Практикумы қ айта өңделіп, толықтырылып үшінші шығарылуы


Дәннің  анатомиялық  құрылысы



Pdf көрінісі
бет9/28
Дата17.04.2020
өлшемі15,54 Mb.
#62881
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
osimdik sharuash l g praktikum (2)
Агрохимия СПУ- экзамен 02.04

Дәннің  анатомиялық  құрылысы.  Астық  дақылдарының  жемісі 
ұрық  пен  эндоспермнен  және  олармен  бірігіп  өскен  тұқымдық  және 
жемістік қабықтан құралған. Ұрық дәннің төменгі бөлігінде орналасқан, 
оның төменгі жағында ұрықтық тамыршалар, ал жоғарғысында ұрықтық 
жапырақтары  бар  алғашқы  сабақ  болады.  Ұрықтың  маңында  кішкене 
қалқан-дәннің жалғыз тұқым жарнағы – орналасқан. 
Эндоспермде  дән  қабығына  қабыса  біткен  сыртқы  алейрон  қабаты 
мен  ішкі  ұнды  бөлігі  ажыратылады.  Алейрон  қабаты  белоққа  бай  бір 
қатарлы  клеткалардан  тұрады  (арпада  3-5  қатарлы  келеді).  Эндоспермнің 

 
80 
 
ұнды бөлігіндегі клеткалар крахмал дәндерімен толтырылған, ал олардың 
аралықтарында  белокты  заттар  орналасқан.  Жемістік  және  тұқымдық 
қабықтар  сыртқы  орта  мен  әртүрлі  саңырауқұлақ  аурулары 
қоздырғыштарынан  қорғаныш  қызметін  атқарады.  Азық-түліктік 
маңызы  жөнінен  дәннің  эндоспермі  ерекше  рөл  атқарады,  өйткені  одан 
жоғары  сортты  ұн  өндіріледі  және  осыған  байланысты  дәннің  құрам 
бөліктерінің мәні зор (37-кесте, 16-17-суреттер). 
 
37-кесте – Бидай мен қара бидай дәндерінің құрам бөліктерінің орташа 
салмақтық қатынасы (%) 
Туындыгер 
(автор) 
Эндосперм 
Ұрық  
Жеміс 
қабықшалары 
Тұқым 
қабықшалары 
Алейрон 
қабаты 
Бидай  
Жирар  
84,20 
1,43 
4,46 
1,10 
8,80 
Гриценко  
81,14 
3,15 
8,92 
6,79 
Роменский  
81,60 
3,20 
15,50 
Қара бидай 
Казаков  
77,69 
3,71 
5,10 
2,32 
11,8 
Любарский  
70,4-74,3 
2,4-3,7 
11,3-15,0 

10,8-11,8 
 
 
Астық  (дәнді)  дақылдарды  дәні  бойынша  ажырату.  Астық 
дақылдарының дәндері қабықтылығы, пішіні, дәннің беті мен түсі және 
айдарының бар жоғына қарай ажыратылады (38-кесте). 
Дәннің арқа және етек жағы болады. Арқа жағы дөңес келеді, оның 
төменгі бөлігінде ұрық орналасқан. Арқаға қарама-қарсы жақты етек жағы
16-сурет  –  Бидай  дәнінің  бойтілігі:             
1-ұрық;  2-ұрық  тамыршалары;  3-бүршікше;          
4-щиток 
(гүл 
табақшасы); 
5-6-жеміс 
қабықшалары; 
7-8-тұқым 
қабықшалары;                 
9-эндоспермнің  алейрон  қабаты;  10-эндосперм; 
11-айдар. 

 
81 
 
 
38-кесте – Астық дақылдары дәндерінің айырмашылық белгілері 
 
Дақыл 
Қабықтылығы 
Дәннің пішіні мен түсі 
Дәннің беті 
Етек жағында дән ойығы болады (I топтың астығы) 
Бидай  Әдетте 
жалаңаш, 
кейде 
қабықты, 
бірақ 
дәнмен 
бірікпеген 
Ұзынша-сопақ немесе бөшке тәрізді;  
ақ, қызыл түсті 
Тегіс 
Қара 
бидай 
Жалаңаш 
Ұзынша  келген,  негізіне  қарай  үшкірленген;  жасыл-сарғыштау 
түсті 
Ұсақ әжімді 
Арпа  Қабықты,  қабықтары  дәнмен 
бірігіп өскен кейде жалаңаш 
Эллипс тәрізді, шеттеріне қарай үшкірленген;  
Қабықтыларында қара,сары, жалаңаштарында 
сары түсті 
Тегіс 
Сұлы  Қабықты, қабықтары 
дәнмен бірігіп, өспеген, 
кейде жалаңаш 
Ұзынша келген, төбесіне қарай жіңішкереді;  
Қабықтыларында ақ, сары, қоңыр, жалаңаштарында 
ашық-сары 
Қабықтыларында тегіс, 
жалаңаштарында түкті 
Етек жағында дән ойығы болмайды (II топтын астығы) 
Жүгері  Жалаңаш 
Домалақ, қырлы, тегіс кейде төбесіне қарай 
үшкірленген; ақ, сары ж.б. түсті 
Тегіс немесе әжімді 
Тары  Қабықты 
Домалақ, шеттері әлсіз үшкірленген; ақ, сары, қызыл ж.б. түсті 
Тегіс, жылтыр 
Сорго 
(шай 
жүгері) 
Жалаңаш және қабықты 
Домалақ; ақ, сарғыш, қызыл, қоңыр т.б. түсті 
Тегіс, жылтырауық 
Күріш  Қабықты 
Ұзынша-сопақ, жаншылғандау; сабан түстес-сары, қоңыр түсті 
Ұзынша-қырлы 

 
82 
 
дейді,  ал  бидай,  қара  бидай  мен  арпа  дәндерінің  осы  бөлігінде  жіңішке 
түктерден тұратын айдары болады. 
Дәннің  ұзындығы,  ені  мен  қалыңдығы  ажыратылады.  Ұзындығы  деп 
дәннің негізінен төбесіне дейінгі қашықтықты атайды, етегін төмен қаратып 
салғандағы дәннің көлденең диаметрі ені, ал тік диаметрі қалыңдығы деп 
есептеледі. Әдетте дәннің ені қалыңдығынан артық болады. 
Дәннің пішіні әртүрлі болуы мүмкін: шар тәрізді (тары, шай жүгері), 
ұзынша келген (бидай, арпа, қара бидай, күріш), домалақ немесе қырлы 
— жүгері (17-сурет). 
Дәннің пішіні астықты тазалап сұрыптағанда негізгі көрсеткіш болып 
табылады. 
Дәннің беті тегіс (бидайда), әлсіз әжімденген (қара бидай), түкті (сұлы) 
болуы мүмкін. Түстері-ақ, сары, қызыл, сұр-қоңыр, қара. 
 
 
 
17-с у р е т – Астық дақылдарынын дәндері: 
1-қатты бидай; 2-жұмсақ бидай; 3-қара бидай; 4-жүгері; 
5-тары; 6-күріш; 7-арпа; 8-сұлы; 9-шай жүгері 

 
83 
 
А с т ы қ   д а қ ы л д а р ы н ы ң   өсіп-даму  к е з е ң д е р і .   Өсіп-
жетілу  кезеңінде  дәнді  дақылдар  бірқатар  фенологиялық  фазалардан 
(кезеңдерден)  өтеді  де  жаңа  органдар  түзе  отырып  сыртқы 
морфологиялық  белгілермен  ажыратылады.  Тұқымның  тыныштық 
күйден белсенді күйге ауысуын (бөртуі мен өнуін) дәнді астық дақылдар 
тіршілігінің  басталуы  деп  есептейді.  Дәнді  астық  дақылдарында 
төмендегідей  өсіп-даму  кезеңдері  ажыратылады  егін  көгі  (көктету), 
түптену, түтікке шығу, масақтану немесе шашақтану, гүлдену және пісу. 
Кез-келген кезеңге өсімдіктердің 10% -ті өнгенде кезеңнің басталуы, 
ал 75%-да-толық кезеңі белгіленеді. 
Тұқымның  өнуі  –  күрделі  биохимиялық  процесс,  бұл  құбылыс 
тұқымдарда  тыныштық  күйден  белсенді  тіршілік  жағдайына  ауысқанда 
жүреді  де  өскін  мен  тамыршаларының  пайда  болуымен,  басқаша 
айтқанда,  органогенездің  бірінші  кезеңімен  аяқталады.  Бұл  кезде 
ұрықтық  органдардың  дифференциациясы  мен  өсуі  жүреді.  Тұқымның 
өнуінде  5  кезең  ажыратылады:  суды  сіңіруі,  бөртуі,  түп  (бірінші) 
тамыршалардың өсуі, өскіннің дамуы мен пайда болуы. 
Астық  дақылдарының  дәңдері  өнгенде  әуелі  тамыршалар  өсе 
бастайды, дәннің қабығын жарып сыртқа шығады. Астық дақылдарының 
бірінші  тобының  өніп  келе  жатқан  дәндеріндегі  тамыршалар  саны 
әртүрлі: күздік бидайда – 3, кейде 5, жаздық бидайда – 5, кейде 3-4, қара 
бидайда – 4, кейде – 5-6, сұлыда – 3, кейде – 4-5, көпқатарлы арпада – 5-
6, ал қосқатарлы арпада – 7-8. 
Астық  дақылдарының  екінші  тобында  бір-ақ  ұрықтық  тамырша 
болады. Тамыршалардан кейін іле сабақ өркені есе бастайды, ол да дән 
қабығын жарып шығып жоғары қарай көтеріледі де жер бетіне шығады. 
Егін көгі. Топырақ бетіне әуелі біз тәрізді сабақ өркені шығады, ол 
түр  өзгерісіне  ұшыраған  жапырақ  колеоптилемен  көмкерілген.  Ол 
өскіннің  топырақты  жарып,  жоғары  шығуына  жеңілдік  жасайды  және 
оны жарақаттанудан сақтайды. Жер бетіне шыққаннан кейін колеоптиле 
өсуін  тоқтатады.  Сабақ  өркеннің  ұшындағы  қысымның  әсерінен 
колеоптиле  ұзынынан  жарылады  да  сыртқа  бірінші  жасыл  жапырақ 
шығады (18-сурет).  
 
 
18-сурет – Бидайдың егін көгі: 1-дән; 2-
алғашқы (ұрықтық) тамырлар; 3-колеоптиль; 
4-бірінші жапырақ
 

 
84 
 
Тәжірибеде мұны егін көгінің пайда болуы немесе көктеу кезеңі деп 
атайды.  Бірінші  жасыл  жапырақ  тақтасы  қысқа,  жапырақ  қынабы  әлі 
өспеген.  5-7  тәуліктен  кейін  екінші  және  үшінші  ұрықтық  жапырақтар 
түзіледі.  Көптеген  дақылдарда  алғашқы  үш  жапырақтың  ұзындығы  аз 
өзгереді.  Органогенездің  бірінші  кезеңінің  соңы,  екінші  кезеңінің 
басында 
ұрықтық 
жапырақтар 
тез 
жайылып 
өсімдіктердің 
ассимиляциялық  беті  ұлғаяды.  Бұл  кезеңде  өсімдіктердің  далалық 
өнгіштігі,  өсімдік  жиілігі  сияқты  өнімділік  элементтері  қалыптасады 
және олар реттеуге көнеді. 
Астық дақылдары егін көгінің негізгі түсі жасыл болады (39-кесте), 
алайда ол түрлі реңді иеленеді. Алғашқы жапырақтар кеңдігі, түктілігі, 
топырақ  бетінде  орналасуына  қарай  ажыратылады.  Олар  белгілі  бір 
бағытқа бұрылу қабілетімен ерекшеленеді: бидай мен арпа жапырақтары 
сағат тілінің бағытымен, ал сұлы жапырағы оған қарсы бағытта бұралып 
өседі. 
 
39-кесте – Астық дақылдары егін көгінің айырмашылық белгілері 
Дақыл 
Жапырақ белгілері 
 
 
түсі 
ені 
түктілігі 
орналасуы 
Бидай 
Жасыл 
Жіңішке, 
кейде енді 
Жалаңаш 
немесе жиі 
түкті 
Тік 
орналасқан 
Қара бидай 
Күлгін-қоңыр 
Жіңішке 
Жалаңаш 
немесе әлсіз 
түкті 
Сондай 
Арпа 
Көкшіл сұр 
жасылдау 
Орташа енді 
Сондай 
Сондай 
Сұлы 
Ақшыл-жасыл 
Жіңішке 
Сондай 
Сондай 
Жүгері 
жасыл 
Енді, май  
құйғыш 
тәрізді 
Сондай 
Сәл 
төменқарылған 
Тары 
Жасыл 
Сондай 
Жиі түктелген, 
түктері ұзын 
Сондай 
Шай жүгері 
Жасыл 
Орташа енді 
Жалаңаш 
немесе әлсіз 
түкті 
Сондай 
Күріш 
Жасыл 
Жіңішке 
Жалаңаш, 
түкті 
Кейде тік 
орналасқан 
 
Түптену. 3-4 жапырақ пайда болғаннан кейін жер асты бұтақтануы 
жүреді,  түктену  түйінінде  екінші  (түйін)  тамырлары  түзіледі  және 
топырақ бетінде қосымша өркендер (сабақтар) пайда  болады (19-сурет). 
Тәжірибеде  мұны  түптену  кезеңі  деп  атайды.  Астық  дақылдарында 
мұндай  сапа  өзгерісі  органогенездің  екінші-үшінші  кезендеріне  сәйкес 
келеді  де  өсу  конусының  түйіндерге,  түйінаралықтарына,  сабақтық 
жапырақтарға, 
сонымен 
бірге 
гүл 
шоғырының 
білігіне 
дифференциацияланады, масақшалардың негізі қаланады. 

 
85 
 
19-сурет – Дәнді астық дақылдары түрлерінің айырмашылық ерекшеліктері 
 
Топырақ бетіне бірінші  бүйір өркеннің  (сабақтың)  шығуын
 
түптену 
кезеңінің  басталуы  деп  есептейді.  Түптену  нәтижесінде  бір  тұқымнан 
бірнеше  сабақ  өсіп  шығады  немесе  бұта  қалыптастырады.  Жалпы  және 
өнімді  түптену  ажыратылады.  Жалпы  түптену  деп  бір  өсімдікке  келетін 
барлық сабақ санын атайды, ал өнімді түптену – егін жинау қарсаңындағы 
піскен дәні бар сабақ санын көрсетеді. Гүл  шоғыры бар, бірақ дән пісіп 
 

 
86 
 
үлгермеген  сабақтарды  сабан  өркен,  ал  гүл  шоғыры  жоқ  сабақтарды 
мамық  деп  деп  атайды.  Солтүстік  Қазақстан  жағдайында  дәнді 
дақылдардың өнімді түптенуі айтарлықтай емес және ол жұмсақ бидайда 
1,2-1,3, қатты бидайда 0,9-1,1, арпада 1,3-1,5, сұлыда 1,2-1,3, тарыда 1,3-
1,6. Жалпы түптену өнімді түптенуге қарағанда 0,2-0,3 жоғары болады. 
Түтікке  шығу.  Бұл  кезеңнің  басында  ұрықтық  гүл  шоғыры  бар 
ұрықтық сабақ ұзара түседі де жапырақ қынабының ішімен жоғары қарай 
көтерілген  сабақ  буындары  қолмен  жеңіл  сезіледі.  Әуелі  төменгі  буын 
аралығы  өсіп  ұзара  бастайды.  Мұның  қарқынды  өсуі  5-7  тәулікке 
созылады, соңынан өсуі саябырлайды да 10-15 тәулікте аяқталады, оның 
соңынан  төменнен  екінші,  үшінші  және  одан  кейінгілер  өсіп-дами 
бастайды. 
 
 
 
40-кесте – Астық дақылдарының құлақшалары мен тілшелер бойынша  
туыстық айырмашылықтары 
Айырмашылық 
белгілері 
Бидай 
Қара бидай 
Арпа 
Сұлы 
Тілше 
Қысқа 
Қысқа 
Қысқа 
Күштірек   да-
мыған, шеттері 
ара тісті 
Құлақша 
Кішірек, жиі 
түрде кірпікті 
Қысқа, 
кірпіксіз, ерте 
кеуіп қалады 
Өте ірі, 
кірпіксіз, бір- 
біріне кіріге 
орналасқан 
Жоқ 
 
20-сурет – Бидайдың   түптенуі:   1- 
дән өркені; 2-алғашқы (ұрықтық) тамырлар; 
3-сабанынан  шыққан  бүйір  өркендері;  4-
ұрық  буыны;  5-түптену  буыны  (буыны);  6-
түптену тамырлары; 7-негізгі сабақ; 8-бүйір 
өркендері (сабақтары); 9-топырақ беті 
 

 
87 
 
Дәнді 
дақылдардың 
түтікке 
шығу 
кезеңінде 
буындарды, 
буынаралықтарын,  тілшелер  мен  құлақшаларды  жеңіл  ажыратуға 
болады.  Тілшелер  мен  құлақшалар  морфологиялық  белгілер  болып 
табылады, олар бойынша бірінші топтың дақылдарын гүл шоғыры пайда 
болғанға дейін ажыратуға болады (40-кесте, 20-сурет).  
Масақтану немесе шашақтану кезеңі гүл шоғырының жоғары жапырақ 
қынабынан  шығуымен  сипатталады.  Түтікке  шығудан  масақтануға 
дейінгі  кезең  дәнді  дақылдардың  дамуындағы  өте  маңызды  шақ.  Бұл 
уақытта  жапырақтар  мен  сабақ  пәрменді  өседі,  масақ  қалыптасады, 
өсімдіктің қоректік заттар мен ылғалға қажетсінуі өте жоғары. 
Астық  дақылдары  гүл  шоғыры  бойынша  жеңіл  ажыратылады  және 
негізгі белгілері (41-кесте, 21-сурет). 
 
 
Гүлдену  кезеңі  көптеген  дәнді  дақылдарда  масақтанудан 
(шашақтанудан)  кейін  басталады.  Арпада  гүлдену  кезеңі  толық 
масақтануға  дейін  жүзеге  асады,  ал  қара  бидай  одан  10-12  тәуліктен  соң 
гүлдейді.  Гүлдену  ерекшеліктеріне  қарай  дәнді  дақылдар  өздігінен 
тозаңданатын (бидай, арпа, сұлы, тары, күріш) немесе өздігінен және айқас 
тозаңданатын (қара бидай, жүгері, шай жүгері) өсімдіктерге бөлінеді. 
Масақты дақылдарда (бидай, қара бидай, арпа) гүлдену масақтың орта 
бөлігінде  орналасқан  масақшалардан  басталады,  ал  бірінші  пайда  болған 
дәндер  ірі  келеді  және  олардың  тұқымдық  сапасы  жоғары  болады. 
Шашақты  астықтарда  (тары,  күріш,  сұлы)  гүлдену  шашақтың 
(сіпсебастың)  ұшар  басынан  басталады,  сондықтан  сапалы  астық  гүл 
шоғырының жоғарғы бөлігінде қалыптасады. 
 
 
21-с у р е т – Астық дақылы жапырағының  
бөлігі: 1-жапырақ қынабы; 2-құлақшалар; 3-
тілше; 4-жапырақ тақтасы 
 

 
88 
 
41-кесте – Дәнді дақылдардың гүл шоғыры бойынша айырмашылық белгілері 
Дақыл  Гүл шоғыры 
Масақ білігінің 
тұғырында немесе 
сіпсебас ұшындағы 
масақша саны 
Масақшадағы 
гүлдер саны 
Масақ қабықшалары 
Сыртқы гүл 
қабықшалары 
Қылтықтың бекіген 
орны 
Бидай 
Масақ 

3-5 
Көң,      көп      жүйкелі, 
ұзынша      килі       мен 
жоғарғы жағы тісті 
Тегіс, килі жоқ 
Сыртқы гүл 
қабықшасынын 
төбесіне қарай 
Қара 
бидай 
Масақ 

2 кейде 3 
Өте       жіңішке,       бір 
жүйкелі,   ұзынша  килі 
бар 
Килі      бар,      шеттері 
кірпікіті,   ол  қылтыққа 
айналады 
Сондай 
Арпа 
Масақ 


Өте жіңішке, ланцетті 
қылтық тәрізді жоғары 
қарай үшкірленген 
Енді,     бес     жүйкелі, 
қылтыққа        айналады 
(қылтықты  түрлерінде) 
Сондай 
Сұлы 
Сіпсебас 
(шашақ) 

2-4 
Енді, жарғақты, ұзын 
жүйкелерімен 
Тегіс, килі жоқ 
Сыртқы гүл 
қабықшасының 
арқалығыңда 
Жүгері 
Сіпсебас 
(аталық гүл 
шоғыры 


Енді, түкті, ұзынша 
жүйкелерімен 
Жұқа, қабықты 
Сыртқы гүл 
қабықшасының 
арқалығында 
 
Собық  
(аналық гүл 
шоғыры) 
Екеуден қосарланып 
тік орналасқан 
2, тек жоғарғы 
жемісті 
Кішірек, дәннің ұшар 
басында 
Кішірек, қабықты, 
дәннің ұшар басында 
Сыртқы гүл 
қабықшасының 
арқалығында 
Тары 
сіпсебас 

1-2 
Дөңгелек-дөңес, 
жарғақты, көп жүйкелі, 
2-і ірі, үшіншісі қысқа 
Тегіс, жылтыр 
Сыртқы гүл 
қабықшасының 
арқалығында 
Күріш 
Сіпсебас 
бірнешеу 

Жіңішке линиялы-
ланцетті 
Енді, ұзынша 
қабырғалы, түкгі 
Гүл қабықшасынын 
төбесіне қарай 
Шай 
жүгері 
Сіпсебас 
2-3 оның 1-і тісті 

Дөңес, қалың, түкті 
немесе жылтыр 
Жұқа, нәзік 
Сыртқы гүл 
қабықшасының 
төбесіне қарай 
 

 
89 
 
Пісіп-жетілу  кезеңі.  Дәннің  қалыптасу  процесін  Н.Н.  Кулешов  үш 
кезеңге – қалыптасу, толысу және пісу-бөледі. 
Тұқымның түзілуі – ұрықтанудан өсу нүктесі пайда болғанға дейінгі 
кезең.  Ұрық  әлсіз  өскін  бере  алады,  1000  санының  массасы  1,0  г,  бұл 
кезеңнің ұзақтығы 7-9 тәулік және одан да көп. 
Тұқымның  қалыптасуы  —  тұқымның  түзілуінен  дәннің  түпкілікті 
ұзындығы белгіленгенге дейінгі кезең, құрғақ заттар мөлшері әлі төмен, 
1000 тұқымның массасы 8-12 г. 
Толысу – эндоспермде крахмал жинақтала бастағаннан бұл процестің 
тоқтағанына  дейінгі  кезең,  дәннің  ылғалдылығы  38-40%-ке  дейін 
төмендейді және кезең ұзақтығы 20-25 тәулікке созылады. 
Толысу процесін өз кезегінде қосымша 4 кезеңге бөлуге болады: 
1.  Сулы күй кезеңі — эндосперм клеткаларының қалыптаса бастаған 
кезі, құрғақ заттар мөлшері 2-3 %, кезеңнің ұзақтығы 6 тәулік. 
2.  Сүттене  пісудің  алды  –  тұқымдағы  сұйықтың  реңі  сүт  түстес, 
құрғақ заттардың мөлшері 10%-ке дейін жетеді де кезеңнің ұзақтығы 6-7 
тәулікке созылады. 
3.  Сүттенген  күйі  –  дән  сүт  тәрізді  ақ  сұйықтан  тұрады,  құрғақ 
заттар мөлшері 35-50%-ке дейін, кезең 7-15 тәулікке созылады. 
4.  Қамырланған  күйі  —  эндосперм  қамыр  консистенциясына  тән, 
құрғақ заттар мөлшері 60-64%, кезеңнің ұзақтығы 4-5 тәулік. 
      Пісу кезеңі пластикалық заттардың дәнге жинақтауының тоқтауынан    
басталады.    Дәннің    ылғалдылығы     8-12%-ке    дейін төмендейді, оны 
азық-түлікке  пайдалануға  болады,  алайда  тұқымның  дамуы  әлі 
аяқталмайды. Пісу үрдісін екі кезеңге бөледі (Г.В. Коренев, 1967). 
1. 
Қамырланып  пісу  кезеңі  –  эндосперм  қамыр  тәрізді,  серпімді, 
қабығы  сары,  дәннің  ылғалдылығы  40-21%,  кезеңнің  ұзақтығы  –  3-6 
тәулік. 
2. Толық  пісу  кезеңі  –  эндосперм  қатты,  жарғанда  ұнды  немесе 
шынылы,  қабығы  тығыз,  қалың,  түсі  кәдімгі,  аймаққа  қарай 
ылғалдылығы  20%  және  одан  төмен,  кезеңнің  ұзақтығы  3-5  тәулік.  Бұл 
кезеңде  күрделі  биохимиялық  процестер  жүреді,  соңынан  тұқымның 
жаңа,  ең  бастысы  тұқымдық  белгісі  –  қалыпы  өнгіштік  пайда  болады. 
Сондықтан  қосымшада  тағы  екі  кезең  бөлінеді:  егін  жинағаннан  кейінгі 
пісіп-жетілуі және толық пісуі. Егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуінде 
жоғары  молекулалы  белоктық  заттардың  синтезі  аяқталады,  бейтарап 
май қышқылдары майға айналады, тыныс алуы саябырлайды. Толық пісуі 
тұқымның  өсімдік  тіршілігінің  жаңа  циклін  бастауға  дайын  болғанда 
басталады. 
Ф.М.  Куперманның  тұжырымы  бойынша  өзінің  жеке  дамуында  – 
онтогенезде - дәнді дақылдар кезектесіп өтетін 12 өсіп-даму сатыларынан 
(этаптарынан)  өтеді,  олардың  әрқайсысы  жаңа  органдар  (мүшелер) 
түзілуімен  сипатталады  және  әрбір  органның  құрылысы  өзгеріске 
ұшырайды: 
I – сабақтың бастапқы өсу конусының қалыптасуы; 

 
90 
 
II  –  конус    негізінің  ұрықтық  буындарға,    буын  аралықтарына  және 
сабақтық жапырақтарға дифференциясы; 
III – масақ сегментін түзе отырып өсу конусының ұзаруы; 
IV– масақша төмпешіктерінің түзілуі және қалыптасуы; 
V – гүл төмпешіктерінің түзілуі және қалыптасуы; 
VI – гүл шоғыры мен гүлдің қалыптасуы; 
VII – масақтың барлық мүшелерінің (органдарының) қарқынды ұзара 
өсуі;  
VIII  –  гүл      шоғыры      мен      гүлдердің      барлық      мүшелерінің 
қалыптасып бітуі (масақтану кезеңі); 
IX – ұрықтану және зиготаның пайда болуы; 
X – дәннің өсуі мен қалыптасуы; 
XI  –  деңде  қоректік  заттардың  жинақталуы    (сүттене    пісуден 
балауыздана пісуге дейін); 
ХІІ – қоректік қорлық заттарға айналуы. 
Өсіп-жетілу      кезеңдері,      органогенез      этаптары      және      өнімділік 
элементтерінің  арасындағы  байланыс    42-кесте    мен      22-суретте 
келтірілген. 
Фенологиялық 
бақылау 
(байқаулар). 
Өздерінің 
дамуында 
өсімдіктермен  өтетін  кезеңдерді  фенологиялық  кезеңдер  деп  атайды. 
Осыған  сәйкес  кезеңге  кіріскен  мерзіміне  бақылау  да  фенологиялық 
бақылауға жатады. 
22-с у р е т – Күздік бидайдың даму кезеңдері мен органогенез сатылары - этаптары 
(Ф.М. Куперман, З.П. Ростовцева бойынша): 
1-егін көгі; 2-үшінші жапырақ және түптену; Ш-ІV-V-түтікке шығу; VI-VII-сабақтың 
бойлай өсуі; VШ-масақтану; ІХ-Х-гүлдену; ХІ-сүттене пісу; XII-балауызданып пісу 
 
 

 
91 
 
42-кесте – Дәнді дақылдардың өсіп-жетілу кезеңдері мен  
органогенез этаптары 
Кезең 
Этап 
Өнімділік элементі 



Тұқымның өнуі, 
көктеу 
I.      Ұрықтық     органдардың 
дифференциациясы мен өсуі 
Далалық өнгіштік, өсімдік 
бітіктігінің жиілігі 
Үшінші 
жапырақ, 
түптену 
ІІ.Конус   негізінің   ұрықтық 
буындарға, буын аралықтарына            
сабақтық жапырақтарға               
дифференциациясы. 
ІІІ.Ұрықтық гүл шоғыры бас 
білігінің дифференциациясы 
Өсімдік   габитусы   (биіктігі,      
жапырақ     саны), түптену 
коэффициенті Масақ білігі 
мүшелерінің саны 
Түтікке шығудың 
басы 
IV. Конустардың түзілуі, екінші 
дәрежелердің      өсуі      (масақ 
төмпешіктерінің) 
Масақтағы масақшалар саны 
Түтікке шығу 
V.      Гүл     аталықтары     мен 
аналығы                     қорғаныс 
органдарының салынуы 
Масақшадағы гүлдер саны 
Сабақтану 
VI.   Гүл  шоғыры мен гүлдің 
қалыптасуы      (микро      және 
макроспорогенез) 
 
 
VII.                Гаметофитогенез, 
қорғаныс органдарының өсуі, 
масақ   білігінің   мүшелерінің 
ұзаруы 
Гүлдердің ұрықтылығы, 
масақтың тығыздығы 
Масақтану 
VIII.  Гаметофитогенез,    гүл 
шоғыры мен гүлдердің барлық 
органдарының       қалыптасуы 
процесінің аяқталуы 
 
Гүлдену 
IX. Ұрықтану және зиготаның 
пайда болуы 
Масақтың дәнділігі 
Дәннің қалыптасуы  X. Дәннің       өсуі       мен 
қалыптасуы 
Дәннің шамасы 
Тұқымның 
толысуы, сүттенген    
және қамырланған 
күйі 
XI. Дәнде қоректік заттардың 
жинақталуы 
Дәннің шамасы           
Қамырланып және 
толық пісу 
XII. Қоректік      заттардың дәндегі      
қорлық заттарға айналуы. 
Дәннің массасы 
 
Жоғарыда  дәнді  астық  дақылдарының  әдетте  реттелетін  негізгі 
даму  кезеңдеріне  сипаттама  берілтен.  Әртүрлі  астық  дақылдары  мен 
олардың  жекелеген  сорттарында  кезең  аралық  ұзақтығы  әртүрлі 
болатындықтан  бақылаулар  жүйелі  түрде  тұрақты  бір  егістік  алқапта 
жүргізілгені дұрыс. 
Фенологиялық  бақылауларды  жүргізгенде  кез-келген  кезеңге 
өсімдіктердің 10% енгенде  кезеңнің басталуы,  ал  75  %-да  толық кезеңі 
белгіленеді.  Оларды  көбінесе  кез  мөлшерімен  анықтайды.  Алайда 
дәлірек  (нақтырақ) бөлу  үшін  танаптың немесе  тәжірибе алаңының бес 

 
92 
 
әртүрлі жерінен іріктемей 10 өсімдіктен санап алынады. Солар бойынша 
тиісті  кезеңге  қанша  өсімдік кіріскенін  санайды да  жалпы  50 өсімдікке  
есептеп,  пайыз  (%)  мөлшерін  анықтайды.   Фенологиялық байқаулар 
нәтижелерін төмендегі пішіндегі 43-кестеге жазады. 
43-кесте – Дәнді дақылдар бойынша фенологиялық байқаулар 
Дақыл _______    Сорт _______    Жыл 
 
Себу 
мер-
зімі 
 
 
 
Кезеңдерге кіріскен мерзімі (күн тізбелі уақыты) 
Өсіп-
жетілу 
кезе-
ңінің 
ұзақ-
тығы, 
тәулік 
 
 
 
егін көгі 
басталуы      

 
масақтану 
(шашақтану) 
пісуі 
бас- 
талуы 
толы -
ғы 
түп-
тену 
түтікке 
шығу 
баста- 
луы 
толы -
ғы 
сүт-
тене 
балау-
ызда- 
нып 
толық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет