Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет21/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Кедергі электр пештері


Электр энергиясын жылу энергиясына айналдыру тәсілі бойынша лабораториялық қыздырғыш аспаптар көбінесе кедергі аспаптарына жатады.
Лабораториялық кедергі пештері камералық (СНОЛ), түтікті (СУОЛ) және шахталық (СШОЛ) болып бөлінеді. Кедергі электр пештеріне сонымен бірге СНОЛ типті кептіргіш электр шкафтары жатады.
Кедергі электр пештерінің негізгі техникалық көрсеткіштері-жұмыс кеңістігінің өлшемі, қыздырудың максимал температурасы және температураны реттеу диапазонының шектері. Лабораторияда жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электр қондырғылардың металдық бөліктері және электр құрал-жабдықтардың қорабы жерге қосылған болуы керек. Жерге қосылмаған электр пештерімен жұмыс істеуге тиым салынады. Қондырғының жерге қосылатын әрбір элементі жерге қосушыға бөлек тармақтың көмегімен қосылуы керек. Жерге қосылатын өткізгішке электрқондырғының бірнеше жерге қосылатын бөлігін бірінен соң бірін қосуға тиым салынады.
СНОЛ тәрізді камералық лабораториялық кедергі электрпештері стационар жағдайында 900-11000С-ға дейін әртүрлі термиялық процестер мен аналитикалық жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады, СУОЛ және СШОЛ тәрізді электр пештері сонымен бірге металдарды балқытуға және 12500С-ға дейінгі температурада әртүрлі материалдарды термоөңдеуге арналған. Сонымен бірге лабораториялық СУОЛ типтес органикалық қосылыстардың элементтік анализіне және кварц түтігін қыздыруға, олардың ішіндегі органикалық қосылыстарды жағуға арналған түтікті кедергі электр пештері шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет