12. КҮКІРТ
№ 46 жұмыс. Күкірт аллотропиясы
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: кәрлен тостаған, сүзуге арналған қондырғы, жабуға арналған шыны, микроскоп, кәрлен отбақыраш, сағат шынысы, кристаллизатор, күкірткөміртек (CS2-отқа қауіпті!), S(ұнтағы).
|
1. Моноклинді күкірт.
Кәрлен отбақырашқа күкірт толтырып, оны жаймен балқытыңдар. (Балқыма отбақыраштың жартысына дейін болуы керек). Кристалдық қабықша пайда болғанша отбақырашты суытыңдар. Кристалдар ортасына жиналғанда, қатып үлгермеген күкіртті суы бар стақанға тез құйыңдар да, ұлғайтқышпен кристалдарды қарап, суретін салып алыңдар. Кристалдарды сағат шынысында күкірткөміртекте ерітіңдер. Күкірткөміртек ұшып кеткен соң, қайтадан түзілген кристалдардың пішінін көріңдер. Полиморфизм дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |