БӨРІБҰРШАҚ – ЛЮПИН – LUPINUS
Бөрібұршақ (Lupinus) туыстығы 200-дей түрді біріктіреді, оның
ішінде екпе дақылда өсірілетіні төртеу.
Жіңішке жапырақты бөрі бұршақ (Lupinus angustifolius) -
біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті 2 м тереңдікке дейін
бойлайды, жақсы дамыған түйнектері болады. Сабағы бұтақты, түкті,
биіктігі 1,0-1,5 м. Жапырақтары саусақ-салалы, 7-10 ұзынша-линиялы
жапырақшалары болады. Гүлдері көк, көкшіл, қызғылт, ақ, күлгін.
Негізінен гүлдерінің көк түстісі басым (басқа атауы – көк бөрі
бұршақ осыдан тараған). Бұршаққап ірі емес, 4-7 тұқымды, түкті,
піскенде қоңыр, жарылғыш. Тұқымы домалақ – бүйрек тәрізді пішінде,
сұр, сұрғылт-қоңыр немесе ақ, 1000 тұқымның массасы 150-180 г.
Сары бөрі бұршақ (Lupinus luteus) — біржылдык шөптесін өсімдік.
Тамыры кіндікті, түйнектері жақсы дамыған. Сабағы бұтақты, биіктігі 1
м дейін. Жапырақтары саусақ-салалы, кері жұмыртқа тәрізді енді, 5-9
жапырақшалардан тұрады, төменгі жағы түкті. Гүлдері сары. Бұршаққап
үлкен емес, 4-5 тұқымды, молынан түктелген, піскенде ашық-қоңыр,
жарылғыш. Тұқымы домалақ-бүйрек пішінді, мрамор суретті, кейде
қара немесе сүретсіз ақ түсті. 1000 тұқымның массасы 100-140 г.
Ақ бөрі бұршақ (Lupinus albus) – біржылдық шөптесін өсімдік.
Тамыры кіндікті, түйнекті. Сабағы жоғары жағынан ғана бұтақтанады.
Жапырақтары
саусақ-салалы,
кері
жұмыртқа
тәрізді
7-9
жапырақшалармен, төменгі жағы түкті. Гүлдері ақ, жиі түрде көкшіл.
Бұршаққап ұзынша келген, 4-8 тұқымды, сәл иілген, түкті, ашық-қоңыр,
жарылмайды. Тұқымы домалақ, бұрышталу, қатты жаншылған, сарғыш,
сарғыш-қызғылт түсті. 1000 тұқымның массасы 240-450 г.
Көпжылдық бөрі бұршақ (Lupinus polyphylus) көп жылдық
шөптесін өсімдік. Тамыры кіндікті, жақсы дамыған, түйнекті. Сабағы:
негізінен төменнен бұтақтанады, 1 м дейін өседі. Жапырақтары саусақ-
салалы, жұмыртқа тәрізді 7-16-20 жапырақшалардан тұрады. Гүлдері
көк, күлгін. Бұршаққап 8-10 тұқымды, иілген, түкті, қара, жарылғыш.
159
Тұқымы ұсақ, сопақ елсіз бүйрек пішінді, ашық-сүр немесе қара шұбар
суретті. 1000 тұқымның массасы 20-25 г. бір орында 8-10 жыл өседі. Ең
жоғары өнімді тіршлігінің үшінші жылында береді. Сидеральды дақыл
ретінде маңызы зор. Бұл дақыл 48-суретте кескінделген.
48-сурет – Көпжылдық бөрібұршақ: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену кезеңдеріндегі
өсімдіктер; 3-сабақтын жоғарғы бөлігі; 4-жеміс; 5-тұқымдар (сол жақта-үлкейтілгендер)
Бақылау сұрақтары
1.
Асбұршақ, ноғатық, жасымық, атбас бұршақ, ноқат,
бадана мен майбұршақтардың латынша және орысша атаулары.
2.
Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары, егін көгі,
жапырақтары, сабақтары мен жемістері бойынша айырмашылық
белгілері.
3. Асбұршақ, жасымық, ноғатықтардың түр тармақтарының
айырмашылық белгілері.
4. Атбас бұршақ түршелерінің белгілері.
5. Пайдалануға рұқсат етліген асбұршақ, ноғатық, жасымық, ноқат,
майбұршақ сорттарының шаруашылық-биологиялық сипаттамасы.
6. Асбұршақ, ноғатық, жасымық, ноқат, майбұршақтың сыртқы
орта факторларына қоятын талаптары және осы факторлармен
Қазақстанның негізгі топырақ-климат аймақтарында қамтамасыз етілуі.
7. Республикамызда
өсірілетін
маңызды
дәнді
бұршақ
дақылдарының (асбұршақ, ноғатық, ноқат, майбұршақ) биологиялық
160
ерекшеліктерін салыстырмалы бағалау.
8. ҚР-ның негізгі аймақтарында асбұршақ, ноғатық, ноқат,
майбұршақ агротехникасының (технологиясының негізгі элементтері)
ерекшеліктері.
Тарау бойынша әдебиеттер
1 Бенц В.А Горох. -А-Ата, 1976.
2 Корягин Ю.Г. Соя. -А-Ата, 1978.
3 Макашева Р.Х. Горох. -Л., "Колос", 1973.
4 Можаев Н.И., Решновецкий С.Б. Зернобобовые в Кокчетавской
области. -Ж. Зерновое хозяйство, № 2, 1985.
5 Можаев Н.И., Решновецкий С.Б. Сроки посева чины посевной. -Ж.
Вестник с.-х. науки Казахстана, № 7, 1985.
6 Можаев Н.И. Решновецкий С.Б. Возделывание чины на семена. -Ж.
Зерновое хозяйство. № 3, 1986.
7 Орлов В.П. идр. Зернобобовые культуры в интенсивном
земледелии. -М., 1986.
8 Черноголовник В.П. Зернобобовые культуры и бобовые травы в
Казахстане. -А-Ата, 1960.
V - ТАРАУ. ТҮЙНЕК ЖЕМІСТЕР
КАРТОП – КАРТОФЕЛЬ – SOLANUM
ТАПСЫРМА
1.
Тамыр
жүйесі,
сабақ,
жапырақтар,
жемістері
мен
гүлдерінің құрылысына ерекше көңіл аудара отырып картоп өсімдігінің
морфологиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену.
2. Картоптың көбейту тәсілдерін оқып-үйрену.
3.
Картоп түйнегінің сыртқы және анатомиялық құрылысымен
егжей-тегжейлі танысу, құрам бөліктерін сипаттап жазу және суретін
салу.
4.
Пайдалануға рұқсат етілген сорттарына шаруашылық-
биологиялық сипаттама беру.
5. Картоп түйнегіндегі құрғақ заттар мен крахмал мөлшерін
әртүрлі тәсілдермен анықтауды үйрену.
6. Егін жинау алдындағы құрылымдық талдау және картоптың
биологиялық өнімін анықтауды оқып-үйрену.
7.
Суарылмайтын және суармалы жағдайларда картоптың
пәрменді өсіру технологиясын жасау.
Картоп Алқа тұқымдасына (Solanaceae), Solanum туыстығына
жатады. Бұл туыстықтан егістікте көп тараған түрі мәдени картоп –
161
Solanum tuberosum. Өзінің табиғатына қарай қарастырылып отырған түр
сабағы жыл сайын өліп қалатын көпжылдық түйнекті өсімдік, алайда
оны егістікте біржылдық дақыл ретінде өсіреді. Оның бүкіл тіршілік
циклі, түйнектердің өнуінен жаңа түйнектердің қалыптасуы мен пісуі,
бір өсіп-жетілу (вегетациялық) кезеңінде өтеді. Оны вегетативті жолмен
де, тұқымымен де көбейтуге болады.
Тұқымынан өсірілген картоп өсімдігі екі тұқым жарнағымен өскін
және көптеген ұсақ тамыршаларымен ұрықтық тамыр қалыптастырады.
Ұрықтық тамырмен қоса жер астыңда орналасқан сабақтың негізінде,
оның буындарында екіншілік тамыршалар да түзіледі.
Түйнегінен өсірілген өсімдік оның көзшелерінен (өркенінен) сабақ
дамытады. Мұндай жағдайда ұрықтық тамыр түзілмейді, тек қана сабақ
негізіндегі буындардан әдетте топталып, немесе үш-төртеуі бірігіп
орналасқан екіншілік (буын) тамырлары пайда болады. Сабақ негізіндегі
буындерден (буындардан) горизонталь орналасқан жер асты өркендер –
столонцар тарайды, олардан кейіннен түйнектер қалыптасады. Екі
жағдайда да картоптың тамыр жүйесі шашақты түрде болады және
топырақ бетіне таяу орналасқан, дегенмен жекелеген
тамыршалар
айтарлықтай тереңдікке дейін бойлайды.
Картоптың сабақтары шөптесін, үш немесе төртқырлы, сорты мен
өсіру жағдайларына қарай биіктігі 50-80-180 см дейін өзгереді. Бір
өсімдікте 3-6 және одан да көп сабақтар қалыптасады. Әрбір сабақтан
ұзындығы 15-20 см 5-6 столондар дамиды. Столондар сабаққа ұқсап
өздігінен тамырлана алады және ұштары жуандай келіп түйнектерге
айналады. Түйнектер өсімдіктер үшін қорлық қоректік заттар, негізінен
крахмал жинақталған орын болып табылады.
Картоптың жапырақтары қарапайым, үзік дара қауырсынды-
қиықты. Олар жапырақтың негізгі білігінде орналасқан бірнеше жұп
бөліктерден, бөлікшелерден және төбесіндегі дара өте кіші бөлікшеден
тұрады.
Гүл шоғыры ұзын гүл тұғырында орналасқан бірнеше (2-3, кейде 4
шиыршықтан тұрады. Картоп сорттарының бәрі гүл шоғырын түзе
бермейді.
Гүлдері қосжынысты, бірігіп өскен тостағанша жапырақша мен бес
ақ, ашық-сары, көк, көкшіл немесе қызғылт күлгін түсті әбден бірікпеген
күлтеше жапырақшаларды біріктіреді.
Жемісі – шырынды жидек, көптеген тұқымдардан тұрады.
Тұқымдары ұсақ жаншылған, ақ-сұр және сарғыш түсті, 1000 санының
массасы 0,3-0,5 г. Түйнектің бетінде бұрандалы тәртіппен орналасқан
көзшелер (түр өзгерісіне ұшыранған жапырақтар) болады, олар
тыныштық күйіндегі 2-3 бүршіктен құралған. Түйнектің столонға
бекіген жерін кіндік, ал оған қарама-қарсы жағын – төбесі деп атайды.
Сортына қарай картоп түйнегі домалақ, сопақ, ұзынша-сопақ,
домалақтау-сопақ болуы мүмкін. Тағамдық шаруашылықта көзшелері
тайыз орналасқан домалақ түйнектер барынша құнды. Түйнектің сыртқы
162
түсі ақ, сары, қызыл, қызғылт-күлгін болады, ал жұмсағының түсі-ақ,
сарғыш, сары, күлгін.
Түйнектің анатомиялық құрылысы сабаққа ұқсас: оның ұзындық
қимасыңда түтікті сақина шоғын көруге болады, ол түйнек бетіне таяу
көзшелерге қарай орналасқан, түйнектің орта бөлігі барынша ылғалды
өзекпен толтырылған, ол негізінен крахмал клеткаларынан тұрады;
түйнектің сырты эпидермис түзетін перидерма қабатынан тұрады.
Картоп өсімдігінің құрам бөліктері, түйнектердің пішіні мен
анатомиялық құрылысы 49-50-суреттерде кескінделген.
49-сурет – Картоп: 1- түйнектердің қарқынды өсу кезеңіндегі өсімдік, 2-дамыған егін
көгі кезеңіндегі тұқым өскіні; 3- гүл шоғырлары; 4-гүлдер, 5- жапырақтар: (а)- сирек
бөлікті шамалы тілінген, (б)-орташа тілінген, (в)-жиі бөлікті қатты тілінген; 6-
жемістер,
8- тұқымдар (жоғарыда үлкейтілгендері)
Шаруашылық бағыты мен пайдалануына қарай сорттары
асханалық, техникалық, мал-азықтық және әмбебап топтарына
бөлінеді. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығына байланысты ерте пісетін
(70-80 тәулік), ортадан ерте (80-90), орташа мерзімде (90-100), ортадан,
кеш (100-120) және кеш пісетін (120 тәуліктен артық) картоп сорттары
ажыратылады.
163
Түйнектердің бағалау тәсілдері
Картоптың шаруашылық құндылығы оның сорттарын әртүрлі
бағытта және мақсатқа пайдалану мүмкіндігі. Техникалық қайта өндеу
шараларын жақсарту және жеңілдету көп жағдайда түйнектің химиялық
құрамына тәуелді. Түйнектердегі құрғақ заттардың мөлшері олардың
басты құрамдас бөлігі – крахмалдың маңызы зор.
Зауыттық өндеуде крахмалдың орны ерекше. Түйнетердегі
крахмал мөлшері тұрақты емес (10-22%). Бір сорттың бір өлшем
түйнегінде өсіру орны мен жағдайларына қарай әртүрлі мөлшерде құрғақ
зат пен крахмал болады.
Түйнектердің бағалау тәсілдері
Картоп түйнегіндегі құрғақ зат пен крахмалдың пайыз (%)
мөлшерін тікелей тәсілмен анықтаудың біраз қиындықтары бар және
ұзақтығымен ерекшленеді. Сондықтан зауыт тәжірибесінде аса дәл
болмағанмен есесіне тез нәтиже беретін жанама тәсілдер қолданылады.
Картоп түйнегі құрғақ заттар мен судан тұрады: түйнектерде су көп және
құрғақ заттар аз болған сайын олардың меншікті массасы судың
меншікті массасына жақын болады. Керісінше, түйнектерде неғұрлым
құрғақ заттар көп болса (және су аз болса) солғұрлым олардың меншікті
массасының айырмашылығы судың меншікті массасынан арта түседі.
50-сурет – Картоп: кең тараған сорттардың түйнектері мен гүл шоғырлары:
1-лорх; 2-приекульский ранний; З-Столовый 19; 4-Фаленкий; 5-Гатчинский;
6-ересек картоп түйнегінің бой қимасы: а-төбелік бүршік, б-бүйір бүршігі, в-
кіндік, г-эпидермисі, д-қабық, е-түтіктішоқтар, ж-өзек
164
Осыған сәйкес, картоп түйнегіндегі құрғақ заттарды анықтау түйнектің
меншікті массасымен ондағы құрғақ заттар арасындағы байланысқа
негізделген.
Түйнектің меншікті массасы бойынша крахмал мөлшерін анықтау.
Картоптың меншікті массасын өлшенген көлемдегі картоп массасының
судың массасына қатынасымен анықтайды. Егер картоптың ауадағы
массасы А тең, ал сол суға батырылған картоптың массасы В тең болса,
онда А-В айырмашылығы ығыстырылған судың массасын құрайды,
өйткені суға батырылған кез келген дене ығыстырылған судың көлеміне
тең өзінің массасын жоғалтады. Сондықтан картоптың меншікті
массасын мына анықтама бойынша есептейді:
М
т
= А:(А-В)
Картоп түйнегінің меншікті массасын біле отырып, анықтамалық
кесте бойынша құрғақ заттар мөлшерін анықтайды.
Картоп түйнегіндегі крахмал мөлшері мен меншікті массасы соған
жақын қанттарды анықтау үшін құрғақ заттардың құрамына кіретін
клечатка, тұз, ақсыл (белок) және органикалық қышқылдарға түзету енгізу
қажет. Бұл түзетуді табылған барлық құрғақ заттар мөлшерінен 7,252
коэффициентін шегеру жолымен есептейді. Осылайша қрахмал санын
басқаша айтқанда крахмал мен қанттардың жиынтық массасын
анықтайды.
Картопта крахмал дәндері түрінде болатын крахмалдық нақты
мөлшерін анықтау үшін крахмал санынан шамамен 1,5% тең қант
мөлшерін шегерген дұрыс.
Табылған меншікті массасы бойынша картоп түйнегіңдегі құрғақ
заттар мен крахмал санын анықтамалық кестенің көмегімен анықтайды.
Бұл кестені пайдалану және соның көмегімен құрғақ заттар мен
крахмал санын анықтау суға батырылған 5000 г картоп түйнегінің
массасын көрсететін қосымша сандар бағанасымен (1) жеңілдей түседі.
Жоғарыда келтірілген анықтамада А шамасы тұрақты, өзгермелі тек В деп
есептесек, онда картоп түйнектерінің меншікті массасы В шамасына
сәйкес өзгереді (су астындағы массасы). 5000 г картоп түйнегін талдауға
алуды әдетке айналдырғанда крахмал санын су астындағы картоп
түйнегінің массасымен табуға болады. Сонымен, меншікті массаны
есептеудің қажеті болмайды, ол да кестеде келтірілген.
Крахмал санын кестесіз-ақ, дәлділігі төменірек болса да мына
анықтамамен есептеуге болады:
(В – 90): 20
мұнда, В – 5000 г картоп түйнегінің су астыңдаға массасы (г).
Айталық 5000 г картоптың су астындағы массасы 470 г. мұндай
жағдайда крахмал саны келтірілген анықтама бойынша (470-
90):20=380:20=19 тең. Кестеге сәйкес 470 санының қарсысында (1-
бағана) шындығында 19,027 крахмал санын көреміз.
Кестені құру айтарлықтай қарапайым және ешқандай түсініктеме
берудің қажеті жоқ.
165
Крахмал мөлшерін түйнектермен ығыстырылған суды
өлшеу жолымен анықтау. Бұл тәсілмен картоптың меншікті
массасын (тығаздығын) анықтау үшін екі қарапайым құрылымды
пайдалануға болады: 4-5 л сиымдылықтағы шыны сауыт пен ортасына
үшкір ине бекітілген майыспайтын метал пластинкасы. Пластинканы
үшкірін төмен қаратып шыны сауыттың (сосудтың) жоғарғы шеттеріне
орналастырады. Сауытқа жылылығы 17,5°С суды деңгейі иненің үшкір
ұшына түйіскенше құяды. Соңынан суды күні бұрын дайындалған таза,
әрі өлшенген ыдысқа қотарады; сауытқа 1кг жуылған құрғақ картоп
түйнектерін салады да осыған дейін басқа ыдысқа құйылған
(қотарылған) суды қайтадан иненің ұшына түйіскенше құяды. Артық
қалған судың орнын картоп басады және оның келемі 1/кг картопқа тең.
Қалған суды өлшеп, картоп көлеміне тең массасын анықтайды. Осыдан
талданған картоптың меншікті массасын анықтайды.
Егер құрғақ картоптың массасы 1000 г, қалған судың салмағы 910 г
тең болса, онда картоптың меншікті массасы 1000:910=1,098 тең.
Мұндай меншікті массаға кесте бойынша крахмал саны 17,979 сәйкес
келеді.
Крахмалды ареометрдің көмегімен анықтау. Бұл тәсілде тұз
ертіндісінің, тығыздығы пайдаланылады. Ол үшін ас тұзының жоғары
концентрациялы ертіндісі дайындалады да оған 1 кг жуылған және
сүртілген картоп түйнектерін салады. Әуелі түйнектер ертіндінің
бетінде қалқып жүреді, соңынан үстіне түйнектердің негізгі массасы
ертіндінің ортасында қалқып жүретін дәрежеге дейін су құйып отырады
(түйнектердің азғантай бөлігі ғана ертінді бетінде қалғанша). Кейіннен
ареометрдің көмегімен ертіндінің тығыздығы мен крахмал мөлшері
есептеледі.
Крахмалды ВП-5 картоп таразысының көмегімен анықтау. Бұл
тәсіл алғашқыларға қарағанда дәлірек, түйнектердегі крахмал мөлшері
10-30% деңгейінде болғанда анықтау қателігі 0,05-0,1%-тен аспайды.
Мұнда 5 кг жуылған картоп пен бөлме температурасындағы таза су
алынады, аталған таразыны пайдаланудың ережесін сақтай отырып
крахмал мөлшерін анықтайды, крахмалды анықтаумен қатар ВП-5
таразысында түйнектердің ластануын анықтайды
Түйнектерге құрылымдық талдау. Картопты жинау
алдында өнімдегі әртүрлі іріліктегі түйнектердәң ара қатынасын анықтау
үшін оларға құрылымдық талдау жүргізіледі. Бір мерзімде товарлы
және тұқымдық түйнектердің шығымы да анықталады. Құрылымдық
талдау көрсеткіштері бойынша жинау алдындағы биологиялық өнім
мөлшері есептеледі.
Бұл екі тәсілмен жүргізіледі:
1. Танаптың диагоналімен жүріп отырып белгілі қашықтық
сайын картоп бұталары (20-дан кем емес) қазылып алынады;
2.
Танаптың диагоналі бойында кем дегенде үш жерден
ұзындығы 14,3 м (7,15 м алса да болады) қатардағы бұталарды санап,
166
соңынан қазып алады. Екі әдісте да қазылып алынған картоп
түйнектерін құрылымдық талдау жолымен 3 фракцияға (ірілігіне қарай) -
ірі (80 г жоғары), орташа (80-30 г) және ұсақ (30 г төмен) - бөледі.
Әрбір фракцияны жеке-жеке есептеп өлшейді, товарлы және тұқымдық
түйнектердің шығымын анықтайды. Нәтижелерін қосымшаның 9-
кестесіне жазады.
Құрылымдық талдау нәтижелеріне сүйене отырып егін жинау
алдындағы биологиялық өнімді мына екі тәсілдің бірін пайдаланып іске
асыруға болады:
1.
Белгілі бір қоректену алаңы бойынша 1 га егістіктегі картоп
бұталарының санын есептейді.
2.
14,3 м қатардағы (немесе 10 шаршы м) картоп бұталарының
саны арқылы 1 га егістікке келетін барлық бұталар анықталады.
Соңынан табылған сандық мәндерді бір бұтадан алынған орташа картоп
массасына көбейтін, тиісті биологиялық өнімді табады. Осыған қоса,
жалпы биологиялық өнімнен отырғызуға жұмсалған тұқымды шығару
жолымен таза биологиялық өнім анықталады, тауарлы және тұқымдық
түйнектер өнімі де есептеледі (қосымшаның 10-кестесі).
Картоп өсірудің операциялық технологиясы технологиялық
картаның негізі бола отырып, барлық агротехникалық шаралар мен
тәсілдерді технологиялық жүйеде өткізуді қарастырады.
Пайдалануға рұқсат етілген асханалық бағыттағы картоп
сорттары
Ерте пісетіндер:
Приекульский ранний. Сортаралық шағылыстыру тәсілімен
Приекуль генетикалық тәжірибе стансасында шығарылған. Өте ерте пісетін
сорт. Мол өнімді, ауруларға әлсіз төзімді. Түйнектері ақ түсті, ұсақ
көзшелері бар-домалақтау-сопақ пішінді, жұмсағы ақ. Крахмалдығы
ортадан төмен, дәмдік сапасы жақсы, сақталуы қанағаттанарлық. 1962
жылдан барлық облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Конкурент, 2004 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы.
Кокшетауский ранний, 1993 жылдан Ақмола, Ақтөбе, СҚО,
Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Латона, 2003 жылдан Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай
облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Просвит,
1995
жылдан Ақмола, Маңғыстау облыстарында
пайдалануға рұқсат етілген.
Ред Скарлет, 2011 жылдан Қостанай, Маңғыстау облыстарында
пайдалануға рұқсат етілген.
Солист, 2011 жылдан Ақмола облысында өсіруге рұқсат етілген.
Сорая, 2012 Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында
өсіруге рұқсат етілген.
Тамаша, 1996 Алматы, Қостанай, Қызылорда облыстарында өсіруге
167
рұқсат етілген.
Шагалалы, 2008 Ақмола облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Фирменный, 2007 Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан
облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Фреско, 1996 жылдан Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында
пайдалануға рұқсат етілген.
Ярла, 1996 Алматы, Павлодар облыстарында пайдалануға рұқсат
етілген.
Орташа мерзімнен ерте пісетіндер:
Невский. Солтүстік-батыс АШҒЗИ сортаралық шағылыстыру
арқылы шығарған. Жоғары өнімді пәрменді типтегі сорт.
Саңырауқұлақ, бактериялық ауруларға төзімді. Түйне ұсақ көзшелері
бар домалақтау – сопақ пішінді, крахмалдығы орташа. Дәмдік сапасы
мен сақталуы жақсы. 1987 жылдан Қазақстанның барлық
облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Шортандинский. Қазақ АШҒЗИ мен Қазақтың картоп
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында клондық сұрыптау
әдісімен шығарылған. Өнімі ортадан жоғары, аурулармен әлсіз
залалданады, қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Түйнектері
ақ, домалақ пішінді, көзшелері орташа тереңдікте, жұмсағы ақ түсті.
Түйнектердің крахмалдың орташа дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы.
1977 жылдан Ақмола, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік
Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Акколь 1996 жылдан СҚО-да өсіруге рұқсат етілген.
Артемис, 2009 жылдан Қостанай облысында өсіруге рұқсат
етілген.
Казахстанский, 2007 жылдан Ақмола облысында өсіруге рұқсат
етілген.
Превосходный, 2012 жылдан Ақмола облысында өсіруге рұқсат
етілген.
Розара, 2001 жылдан Алматы және Қостанай облыстарында
пайдалануға рұқсат етілген.
Романо, 1997 жылдан Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай,
Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |