Лабораториялық жұмыстар үшін қолданылатын құйғылар. Жалпылама қолданылатын шыны құйғылар лабораториялық, бөлектеп құятын, тамшылап құятын және сүзу үшін қолданылатын болады.
Конус тәрізді (конус бұрышы 600) түрдегі кесілген ұзын ұшы бар лабораториялық құйғылар бір ыдыстан екінші ыдысқа сұйықтарды құю үшін немесе құтыға ұнтақтарды салу үшін қолданылады. Сұйықты құтыға немесе шөлмекке құйғанда құйғыны шетіне дейін толтыруға болмайды. Егер құйғы ыдыспен тығыз жанасып тұратын болса, құю қиындатылады. Мұндай жағдайда құйғы мен ыдыстың арасына қағаз тілімін салған дұрыс.