Өлшемді өлшеуіш цилиндрлер сұйық көлемін өлшеуге арналған. Олар шүмекті және қырналған тығынмен, пластмассалы немесе көлемді шыны түрінде болып шығарылады.
Өлшектерді сұйықтардың көлемін өлшеуге және лай сұйықтарды тұндырып қоюға (тұнба тарылған бөлігінде жиналады) қолданады.
Өлшемді өлшегіш құтылар аздаған мөлшерде көлемді өлшеуге және химиялық операцияларды жүргізуге арналған. Оларды өлшеуіш цилиндрлермен бірдей қолдануға болады.
Кварц шынысынан жасалған лабораториялық ыдыстар
Кварц шынысы жоғары температураның әсеріне берік болады. Кварцтан жасалған ыдысты газды жанарғыда жалаң қыздырып, лезде суытуға болады.
Кварц шынысынан жасалған ыдыс температурасы 10000С-ға дейін қышқыл және бейтарап заттармен жұмыс істеуге қолданылады. Бірақ олар фторсутек (балқытқыш) және фосфор қышқылдарының әсеріне тұрақсыз. Сонымен бірге кварц шынысы кәдімгі шыныға қарағанда өте осал, тез сынғыш болады.
Мөлдір кварц шынысынан отбақыраш, тостаған, стақан, құты, сынауықтар және басқаларын дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |