ЖОҢЫШҚА – ЛЮЦЕРНА – МEDICAGO
ТАПСЫРМА
1. Жоңышқаның негізгі түрлерін анықтауды үйрену.
2. Жоңышқаның негізгі сорт типтерін анықтауды үйрену.
3. Жоңышқаның пайдалануға рұқсат етілген сорттарына
хаттама беру.
4. Егістік, сары және орташа жоңышқаның морфологиялық
ерекшеліктерін оқып-үйрену.
5. Жоңышқаны мал азығына және тұқымға суармалы және
суарылмайтын жағдайда өсірудің операциялық технологиясын жасау.
П.М.Жуковскийдің (1971) сипаттамасы бойынша жоңышқа
(Мedicago) туыстығы 60-тан астам түрлерді қамтиды, туыстығының
құрамына, диплоидты, тетраплоидты, гексаплоидты генетикалық
топтарға кіретін түрлер жатады. Диплоидты түрлерден Қазақстанда
жабайы түрде кездесетін көкшіл және Трауфеттер жоңышқасы көңіл
аударарлық, өндірістік маңызы бары тетраплоиды жоңышқалар.
Бұл топқа дақылда өсірілетін үш түр кіреді: М. sativa (егістік
жоңышқа), М. falcata (сары жоңышқа), М.media (орташа жоңышқа) — 70-
сурет.
70-сурет – Жоңышқаның бұршаққаптары: 1-сары жоңышқа; 2-буданды жоңышқа;
3-егістік жоңышқа
Өсімдік құрылысының ерекшеліктері. Жоңышқаның кіндік
тамыры жуан, күшті дамыған бүйір тамырларымен 2,5-3,0 м дейін
топырақ тереңдігіне бойлайды. Орталық тамыр күшті бұтақтанады да
көптеген жіңішке тамыршалар түзеді. Негізгі сабақтың тамырмен
жалғасатын бөлігін тамыр мойын деп атайды (тамырбасы, түптену буыні
т.б,) онда бүршіктер орналасқан, олардан шапқаннан кейін немесе
өсімдік қыстап шыққаннан кейін сабақтар дамиды. Егін көгі шыққаннан
соң тамыр мойны топырақ бетінде болады да өсімдігі есейе келе
топыраққа қарай тартылып 2-7 см тереңдікке енеді, бұл құбылыс
219
өсімдіктің қысқа төзімділігін арттырады.
Сабақтар екінші және одан кейінгі тіршілік жылдарында биіктігі 1,5
м жететін қуатты бұта қалыптастырады, күшті бұтақтанады және бір
бұтақта 6-7-ден 200-300 сабаққа дейін түзіледі. Тіршілігінің бірінші
жылында ғана жалғыз сабақ болады, ал кейінгі жылдары мойын
тамырдан көптеген сабақтар дамиды.
Жапырақтар үштік, жапырақшалары қысқа аяқшаларға, тек қана орта
жапырақша ұзынырақ аяқшада орналасқан. Олардың пішіндері әртүрлі:
домалақ, эллипс, ланцет, кері жұмыртқа тәрізді. Жапырақшалардың
жоғарғы жартысы тістенген болып келеді, түстері ашық-жасылдан
күңгірт-жасылға дейін, жалаңаш, немесе төменгі жағынан түктенген.
Сабақта жапырақтар кезектесіп орналасады, сағақ негізінде жапырақ
серіктері болады.
Гүл шоғыры-көпгүлді шоқгүл (бұтақбас) гүлдері қысқа гүл
аяқшаларына бекіген.
Гүлдің жасыл түсті бестісті табақшасы мен табақша жапырақ-
шалары бар күлтеше жапырақтың құрылысы кетпенге ұқсас: екі төменгі
күлтешесі бірігіп өсіп қайықша құрайды, екі бүйіріндегісі ескекшелер, ал
бесіншісі, ең үлкені – желкен деп аталады. Гүл қосжынысты, аналығы
және 10 аталығы бар. Күлтеше жапырақшалардың түсі күлгін, сары,
ақшыл-қызғылт, ақ шұбар болып келеді.
Жоңышқаның жемісі – көптұқымды бұршаққап (бұршақбас) 2-5
айналымды бұранда немесе орақ тәрізді, кейде түзу, қоңыр түсті. Сары
жоңышқада орақ пішінді 2-3 тұқымды, ал көкшіл жоңышқада орақ
пішінді 2-3 тұқымды, ал көкшіл жоңышқада – 1,5-5 айналымды бұранда 5-
7 тұқым қалыптастырады, орташа жоңышқа аралық жағдайда.
Тұқымдары ұсақ, бүйрек немесе бадана тәрізді сары-қоңыр немесе
сары түсті, 1000 санының массасы 1,0-ден (сары жоңышқа) 2,7 г дейін
(көкшіл жоңышқа).
Жоңышқаның түрлерін анықтау. Қазақстанда өсірілетін түрлері
жоғарыда айтылған. Түрлер мынадай белгілерімен ажыратылады:
күлтеше жапырақшалардың түсі, гүл шоғырының пішіні мен
тығыздығы, бұршаққаптың пішіні мен мөлшері (71,72-суреттер, 87-
кесте).
Жоңышқаның сортотиптерін (топтарын) анықтау. Егістікте
өсірілетін барлық жоңышқалар 6 сортотиптерге (топтарға) бөлінеді. Көк,
көкбуданды, шұбарбуданды, сарыбуданды, сары және көгілдір. Мұндай
бөлінудің негізіне мынадай көрсеткіштер алынған: гүлдердің түсі, гүл
шоғыры мен бұршаққаптың (бұршақбас) пішіні. Республикада алғашқы
бес топқа жататын сорттар аудандастырылған.
Көк – гүлдердің түсі күлгін, қоспа түс жоқ. Бұршағы спиральды 2-4
айналымға бұратылған. Бұл топтағы сорттар негізінен Қазақстанның
Оңтүстік облыстарында суармалы жерлерде өсіріледі.
Сары – гүлдерінің жалпы түсі ашық-сары, қызғылт сары, бұршағы
орақ пішінді, шөптілігі жіңішке сабақты, ұсақ жапырақты, бұтасы ауыт-
220
71-сурет – Егістік жоңышқа: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену кезеңдеріндегі
өсімдіктер; 3-жапырақтары және гүл шоғырларымен өркеннің бір бөлігі; 4-гүл; 5-
жеміс (сол жақта үлкейтілген); 6-тұқымдары (жоғарыда-үлкейтілген)
қымалы. Қуаңшылыққа, қыстың суығына өте төзімді, алайда өнімділігі
жеткіліксіз.
Көгілдір – гүл күлтесінің түсі көгілдір, көк жоңышқадан гүлдерінің
ұсақтығымен және жапырақшаларының өнсіздігімен ажыратылады.
Өзгермелі жоңышқа түріне жататын көкбуданды, шұбарбуданды және
сарыбуданды жоңышқа топтарының толық сипаттамасы 88-кестеде
келтірілген.
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілтен жоңышқа
сорттары:
Карагандинская 1 – Қарағанды МАТС-да шығарылтан, еуропалық
жоңышқаға жатады, көкбуданды сорттық тип, жапырақтануы – 49-55%
күлте жапырақшасының түсі күлгін, ашық-күлтен және көкшіл түсті,
бұршағы 1,5-3,5 айналымға бұратылған. Сорт орташа мерзімде піседі,
баяу өседі, суарылмағанда 1-2, ал суарылғанда 2-3 шабыс береді. Қысқа
төзімділігі жоғары, 1938 (1,8,10).
Карабалыкская 18 – Қарабалық МАТС-да шығарылған, еуропалық
жоңышқаға жатады, шұбарбуданды сорттық тип, жапырақтануы – 38-
49%, күлтесі күлгін, көкшіл, сарғыш-жасыл түсті, бұршаққабы орақ
пішінді. Сорт қыстың суығына, қуаншылыққа төзімді, 1971 (10).
Кокше-Көкшетау – АҒЗИ-да шығарылған, евроналық жоңышқаның
шұбарбуданды сорттық типіне жатады. Жапырақтануы 54-58%, күлтесі
шұбар түсті, бұршағы 1-3 айналымға буратылған. Сорт орташа мерзімде
піседі, қыстың суығына, қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, 1968
(1,2,5,8,12,13).
221
87-кесте – Қазақстан Республикасында өсірілетін жоңышқа түрлерінің сипаттамасы
Белгілері
Егістік жоңышқа
(М.sativа)
Өзгермелі (орташа)
М.media (М.varia)
Сары жоңышқа
(М.falcata)
Күлтеше жапырақтардың түсі
Күлгін, күңгірт-күлгін
Ашық-күлгін, көкшіл-шұбар түс басым,
ашық-көкшіл, күңгірт-көкшіл, күңгірт-
сары, ақшыл, жасылдау-сары және сары
түстер кездеседі
Сары
Бұршаққаптағы оралым саны
2,5-4
1,0-3,5, кейде орақ пішінді
Орақ пішінді немесе түзу
Тұқымдары
Бүйрек, кейде жүрек
тәрізді, сарғыш-сұр,
1000 тұқымы 1,5-2,7 г.
Бұрыш бұршақ пішінді, әртүрлі түсті
сары, ашық-қоңыр, қоңыр, 1000
тұқымының массасы 1,2-2,3 г.
Жүрек тәрізді, бір бүйірлі,
сарғыш-күңгірт-қоңыр,
1000 тұқымы 1,0-1 г.
Тамыр мойынның топыраққа
бойлауы, см
2 -дән 5-6 дейін
1,5-нан 5-6 дейін
4-тен 7-ге дейін
Күзгі және көктемгі өсу
дегелеңі
Жатқыш, құламалы,
жартылай тік
Жатқыш, жартылай жатқыш,
құламалы, жартылай тік
Қысылған
Орта қабаттағы жапырақшалар,
мөлшері мен пішіні
Ірі және орта мөлшерде
эллипе, кері жұмыртқа
пішінде, кейде домалақ
Ірі, орташа, ұсақ, ұзынша-
эллипс, кері жұмыртқа пішінді, кейде
жіңішке ланцетті
Ұсақ, ұзынша-эллипс
тәрізді және жіңішке-
ланцетті
Шабылғаннан кейін қайта өсуі
Әуелі баяу, соңынан
шапшаң
Шапшаң, кейде баяу
Өте баяу
Екінші және одан кейінгі
тіршілік жылдарындағы
пішенге шабыс саны
2-ден 4-6 дейін
2-3
1, кейде 2
Қысқа төзімділігі
Жоғары, кейде орташа
Жоғары, кейде орташа
Өте жоғары
222
72-сурет – Сары жоңышқа: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену кезеңдеріндегі
өсімдіктер; 3-өркеннің жапырақтары және гүл шоғырларымен бір бөлігі; 5,6-жемістері
мен тұқымдары (сол жақта – үлкейтілген)
Семиреченская местная – Алматы облысының жергілікті сорты.
Азия жоңышқасына жатады, жапырақтануы – 39-54%. Кеш пісетін сорт,
қысқа төзімдідігі жоғары, 1934 (3,5,8,14).
Шортандинская 2 – Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, еуропалық
жоңышқаның көкбуданды сорттық типіне жатады, жапырақтануы – 42-
56%, 89-93% өсімдіктерінің күлтесі ашық-күлгін, ақ, жасылдау-сары
және ашық-сары түсті, бұршағы 1-3 айналымға бұратылған. Сорт орташа
мерзімде піседі, қыстың суығына, қуаңшылыққа төзімді, көктемде және
шабылғаннан кейін баяу өседі, 1952 (1,10).
Желтогибридная 55 – Семей МАТС-ды шығарылған. Бұтасы тік
өседі, бұтақтануы төмен, гүлдердің күлтешесі шұбар түсті, қатты,
тұқымдылығы 25-30% жетеді, 1993 (5,12).
Жоғарыда сипатталған сорттардан басқа селекция жетістіктерінің
Мемлекеттік тізімі мен пайдалануға мына сорттар жіберілген:
Береке,1989, (5); Дархан, 1998 (8); Капчагайская 80, 1989 (4,12);
Красноводопатская, 1962 (14); Красноводопатская скороспелая, 1992
(14); Прогресс, 1993 (9); Ташкентская I, 1954 (14); Уральская синяя,
1950 (7); Ярославка, 1990 (3,5).
223
88- кесте – Жоңышқа сортотиптерінің (топтарының) белгілері
Белгілері
Сортотиптер
Көк буданды
Шұбарбуданды
Сарыбуданды
Күлтеше
жапырақшалардың
түсі
Ашық-күлгін және көкшіл түс
басым,7-20% өсімдіктер ашық-көгілдір,
күңгірт-көк, күңгірт-сары, ақшыл-сары,
жасылдау-сары түстер мен кездеседі
Көкшіл-шұбар түстер басым, 33-
49%өсімдіктер ашық-көгілдір,
күңгірт-сары, ашық-ақшыл,
жасылдау-сары, ашық-сары
түстермен кездеседі.
Ашық-күлгін және көкшіл
түс басым,7-20% өсімдіктер
ашық-көгілдір, күңгірт-көк,
күңгірт-сары, ақшыл-сары,
жасылдау-сары түстер мен
кездеседі
Шоқгүл
Цилиндр тәрізді, орташа ұзындықта (2-3
см) және тығыздықта (20 гүл).
Қысқа цилиндр пішінді, тығыз
орташа ұзындықта (1,4 см), 15-ке
таяу гүлдері болады
Цилиндр тәрізді, орташа
ұзындықта (2-3 см) және
тығыздықта (20 гүл).
Бұршаққап
Ірі (диаметрі 3,7-4,8 мм), ашық-қоңыр түсті,
айналым саны 1,0-3-5
Ірі (диаметрі 3,3-4,6 мм), ашық-
қоңыр және күңгірт-қоңыр,
айналым саны 1,5-3,5
Ірі (диаметрі 3,7-4,8 мм), ашық-
қоңыр түсті, айналым саны
1,0-3-5
Тамыр жүйесі
Күшті дамыған, негізгі тамыр көптеген
орташа жуандықтағы бүйір тамыршалардан
тұрады.
Қуатты негізгі (кіндік) тамыр
күшті, дамыған бүйір
тамыршаларынан тұрады
Күшті дамыған, негізгі тамыр
көптеген орташа жуандықтағы
бүйір тамыршалардан тұрады.
Тамыр мойнының
топыраққа бойлауы
1,5-3,0 см
3,0-6,0 см
1,5-3,0 см
Дегеленнің күзде
және көктемде өсуі
Құламалы, кейде жартылай, жапырылған
және жартылай тік өседі
Жартылай жапырылған, кейде
құламалы немесе жартылай тік
өседі
Құламалы, кейде жартылай,
жапырылған және жартылай тік
өседі
Өсімдіктің орта
қабатындағы
жапырақшалар
Ірі, кен-эллипс тәрізді және кері
жұмыртқа пішіиді, төменгі жағынан әлсіз
түктенген
Орташа және ұсақ мөлшерлі,
ұзынша-эллипс тәрізді, кейде кері
жұмыртқа пішінді және жіңішке-
ланцетті, төменгі жағынан жиі
түктенген
Ірі, кен-эллипс тәрізді және
кері жұмыртқа пішіиді, төменгі
жағынан әлсіз түктенген
Шабылғаннан кейін
қайта өсуі,
шабыс саны
Шапшаң, 2-ден 6-ға дейін
Шабылғаннан кейін қайта өсуі,
шабыс саны
Шапшаң, 2-ден 6-ға дейін
Қазақстанда
пайдалануға рұқсат
етілген сорттар
Карагандинская 1 Шортандинская 2
Карабалыкская 18
Көкше
Желтогибридная 55
224
ЭСПАРЦЕТ – ONOBRYCHIS
Т А П С Ы Р М А
1. Өсімдіктің құрылысын оқып-үйрену.
2. Эспарцеттің негізгі түрлерінің (құмдық, кәдімгі және закавказдық)
айырмашылық белгілерін оқып-үйрену.
3. Аудандастырылған сорттарына сипаттама беру.
4. Эспарцетті мал азығы мен тұқымға өсірудің операциялық
технологиясын жасау.
Эспарцет бұршақ тұқымдасына Leguminosoe және onobrychis
туыстығына жатады да 150-ден аса түрлерді біріктіреді. ТМД аумағында
62 түрі белгілі, ал жабайы түрлерінің барынша көп тарағаны Кавказ (27
түр), Орта Азия (17 түр) Қазақстан мен Украина (8 түрден). Олардың
көпшілігі – көпжылдық шөптесін өсімдіктер, бағалы мал азықтык
шөптер.
Егістікте эспарцеттің 3 түрі ғана пайдаланылады: құмдық
(Оn.Аrеnаrіа) дақылға тұңғыш рет ХІХ-ғ. Украинада енгізілген; егістік
кәдімгі, немесе сиыржоңышқа жапырақты (Оn.Viciaefolia) Батыс
Еуропада бұдан 500 жыл бұрын енгізілген; Закавказдық немесе алдыңғы
азиялық (Оn. antasiatica) барынша ескі дақыл, бұдан 1000 жыл бұрын
Кавказда өсіріле бастаған.
Аталған түрлер бір-бірінен және басқа көпжылдық бұршақ тұқымдас
шөптерден морфологиялық белгілері мен қасиеттері бойынша айқын
айырмашылықтарымен ерекшеленеді.
Эспарцеттің ұзын кіндік тамыры 3-6 м тереңдікке бойлайды, алайда
жоңышқадан айырмашылығы тарамданған бүйір тамыршаларының
негізгі бөлігін жоңышқа сияқты топырақтың 50 см дейінгі қабатында емес,
50-100 см қабатында қалыптастырады, мұның өзі эспарцеттің су мен
қоректік заттарды топырақтың терең қабаттарынан пайдалануына
мүмкіндік береді.
Жапырақтары дара – қосқауырсынды, 16-18 қосқауырсынды
жапырақшалар мен жалғыз ұшар бастағы жапырақтан тұрады, егін көгінің
алғашқы жапырағы – дара жарнақты, соңынан 3,5,7... 19 бөліктен тұратын
дара қауырсынды күрделі жапырақтар қалыптастырады, гүл шоғыры –
ұзындығы 3-20 см шоқгүл. Гүлдері қызғылт (кейде ақ түсті, ірі) ұзындығы
0,8-1,4 см, бұршаққаптары ірі жалғызтұқымды кейде қостұқымды домалақ
пішінді, жарғақтары тығыз бекіген. 1000 тұқымның массасы 11-24 г
(бұршаққаптармен себіледі).
Эспарцеттің сабағы мүлде бұтақтанбайды, кейде төменгі және жоғарғы
буындерден (буындардан) 1-2 бұтақ шығады, алайда 3-5 ұзара өскен
буынаралықтарындағы жапырақ қолтығындағы өркеннен гүл дамитын
бүршіктер – гүл шоғыры өсіп шығады.
Эспарцеттің негізгі түрлерінің айырмашылық белгілері мен
сипаттамасы 73-сурет пен 89-кестеде берілген.
225
73-сурет – Эспарцет: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену жеміс түзу
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3,4-сиыржоңышқа жапырақты эспарцеттің гүл шоғыры,
жапырағы мен гүлі; 5,6-Закавказдық эспарцеттің гүл шоғыры, жапырағы мен гүлі; 7,8-
құмдық эспарцеттің гүл шоғыры, жапырағы мен гүлі; 9,10-жемістер мен тұқымдар
(сол жақта-үлкейтілген)
Сорттары. Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген эспарцет-
сорттары төмендегідей: сиыржоңышқа жапырақты: Алма-Атинский 1,
1977 (13); Алма-Атинский 2, 1980 (13); Песчаный 1251, 1959 (2,4 6
Гибрвд 110, 1988 (4).
Песчаный улучшенный сорты Қарағанды а.ш. стансасысында
шығарылған. Шабылғаннан кейінгі өсу қуаты төмен, әдетте бір-ақ
шабыс береді, ылғалды жылдары шамалы өнімді екінші шабыс алады.
Сорт – қыстың суығы мен қуаңшылыққа төзімді, 1950 (1,5,8,10,12,13).
Шортандинский 83 – Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1993 (12).
226
89-кесте – Эспарцеттің негізгі түрлерінің айырмашылық белгілері мен сипатамасы
Белгілер
Эспарцетгің түрлері
құмдық (Оn. аrеnаrіа)
кәдімгі егістік (Оn. vicaefolia)
закавказдық (Оn. аntasaticа)
Күлтеше
жапырақшаның
түсі
Сары реңді қызғылт
қызыл реңді қызғылт
Күлгін реңді қызғылт (желкен жүйкесінде)
Шоқгүл
Ұршық тәрізді (тышқан құйрықты),
жіңішке, жылтыр, үшкірленген,
гүлденгендегі ұзындығы 5-8 см,
піскенде 10-25 см, борпылдақ
Ірі және орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм),
ұзын және орташа ұзындықта тістері бар,
1000 тұқымның массасы 17-22 г.
Ірі және орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм),
тістері жоқ, 1000 тұқымның массасы 14-24 г.
Бұршаққаптары Ұсақ (ұзындығы 4-5 мм) қысқа
немесе орташа ұзындықта тістері бар,
1000 тұқымның массасы 11-15 г.
Ірі және орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм),
ұзын және орташа ұзындықта тістері бар,
1000 тұқымның массасы 17-22 г.
Ірі және орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм)
тістері жоқ, 1000 тұқымның массасы 14-24 г.
Сабағы
Биіктігі 80-125 см, дөрекі, іші
толтырылған, айғызданған, жас
сабақтары түкті, түктері тік
орналасқан, 6-8 ұзын буынаралығы бар,
түсі ашық-жасыл
Биіктігі 50-90 см, орташа нәзік, ішкі
қуысы жартылай толық, айғызданғаң,
жас сабақтары тік орналасқан қысқа
түкті, 5-7 қысқа буынаралықтары бар,
түсі күңгірт-жасыл
Биіктігі 80-150 см, нәзік, негізінен іші қуыс,
жылтыр, жас сабақтар ұзын қысыңқы
түктермен
көмкерілген.
7-9
буын
аралықтары бар, жапырақтары сияқты
жасылдау.
Жапырақ-шалары Ланцет тәрізді, жоғарғы үштен
бірінде қысылған, ұзындығы 2-3 см, ені
0,5-0,9 см, жасыл, ал жоғарғы жас
жапырақшалары-сарғыш-жасыл
Эллипс тәрізді, кейде ланцетті, жоғарғы
ұшы доғадданған, ұзындығы 1-2, ені 0,5-
0,7 см, күңгірт жасыл түсті, жас
жапырақгалары-ашық түсті
Жұмыртқа тәрізді төбе жағы доғаланып
біткен, ұзындығы 2-4 см, ені 0,5-0,9 см, түсі
көкшіл, қысыңқы түктерден сұрғылт жасыл
түсті.
Тамыры
Діңгек түсті консистенциялы
Шырынды
Шырынды
Даму типі
Жаздық, бір шабысты, бір-ақ рет
гүлдейді, кейде ерте шапқанда екі рет
гүлдейді
Күздік немесе жаздық, күздік жалғыз
шабысты-бір-ақ рет гүлдейді, ал жаздық 2-
3 рет гүлдейді
Жаздық – екі шабысты, жазда 2-3 рет
гүлдейді, күздік-жалғыз шабысты, жаз бойы
бір-ақ рет гүлдейді.
Қысқа төзімділігі Барлық аймақтарда жоғары
Орташа, қатаң қарсыз қыста өліп қалады Орташа және төмен, қатаң, қарсыз қыста
тіпті Украинада да өліп қалады.
Қуаңшылыққа
төзімділігі
Жоғары
Орташа
Жоғары және орташа
227
ТҮЙЕЖОҢЫШҚА – ДОННИК – MELILOTUS
ТАПСЫРМА
1. Түйежоңышқаның морфологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену.
2. Түйежоңышқаның түрлері мен ақ және түйежоңышқаның
айырмашылық белгілерін оқып-үйрену.
3. Аудандастырылған сорттарына сипаттама беру.
4. Түйежоңышқаның мал азығына және тұқымға технологиясын
жасау.
Түйежоңышқа (Меliotus) — бұршақ тұқымдасына жататын
екіжылдық, кейде біржылдық шөптесін өсімдік.
Тамыр жүйесі кіндікті, жақсы дамыған, 1,0-5,0 м тереңдікке
бойлайды.
Сабақтары тік өседі, немесе көтерілгіш, бұтақты, іші қуыс жылтыр
немесе төбесіне қарай түкті, биіктігі 0,5-3,5 м.
Жапырақтары үштік, шеттері ара тісті, ортаңғы жапырақша ұзын
аяқшаға орналасқан, ортаңғы және төменгі жапырақтар домалақ келген,
жұмыртқа пішіндес, жоғарғылары – линиялы (сызықта жіңішке – эллипс
тәрізді, ұзынша-ланцетті.
Гүл шоғыры – ұршық немесе ұзынша цилиндр тәрізді шоқгүл,
гүлдерінің саны 30-150, өсімдігі айқас тозаңданады, бал жинағыш.
Жемістер – бұршаққап, біртұқымды, кейде қостұқымды
піскенде шашылуға бейім, жарылмайды, жұмыртқа немесе эллипс
пішінді, тор көзді немесе көлденең әжімді.
Тұқым жұмыртқа пішінді, сопақ, тегіс немесе әлсіз дөңестелген
сары, жасылдау-сарғыш түсті. 1000 тұқымның массасы 1,6-3,0 г.
Қазіргі уақытта Меliltus туыстығына жататын түйежоңышқаның 16
түрі белгілі, олардың 11-і жабайы түрде ТМД елдерінің аумағында
кездеседі. Олардың ішінде ақ, сары, тісті, хош иісті, каспийлік,
орыстық, бойшаң, неополитандық, қырымдық, түкті, үнді
түйежоңышқаларды атауға болады.
Егістікте негізінен екі түрі – ақ (М. аlbus) және сары
(М.оfficinalus) түйежоңышқа кең тараған.
Ақ және сары немесе дәрілік түйежоңышқа төмендегідей негізгі
белгілермен ажыратылады (74-сурет, 90-кесте).
90 - кесте – Ақ және сары түйежоңышқалардың айырмшылық белгілері
Белгілері
Түйежоңышқаның түрлері
ақ
сары
1
2
3
Жапырақшалардың пішіні
а. төменгі және ортаңғы
жапырақтардың
Сопақтау кең келген,
домалақ
Кері жұмыртқа пішінді
немесе домалақ
228
90-кестенің жалғасы
1
2
3
б. жоғарғы жапырақтардың Сызықты немесе жіңішке –
элиппс тәрізді
Ұзынша-ланцетті
Гүлдердің түсі
Ақ
Сары
Бұршаққап пішіні
Эллипс тәрізді
Жұмыртқа тәрізді
Бұршаққаптың беті
Торлы-әжімді
Көлденең әжімді
Бұршаққаптың ұшы
Қысқа үшкір тұмсықты
Әдетте аналық аузы
сақталған
Тұқымы
Сопақ, сарғыш немесе
жасылдау-сарғыш, 1000
тұқымның массасы, 1,9-3,0
г.
Жұмыртқа-элиппс
тәрізді, жасылдау-
сарғыш түсті күңгірт-
күлгін дақты суреті бар
– 1000 тұқымның
массасы 1,4-1,6 г.
74-сурет – Түйежоңышқа: сары түйежоңышқа: 1,2 – дамыған егін көгі мен гүлдену
кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 – гүл шоғырлары, жемістері және жапырақтарымен
бүршіктің бір бөлігі; 4 – гүл; 5-6 – жеміс пен тұқым (сол жақта үлкейтілгендері). Ақ
түйежоңышқа: 7-бүршіктің бір бөлігі; 8- гүл; 9-жеміс (сол жақта-үлкейтілген); 10-
тамыр жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |