Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет18/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Кәрлен лабораториялық ыдыстар

Шыныға қарағанда кәрленнің артықшылығы оның ыстыққа төзімділігі және механикалық мықтылығы.


Жұқа қабырғалы кәрлен ыдыс температураның кенет ауытқуына төзімді және сондықтан да заттарды газ жанарғысында қыздыруға қолданылуы мүмкін. Бірақ кәрлен ыдыстан жасалған затты біртіндеп қыздыру керек, қыздырылған ыдысты температураны дереу төмендетпей суық ұстағышпен алмау және суық қойғыштың үстіне қоюға болмайды.
Кәрлен ыдыста буландыруды су немесе құм жылытқысында немесе талшықтас торында жүзеге асыру керек.
Ашық жалында қыздырғанда кәрлен-сұйық шекарасында температураның төмендеуі соншалықты үлкен болғандықтан ыдыс жарылып кетуі мүмкін.
Қыздыруға және сұйықты сақтауға арналған барлық кәрлен ыдыстарды ішкі жағынан жылтыратпамен қаптайды. Жоғарғы температурада кәрлен ыдыстың химиялық заттардың әсеріне төзімділігі көбінесе жылтыратпаның сапасына байланысты.
Қарапайым жылтыратпа құрамы бойынша шамамен жоғары құрамды SіO2 мен Al2O3 шыныға сәйкес келеді. Сондықтан оның ыстық қышқылдардың әсеріне тұрақтылығы кварц шынысымен бірдей, яғни фторсутек және фосфор қышқылдарынан басқа концентрлі минералды қышқылдар жоғарғы температурада әсер етпейді. Бірақ концентрлі сілті ерітінділерін қыздырғанда кәрлен ыдыстар тұрақсыз. Кәрлен ыдысты шыны ыдыс сияқты жуады.
Қыздыру және қарапайым операцияларды жүргізу үшін кәрлен стақандар шығарылады. Сұйықтарды буландыру үшін және заттарды кристалдау үшін буландырушы ыдыстар қолданылады. Кәрлен ыдыстардың қабырғалары қалың болғандықтан, оларды бірыңғай қыздыру керек, әйтпесе олар жарылып кетуі мүмкін. Құйма жасау, пісіру, күлге айналдыру және қыздыру үшін әртүрлі отбақыраштар қолданылады. Гуч отбақыраштары-түбі торлы және кәрлен пластинкалы кәрлен отбақыраштар химиялық белсенді заттарды сору мен сүзуге арналған. Тұнбаны сүзу үшін және ыстық және салқын жағдайда төмендетілген қысымда қатты заттарды сұйықтан бөлу үшін Бюхнер құйғысы қолданылады. Газдарды жинау, заттарды қыздыру, балқыту және күйдіру үшін Розе отбақырыштары қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет