Теклю жанарғысы - реттеуші дискісімен неғұрлым жақсы аспап, себебі онда тек қана ауаның келуін ғана емес газдың ағынын да реттеуге болады.
Газ ағынын бұранданың көмегімен реттейді. Ауа жоғарғы түтікке түтіктің конус тәрізді кеңейтілген негізі мен бұранданың қиындысына орнатылған диск арасындағы саңылау арқылы түседі. Дискіні айналдырып саңылау енін өлшеуге, осылайша жанарғыға ауа келуін реттеуге болады. Жылудың көп бөлігі газ толық жанғанда жарқырамайтын жалын түзілгенде бөлінеді. Ауа жетіспегенде оттек толық жанып кетпейді, бұл кезде қызған бөлшектері жалынның жарқырауын туғызатын көміртек бөлінеді.
Лабораториялық электр қыздырғыш аспаптар
Лабораториялық тәжірибелерде электр қыздырғыш аспаптар кеңінен қолданылады. Басқа қыздыру аспаптарынан олардың артықшылықтары-келетін жылу энергиясының мөлшерін дәл және температураны автоматты реттеуге, барлық жұмыс кеңістігін бірқалыпты қыздыруға, жұмыс кеңістігінде жану өнімдерінің болмауына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |