
асбұршақ  (пелюшка),  ноғатық  өсіріледі.  Олардың  ботаникалық 
сипаттамасы «Дәнді бұршақ дақылдары» тарауында берілген. 
Мал азығына асбұршақтың төмендегідей сорттары жіберілген: 
Донбасс  –  Луган  МАТС-да  шығарылған,  экадукум  түршесіне 
жатады,  жапырақтануы  37-64%,  1000  тұқымның  массасы  219-268  г. 
ортадан  кеш  пісетін  сорт:  егін  көгінен  шабылмалы  пісуіне  дейін  50-56, 
тұқымының шаруашылықты пісуіне 86-90 тәулік қажет. Құрғақшылыққа 
төзімділігі ортадан жоғары, бұршаққаптың жарылуға төзімділігі ортадан 
жоғары,  ал  бұл  ерекшелік  тұқым-аяқшасының  тұқымның  қабығымен 
қабысып 
өсуіне 
байланысты, 
астық 
бастырылғаннан 
кейін 
тұқымдарында  кішірек  істік  тәрізді  құрылым-тұқым  аяқшасының 
қалдығы-қалады. Тұқымда тұқым жолы көрінбейді, 1984 (13). 
Карабалыкский  укосный  –  Қарабалық  МАТС-да  шығарылған, 
вульгатум  түршесіне  жатады,  1000  тұқымның  массасы  103-139  г.  сорт 
кеш  піседі,  егін  шабылмалы  пісуіне  дейін  орта  есеппен  48-55, 
тұқымының  шаруашылықты  пісуіне  дейін  92-110  тәулік  қажет,  1971 
(4,9). 
Зерноградский    Дон  аймақтық  АШҒЗИ-ның  «Дон»  ҒӨБ-де 
шығарылған,  вульгатум  түршесі,  сабағы  жасыл,  биіктігі  100  см. 
Тұқымдары ақ, сары реңді, домалақ, тегіс. 1000 тұқымның массасы 176 г. 
жапырылуға төзімділігі 3-4 балл, құрғақшылыққа – 4,5 балл. Аурулар мен 
зиянкестерге төзімді, 1990 (13). 
Харьковский  усатый  –  Украинаның  өсімдік  шаруашылығы  ҒЗИ-да 
шығарылған.  Сабағы  жасыл,  120-130  см  биіктікте,  гүлдері  ақ,  ірі. 
Тұқымдары домалақ, 1000 санының массасы 170-277 г. сорт ортадан кеш 
піседі,  шабылмалы  пісуіне  себілгеннен  кейін  56-70  тәулік  қажет. 
Жапырылуға салыстырмалы түрде төзімді, 1991 (1). 
Кормовик – Ворошиловград «Элита» ҒӨБ, 1993 (8); 

 
250 
 
Кормовик 24, 1968 (2); Укосный 5, 1986 (5). 
Ноғатықтың сорттары: Степная 287, 1956 (2); Кинельская 7, 1950 (5). 
Бұл  сорттарды  Солтүстік  Қазақстанның  құрғақ  далалы  аймағында 
пайдалануға болады. 
Бақылау сұрақтары 
 
1. 
Асбұршақ,  сиыржоңышқа,  егістік  ноғатық  т.б.  азықтық 
құндылығын сипаттау. 
2. Біржылдық 
бұршақ 
тұқымдас 
 
дақылдардың 
өсіп-даму 
ерекшеліктері. 
3. Сиыржоңышқаның  негізгі  түрлері  мен  түршелері  және  олардың 
айырмашылық белгілері. 
4. Біржылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың мал азығы мен тұқымға 
өсіру аудандары. 
5. Сиыржоңышқаның, асбұршақтың, егістік ноғатықтың биологиялық 
ерекшеліктері. 
6. Қазақстанда  пайдалануға  рұқсат  етілген  біржылдық  бұршақ 
тұқымдас дақылдардың сорттары. 
7. Топырақ-климат 
жағдайларына 
байланысты 
жаздық 
сиыржоңышқаны,  асбұршақты,  егістік  ноғатықты  мал  азығына  және 
тұқымға өсіру агротехникасының ерекшеліктері. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет