Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Кейбір химиялық аспаптардың құрамы мен қолданылуы



бет19/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

1.5. Кейбір химиялық аспаптардың құрамы мен қолданылуы
Лабораториялық қыздырғыш аспаптар

Жылудың келуі мен шығуы - айдау, ұшыру, балқымалардың түзілуі мен қатуы, мұздату, кристалдану және тағы сол сияқтылар арқылы жүзеге асады. Қыздыру мен суыту жылдамдық пен реакцияның жүру бағытын реттеудің маңызды құралдары болып табылады. Суыту - бөлме температурасында тез өзгеретін тұрақсыз заттарды алу, бөлу, сақтау үшін, сонымен бірге газтәрізді заттарды сұйықтарда еріту үшін, сұйытылған газдарды алу және т.с.с. үшін қажет.


Мұнда қыздыру мен суытудың жалпы жағдайлары, сонымен бірге осы операцияларды орындауға арналған құрал-жабдықтар қарастырылады.
Лабораторияда әртүрлі қыздырғыш аспаптар қолданылады: спирт және газ жанарғылары, электр плитасы, жылытқыштар, муфель пеші. Спирт жанарғылары әдетте шыныдан жасалады (8 сурет). Оған денатурацияланған спирт құйып, білтемен қамтамасыз етеді. Спирт жанарғылары өте ыстық жалын бермейді (9 сурет). Жұмыс істеп болған соң спирт ұшып кетпес үшін жанарғынының қақпағын жауып қояды.





қақпағы


түтік


білте


резер-вуар





әшық жалын


ыстық жалын
ыстық емес

Көптеген жұмыс- тарда газды Бунзен және Теклю [14-18] жанарғысын жиі қолданады. Жанарғының құры-лысымен танысу үшін түтікті бұраса

8-сурет. 9-сурет.
Спирт Жалын
шамы құрылысы

онда газ шығатын саңылауды көруге болады.

Жанарғыға ауа түтіктегі және сауыттағы саңылау арқылы келеді. Сауытты айналдырып, ауа кіретін саңылауды көбірек немесе азырақ жабуға, не ашуға, осылайша ауаның келуін реттеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет